Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 11 сыныптар үшін

31 мам 2012, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Түсінік хат

2011-2012 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 693 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде жүзеге асырылады.Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3 сәуіріндегі № 160 бұйрығымен,2009 жылғы 14 мамырдағы № 217 бұйрығымен анықталған.
«Математика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
Базалық білімнің негізгі компоненті ретіндегі математиканың мәні практикалық іс-әрекетте қолдану үшін қажетті,басқа оқу пәндерін зерделеу үшін,үздіксіз білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті нақты математикалық білімді игерту арқылы оның адамзат өркениетін,ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы,қазіргі ғылымдағы және өндірістегі рөлімен,сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы,олардың интеллектуалдық және басқа да сапаларын дамытудағы математикалық білімнің маңыздылығымен анықталады.
Математиканы оқыту:
- есептеу мәдениетін және есептеудің практикалық дағдыларын дамытуды;
- формальды-оперативтік алгебралық аппаратты және оны әртүрлі мәселелерді шешуге қолдана алу білігін меңгертуді;
- элементар функциялардың қасиеттері мен графиктерін оқытып-үйретуді,нақты тәуелділіктерді сипаттау және талдау үшін функционалдық-графиктік түсініктерді пайдалануды;
- статистикалық мәліметтерді ұсыну мен талдаудың негізгі тәсілдерімен,нақты болмыстағы статистикалық заңдылықтармен таныстыруды,қарапайым ықтималдық бойынша түсініктерді беруді;
- планиметрияның негізгі фактілері мен әдістерін игертуді және кеңістіктік түсініктерді дамытуды қамтамасыз етеді.
Соған байланысты оқу бағдарламасында оқушыларға білім алу тәсілдерін үйрету сияқты математиканы оқытудың барынша нақты дидактикалық міндеттері жүзеге асырылады.
Базистік оқу жоспарында жаратылыстану-математикалық бағытта математиканы оқытуға аптасына 4 сағат (11-ші сыныпта барлығы 136 сағат) бөлінген. Кез-келген бағдарда математикаға және оның қолданыстарына ынталанған оқушыларға қолданбалы курстарды ұйымдастыру арқылы математикаға бөлінген сағат санын арттыра алады.
Жаратылыстану – математикалық бағыттағы сыныптарды математиканы оқыту оқушыларға математиканы белгілі бір деңгейде меңгеруін талап ететін кез-келген оқу орындарында таңадаған мамандықтары бойынша білімдерін жалғастыруға қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуі қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 711
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021 жыл
1 - 4 - сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады:  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 - 2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5 – 9 - сыныптар)
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5 – 9 - сыныптар)
Оқу бағдарламасы Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика 5 – сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика 5 – сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Математика 5 – сынып (аптасына 6 сағат, барлығы 204 сағат)
Химиядан 2015-2016 оқу жылына арналған тақырыптық- күнтізбелік жоспар
Химиядан 2015-2016 оқу жылына арналған тақырыптық- күнтізбелік жоспар
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия - биология пәні мұғалімі Наурызбаева Гульназ Чапетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×