Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді мыңды жығады

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Білімді мыңды жығады.

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жан - жақты дамыту, ойлау қабілеттерін, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ұлтының салт - дәстүрін, мәдениетін, тарихын құрметтейтін азамат тәрбиелеу;
Түрі: талаптылар, білімділер сайысы.

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сайысқа 5 - 8 сыныптардан 1 оқушыдан қатысады, жан - жақты білімді, тапқыр оқушыны анықтау мақсатында сайысқа түседі.

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

А) Әділқазы алқасын тағайындау.
Ә) Қатысатын оқушыларды таныстыру.
Сәт сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер басталық,
Көрсетіңдер өнерді, қалмаңыздар жасқанып дей отырып, сапарымызды бастаймыз.

1 - тур. «Болашақ мектебім» суретшілер аялдамасы.
Әр оқушы тақырып бойынша сурет салып, тақырыбын қорғайды.
2 - тур. «Кім көп біледі?» білімпаздар аялдамасы.
Салт - дәстүр, тарихымызға байланысты сұрақтарға жауап беру.
3 - тур. «Өнерліге өріс кең» өнерпаздар аялдамасы.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Оқушылар өз өнерлерін ортаға салады.

4 - тур. «Сен білесің бе?» Тапқышбектер аялдамасы.
Математика пәні бойынша логикалық сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1) Бір санды 9 есе арттырғанда 27 шығады, ол қандай сан? ( 3 )
2) 7 цифрымен аяқталатын сан берілген. Ол 300 - ден артық 310 - нан кем. Берілген санды тап. ( 307 )
3) Бөлмедегі 6 үстелдің әрқайсысының 4 орындығы бар, 4 үстелдің әрқайсысының 2 орындығы бар және 3 үстелдің әрқайсысының 6 орындығы бар. Барлығы неше орындық бар? ( 50 )
4) Самат кішкентай кенгурулерді бояуда: көк, жасыл, қызыл, қара, сары, көк, жасыл, қызыл ары қарай осы ретпен...... Кішкентай 17 - ші кенгурудің түсі қандай? (жасыл)
5) 360000 секунд қанша сағатқа тең болады? ( 100)

5 - тур. «Жалғасын тап» мақалшылар аялдамасы.
Жазылған мақалдың жалғасын тауып айту.
1) Досы көпті жау алмайды,...
2) Білекті бірді жығар,...
3) Жеті жұрттың тілін біл,..
4) Отыз тістен шыққан сөз,...
5) Білгенің бір тоғыз,..
6) Екі жақсы қас болмас,..
7) Досыңды үш күн сынама,...
8) Бір елі ауызға -...
9) Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,...
10) Екі кеменің басын ұстаған.....

Қорытынды.
Келгенде жанға бақ күліп,
Сайысқа жаңа жақты үміт.
Әрқашан алда жүріңдер, мектептің даңқын арттырып.
Әділқазы алқасының шешімін жариялау
3 289
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Талапкерлер мен ақылшылар
Талапкерлер мен ақылшылар
Талапкерлер мен ақылшылар
Жұлдызды сәт
Жұлдызды сәт
ШҚО,Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Ш.Уалиханов мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Математикалық апталық (8 - 9 сыныптар арасында) Тақырыбы: «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» Мақсаты: Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×