Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

28 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
Мақсаты:
А) білімділігі: үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табуды, үшбұрыштың сыртқы бұрышын, олардың қасиеттерімен танысу.
Б) Тәрбиелілігі: оқуға жауапкершілікпен қарауға, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
В) Дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге қызығушылығын нығайту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
әдісі: түсіндірмелі практикалық
Сабақтың көрнекілігі: презентациялар, видеопроектор, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, оқулықты жауып қою.
II. Үй жұмысын тексеру
Математикалық диктант.
Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені қосатын кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны......... деп атайды.
Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні оның............ деп атайды.
Үшбұрыш бұрышының биссектрисасының қарсы қабырғаға дейінгі кесіндісі, оның осы бұрышының.......... деп атайды.
Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр кесіндіні оның.......... деп атайды.
Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын оның........... деп атайды.
Қабырғаларының ұзындықтары әр түрлі болатын үшбұрыш........... деп аталады.
Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш.............. деп аталады.
Үш қабырғасы өзара тең болатын үшбұрыш............ деп аталады.

III. Жаңа сабақ. Оқушылар! Барлығымыз үйден қағаздан қиып дайындап келген үшбұрыштарымызды алдымызға алайық.
Алдымен сүйір бұрышты үшбұрыштың үш бұрышын өлшейік. Үш шаманы қосамыз
Неше градус болды?
2 - ші теңбүйірлі үшбұрыштың бұрыштарын өлшеп, қосамыз.
3 - ші доғал бұрышты үшбұрыштың бұрыштарын өлшейміз. Үш бұрыштың шамасының қосындысы қанша болды?
Үш жағдайда да үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы 〖180〗^0болды. Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Сонымен, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы».
Дәптерімізге бүгінгі күннің жадын, тақырыпты жазып қоямыз.
Оқулықтың 53 - бетін ашып, 1 - ші теореманы оқимыз.
Үшбұрыштың сыртқы бұрышына анықтама беріледі.
5 салдардың №1,№2 - сінің дәлелдеуі тақтада көрсетіледі.
№148, №149 есептер ауызша шығарылады.
№153 есеп тақтада шығарылады.

IV. Бекіту сұрақтары:
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қандай шамаға тең?
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема не үшін қажет?
Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз не?
Үшбұрыштың сыртқы бұрышының шамасы неге тең?

V. Сергіту минуты: Шәкәрім Құдайбердиевтің жұмбағы:
Бір нәрседен үш сипат қылдым хайла,
Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда?
Бір сипатын ортадан кесіп алсам,
Орнында тағы болар екеу пайда.
Біреу деп кесіп алып тастағаным,
Үшеу болып жатады басқа жайда.
Жауабы: Бір қағазды қи - дағы үш бұрыштап,
Бір бұрышын ортасынан кес дұрыстап.
Қалған қағаз болады төрт бұрышты,
Үш бұрышты қиығын тұрсаң ұстап.

VI. Үйге тапсырма
VII. Сабақты қорытындылау, бағалау
9 065
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикадан 7 - сыныпқа арналған жылдық тест
Математикадан 7 - сыныпқа арналған жылдық тест
Егер үшбұрыштың бір бұрышы 28°- қа тең болса, және бір бұрышының сыртқы бұрышы 110 - ға тең болса, онда үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңыз.
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасына есептер шығару
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасына есептер шығару
Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасының қасиеттерін пайдаланып есептер шығаруға, пәнге қызығушылығын арттыру.
Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығы туралы теорема
Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығы туралы теорема
Үшбұрыштың орта сызығы деп оның екі қабырғасының орталарын қосатын кесіндіні атайды.
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы
Үшбұрыш. Үшбұрыштың түрлері
Үшбұрыш. Үшбұрыштың түрлері
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Гоголь орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Хайруллина Гульмира Батырбековна
Үшбұрыш және оның түрлері
Үшбұрыш және оның түрлері
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Сарат орта мектебінің математика пәні мұғалімі Картбаева Нурсая Айбатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×