Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу

22 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Ағаш бетін көркемдеп күйдіру арқылы әртүрлі сурет бейнесін бейнелеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға технология пәнін бейнелеу өнері және сызу пәнімен тығыз байланысты екенін іс жүзінде көрсету
Білімділік мақсаты: Ағашты көркемдеп күйдіру технологиясын, әдістерін үйрету
Тәрбиелік мақсаты: Ағашты көркемдеп күйдіру, жасалу әдістерін үйретуге, шеберлікке, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып адамгершілік негіздеріне тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Ойлау, шығармашылық қасиетін, қол өнерді дамыту, сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс - әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалану.
Нәтижесі:: Ағашты көркемдеп күйдіру технологиясын, әдістерін үйренеді
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, сызу, геометрия, химия
Сабақтың түрі: Теориялық және практикалық
Пәнаралық байланыс: Сызу, бейнелеу өнері, биология.
Сабақтың көрнекілігі: Фанерге салынған суреттер, слайдтар, бұйым түрлері, технологиялық нұсқау картасы, интернеттен алынған суреттер
Құрал - саймандар: Күйдіру құрылғысы (аппараты), қолара, фанер, қалам, көшірме қарақағаз, сызғыш, құмқағаз, лак, қылқалам.

Сабақтың барысы
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу.
Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында бір - бірлеріне бүгінгі сабаққа жақсы тілек, сәттілік білдіру
Бүгінгі сабақтың ережесімен, тәртібімен таныстырып, берілген тапсырмадан ауытқып кетпеулерін түсіндіру.
Өткен сабақты қайталау:
Өткен сабақта өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады, оқушылар өткен сабақты қаншалықты меңгергендігіне қарай сұрақтарға жауап береді
1. Ағашты қазіргі уақытта қандай технологиялармен өңдейді?
2. Фанер, ДСП, ОSВ деген қандай материалдар

Жаңа сабақ.
Ағаш беттерін күйдіріп өңдеу туралы қысқаша мағлұмат берейік. Ағаш беттерін күйдіріп өңдеу өнерін «Пирография» деп атайды. Алғашқы уақыттарда ағашты күйдіру өнері көп қолданбаған, өйткені күйдіру аппараты болмаған. Ағашты күйдіру үшін темірді, инені отқа қыздыру арқылы қолданған. Бұл көп уақытты талап етеді. Уақыт өте өнертапқыштар тұрақты тоқ күшімен күйдіретін аппарат ойлап тауып «Пирография» өнерін одан әрі қарай дамытты. Бұл аппаратпен ағашты ғана емес сонымен қатар тері, сүйек, картон беттеріне күйдіріп сурет салуға болады. Қазіргі уақытта технологиялардың дамып бара жатқанына қарай «Пирография» өнері ұмытылып барады. Осы өнерді жаңғырту мақсатында осы сабақта ағаш бетін күйдіру арқылы, әр түрлі суреттерді бейнелейміз.

Жұмыстарды жасау кезінде сақтайтын техника қауіпсіздіктері:
1. Үстімізде жұмыс киімі болу керек.
1. Ара өткір болу керек.
2. Жұмыс барысында қолға қолғап кию керек.
4. Лактау кезінде бөлме ішінің терезесін ашып желдетіп отыру керек.
5. Жұмыс соңында қолды сабынмен жуып тазалау керек.

Сарамандық жұмыс: Бүгінгі сабақта біз ағаш бетіне ертегі кейіпкерін, құстар мен жануарлар суретін бейнелеп оны күйдіру әдісімен саламыз. Фанерді өлшем бойынша кесіп аламыз. Бізге керекті құрал жабдықтар.
1. Қол ара, қалам, сызғыш, №0 құмқағаз
2. Фанер өлшемі 300х400х0, 5мм.
3. А4 форматтағы әр түрлі ертегі кейіпкер, құстар, жануарлар суреттері.
4. Көшірме қара қағаз.
5. Күйдіру құрылғысы ( аппараты).

Кесіп алынған фанерді №0 құмқағазбен тазалаймыз. Тазаланған фанердің бетіне көшірме қарақағазды қойып үстіне А4 форматта орындаған суретімізді қоямыз. Үстінен үшкір қаламмен басып шығамыз. Дайын болған суреттің үстінен күйдіру аппаратымен күйдіреміз. Күйдіргенде сурет салу заңдылықтарын ескереміз блик (ең жарық жері), жарық, көлеңке және анатомиялық келбеті. Күйдіріліп болған суретті әрлеу жұмыстарын жүргіземіз. Ол үшін түссіз лак, қылқалам керек. Қылқаламмен лакты жағып шығамыз. Кепкеннен кейін, осы әдіспен 2 - 3 рет лак жағып шығамыз. Лактанған жұмысымыз 12 сағат кебу керек. Дайын болған жұмысымыз әдемі болу үшін, жиектеріне рамка жабыстырамыз.

Сабақты қорытындылау: Ағашты күйдіріп бейнелеу арқылы көптеген туындылар шығаруға болады.
Оқушылардан сабақ барысында алған әсерін, ой пікірін тыңдау.

Бағалау: Сабақ соңында барлық оқушылардың жұмыстарын қатар қойылып, оқушылар бір - бірінің жұмыстарына баға береді. Жақсы орындалған жұмыстарды атап өту.
Оқушылар: 1.Әдемілігі, 2.Композициясы, 3.Суреттің дұрыс күйдірілуі, критерийлерімен бағалайды

Кері байланыс: Бүгінгі сабақта алған әсерлерін стикерге жазып, бағалау ағашына іледі
Үйге тапсырма: Интернеттен, кітап - журналдардан құстардың, аңдардың әр түрлі суреттерін іздеп қарастыру.

Оңтүстік Қазақстан обылысы, Шымкент қаласы,
№55 жалпы орта мектебінің бейнелеу өнері,
сызу және технология пәні мұғалімі.
Назаров Батырхан Досболұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 451
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Ағаштан күрек жасау
Ағаштан күрек жасау
Бүгінгі күннің қажеттілігі – кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету.
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
"Көктем келді" М. Жаманбалинов "Көктем келді" М. Әлімбаев
Көктем келді өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік. - Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? - Ұяда қанша балапан бар дейді? - Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? - Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.