Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Трапеция

22 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Математика
8 - сынып геометрия
Сабақтың тақырыбы: ТРАПЕЦИЯ
Сабақтың мақсаты: 1. Трапецияға анықтама беру. Оның элементтері, түрлерімен таныстыру.
2. Трапеция тақырыбы бойынша берілген есептерді шығарып дағдылану.
3. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интер. тақта, карточкалар, кесте.

I. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысын тексеру, зейінін сабаққа аудару.
II. Үй жұмысын тексеру. Тапсырмалар интер/тақтада көрсетіледі (берілген сұрақтарды шешу)
1. Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм?(Тіктөртбұрыш)
2. Барлық қабырғалары тең параллелограмм?(Ромб)
3. Геометрияда дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем?(Аксиома)
4. Әкем жәшік құрады, үш өлшемнен тұрады?(Параллелипипед)
5. Геометрия неше бөлімнен тұрады?(Екі)
6. Ұн елесең елек, су тасысаң шелек?(Цилиндр)
7. Түбір астындағы үш қандай сан?(Иррационал сан)
8. Осы өзіміз оқып жатқан оқулық атауының соңғы әріпі?(Геометрия)

III. Жаңа сабақты түсіндіру (интер тақтада)
Анықтама: Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады. АД || ВС, табандары. АВ, СД - бүйір қабырғалары. Трапеция түрлері: 1) Бүйір қабырғалары тең болса, тең бүйірлі трапеция деп аталады. 2) Егер бір бұрышы 〖90〗^0 – қа тең болса тік бұрышты трапеция деп аталады. Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп аталады. Қарсы жатқан төбелерін қосатын кесінді трапецияның диоганалі деп аталады.

IV. Бекіту есептерін шығару.
Оқулықпен жұмыс. №65 есеп.
Бер: АВСД тр.<В=112,<Д=65. Т/к:Шешуі:
№68 Бер: АВСДтр. ВС, АД табандары.Шешуі:
№70 Бер: АВСД тр. ВС=8cм, АВ=CD=10 cм.Шешуі: АВК үшб. қар - зЖ. бы: 46 см.

№71 Бер: МNKL. <К=x,<М=у, x - у=56. Т/к: х, у -? Шешуі: х+у=180, х - у=56; 2х=236; х=118
У=180 - 118=62. Ж/бы: 62, 118.

Карточкамен жұмыс.
№1. 1) Трапецияның параллелограмнан айырмашылығы неде?
2) Тең бүйірлі трапецияның ерекшеліктерін ата?
№2. 1) Өзің білетін барлық дөңес төртбұрыштарды ата?
2) Трапецияның анықтамасын айт?
Өз бетімен жұмыс.
Тең бүйірлі трапецияның табанындағы бұрыштары тең болатынын өз беттеріңше дәлелдеңдер? Қол көтерген оқушы тақтаға дәлелдейді.

V. Қорытындылау. Эйлер - Венн диаграммасын толтыру.
Параллелограмм.
Трапеция.

Сергіту тапсырмасы: (жұмбақтар интер тақтада)
1) Дұрыс алты жақ.
2) Табандары көпбұрыш.
3) Басқа кисем бөрік.
Атын ойлап тап.
Жақтары төртбұрыш.
Сәнді сұлу көрік.
4) Египетте қаланған.
Пифагордан нәр алған.
5) Үрлейтін затпен аттас.
Атын ешкім таппас.
6) Түріктерге бас киім.
Өзгелерге бас бұйым.
7) Геометриялық дене.
Шелекке ұқсас неме.

VI. Үйге тапсырма:
VII. Бағалау
11 030
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Трапеция
Трапеция
Трапеция, оның түрлерімен және элементтерімен танысып, трапецияның элементтерін табуға есептер шығартып үйрету
Трапеция
Трапеция
Трапеция ұғымымен, оның түрлерімен және элементтерімен таныстыру. Трапецияның элементтерін табуға есептер шығаруды үйрету.
Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар
Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар
Тақырып: Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (квадрат, ромб, тіктөртбұрыш, параллелограмм, трапеция)
Трапецияға есептер шығару
Трапецияға есептер шығару
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы № 30 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Шепенова Ләззат
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Төртбұрыштар тақырыбын қорытындылау (геометрия)
Бибіжан Кәдіржанқызы Зайырбаева Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы Боровской селосы, Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Төртбұрыштардың аудандарына есептер шығару
Төртбұрыштардың аудандарына есептер шығару
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебі математика пәні мұғалімі Касенова Мариям Нұржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×