Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақшаларды ашып өрнектерді ықшамдау

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Класы: 6
Сабақтың тақырыбы: Жақшаларды ашып өрнектерді ықшамдау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа сабақты меңгереді, алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптасады.
Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген азамат тәрбиеленеді.
Дамытушылық: Талдау, салыстыра және ажырата білу қабілеттерін дамытады.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ұжыммен және жеке.
Сабақтың түрі: Дәріс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар
Сабақ жоспары:

І Ұйымдастыру.
ІІ «Математикалық лото» (үй тапсырмасын тексеру)
ІІІ Жаңа сабақ.
ІV Жаңа сабақты бекіту.
V Есептер шығару.
VІ Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. «Математикалық лото»
Жауаптары жазылған кесте дайындалып тақтаға ілінеді, ал тапсырмалар карточкаларын тұтас параққа дайындап, сыртына белгілі бір мазмұнды сурет салынып карточкаларға бөліп кесіледі. Карточканың бір бетінде сурет үзінділері, екінші бетінде тапсырмалар жазылған болады. Карточкалар жауаптарының кестесі тақтаға ілінеді, ал тапсырмалар карточкалары үстелдің үстінде сурет жағымен жоғары қарап жатады.
Жауаптар кестесі
- 2в 30ав 6, 3+3, 5в
6, 5х - 1, 3
Тапсырмалар карточкалары

ІІІ Жаңа сабақ 1 - жағдай. Егер алгебралық өрнектегі жақшаның алдында «+»таңбасы болса.
Мысалы: 7+(- 9а+4в - с)=7 - 9а+4в - с
Жақша алдында «+»таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың өз таңбалары сақталады.
а+(- в+с - d)=а - в+с - d
2 - жағдай: Егер алгебралық өрнектегі жақшаның алдында «-» таңбасы болса.
Мысалы: 4, 6 -(2а - 3в+7с)=4, 6 - 2а+3в - 7с
Жақша алдында «-»таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама - қарсы таңбамен алмастырылады.
а -(в - с+d)=а - в+с - d
Әріп бөліктері бірдей, тек қана коэффициенттері әр түрлі қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады.
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін олардың коэффициенттерін қосып, алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Мысалдар: 2, 3 - 7, 2а + 3, 8а - 4а = (2, 3 - 7, 2+3, 8 - 4) а = - 5, 1а
2, 5х - 3у + 1, 2z + 7х - 5z + 1, 8у = 9, 5х - 1, 2у - 3, 8z

ІV Жаңа сабақты бекіту:
Өтілген материалдарды бекіту, пысықтау сұрақтары:
1. Жақша алдында «+»таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
2. Жақша алдында «-»таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
3. Қандай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады?
4. Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіріледі?
Әрбір ракетаны өз орнына қондыр (интерактивті тақтамен орындайды)
3 (4 - а) а (- 5 + в) - 2 (3 + с)

V Есептер шығару:
№761(ауызша)
№762 №763
1) а+(в - с) =а+в - с 1) 4, 5х+2х= 6, 5х
3) m -(- n - k)=m+n+k 3) 5, 6у - 3+6, 1у =8, 7у
5) х -(- 3+у - z)=х+3 - у+z 5) - 4m - 4m+9, 9m=1, 9m
7) а -(в - с+d)=а - в+с - d
9) m -(- 2+n+k)=m+2 - n - k
№764
1) 1, 9(а+2) =1, 9а+3, 8
3)- 2(х - 0, 9)=- 2х+1, 8
5) 1, 3(а - в)=1, 3а - 1, 3в
№765
1) 0, 3 -(а - 2)=0, 3 - а+2=2, 3 - а
3) а+в -(а - в)=а+в - а+в=2в
Үйге тапсырма:
29 169
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару
Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіруге есептер шығару
Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырмасын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын тригонометриялық өрнектерді ықшамдауда қолдануды үйрету
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері, квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру ұғымдарын дамыту;
Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау
Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау
Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды анықтап, өмірде қолдану.
Жақшаларды ашу. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
Жақшаларды ашу. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
Қандай өрнектер теңбе тең өрнектер деп аталады? Мысал келтір. а(b+c)=ab+ac Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдайды?
Жақшаны ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Жақшаны ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Жақшаны ашу ережесін тұжырымдау, көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу. Жақшаны ашу ережелерін тиісті жағдайларда пайдалану
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×