Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Квадрат теңдеулерге есептер шығару

04 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Квадрат теңдеулерге есептер шығару
Мақсаты: 1. Квадрат теңдеулерді формула бойынша, екімүшенің квадратын айыру, іріктеу тәсілін пайдаланып есептеу.
2. Есептерді әртүрлі тәсілдер арқылы шешу, өткен материалды тереңдету.
3. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, танымдық белсенділігін арттыру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: химия, физика, география, биология
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Пысықтау сұрақтары:
а) Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
б) Квадрат теңдеудің дискриминанты деген не?
в) Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін?
г) Квадрат теңдеулердің түбірлерінің формуласын қорыту.
д) Виет теоремасын дәлелдеу.
3. Есептер шығарту (интерактивті тақтада)

№1 сұрақ: Химия
Экологиялық таза, келешектің отыны деп қай отынды айтады? Жауабы: сутегі газы
Түсініктеме: Сутегі отын ретінде жанғанда түтін, күл, күйе, улы газ бөлінбейді, тек су буы ғана түзіледі. Сондықтан оның қоршаған ортаға зияны жоқ.
Есеп: 3х²+11х - 4=0

№2 сұрақ Ақ металл айналады тыным таппай,
Жүргендей су бетінен орын жақпай.
Аздан соң суға сіңіп, жоқ болады
Оқушым, білесін бе металл қандай? Жауабы: Li
Түсініктеме: Сілтілік металдар Na, Li, K өте активті, сондықтан ол сумен шабыт әрекеттеседі, сутегі газын бөліп шығарады.
Есеп: 3х²+32х+80=0

№3 сұрақ: Физика
Мына құбылыстардың қайсысы физикалық құбылыс? Жауабы: автомобиль қозғалысы
Түсініктеме: Автомобиль қозғалысы - механикалық қозғалыс, себебі оның қозғалысын басқа бір денелермен салыстырамыз, уақыттың өтуімен ол кеңістікте өз орнын өзгертеді.
Есеп: ( х - 2)²=3131 - 2х

№4 сұрақ: Жаңбырдан кейінгі шалшық қандай күні тез кебеді? Жауабы: желді күні
Түсініктеме: Су бетіндегі молекулалар соққан желмен ауаға тез таралып кетеді.
Есеп: ( х - 2)²+48=(2 - 3х)²

№5 сұрақ: География
Қандай көл планетаның інжу - маржаны деп аталады? Жауабы: Байкал көлі
Түсініктеме: Картадан Байкал көлін көрсету. Байкал көлі - Батыс Сібірде орналасқан. Өлеңдер мен ертегілерде дәріптелген. Байкал - тау жоталарының арасындағы әсем, жер шарындағы ең терең көл. Ең терең жері - 1620 м, ұзындығы - 635 км, ені - 25 - 79 км - ге дейін. Байкалға үш жүзден аса үлкенді - кішілі өзендер құяды. Ал одан тек мол сулы Ангара ғана ағып шығады. Якут тілінен аударғанда «Бай көл»

№6 сұрақ: Биология
Қандай балықта қабыршақ болмайды? Жауабы: Жайын
Түсініктеме: Суретін көрсету. Жайын - жайындар тұқымдасына жататын балық. Балқаш көлінде, Жайық өзенінде, кішігірім өзен - көлдерде кездеседі. 40 жылдай тіршілік етеді. Ұзындығы 5 м, салмағы 300 кг - дай. Қазақстанда жылына 400 - 500 тонна жайын ауланады.
Есеп: х²+х - 56=0

№7 сұрақ: Қандай жануар бәрінен тез жүгіреді? Жауабы: Гепард
Түсініктеме: Суретін көрсету. Гепард - жыртқыш аң. Дене тұрқы 135 - 140 см, құйрығының ұзындығы 108 см, ұш жағы қайырыңқы болып келеді. Басқа мысық тұқымдастардан айырмашылығы: жүні қалың, теңбіл түсті, терісінің түсі сарғыш, биік таулы жерлерде еркін жүруге бейімделген, жүрісі жылдам, ұшқыр, жыртқыш аң. Қызыл кітапқа енген.
Есеп: х²+10х - 39=0

№8 сұрақ: « Теңдеудің түбірі дегеніміз - белгісізді өрнектейтін әріптің орнына қойып есептегенде теңдеу мүшелерінің бәрі жойылатындай жағдайға әкелетін сан.»Бұл нақыл сөздің авторы кім? Жауабы: И. Ньютон
Түсініктеме: И. Ньютон 17 ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы, физик, әрі математик. Физиканың механика бөліміне күштің 3 заңын тағайындаған, күннен таралатын сәулелердің 7 түрлі спектрін анықтаған. 23 жасында заңды шығарса да, ол 6 жылдан кейін жарыққа шыққан.
Есеп: 5х²+2х+7=0

4. Қорытынды бөлім.
а) Тест арқылы білімдерін тексеру.
б) Білім бағалау.
в) Үйге тапсырма беру
4 116
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Квадраттық теңдеу. Толымсыз квадраттық теңдеу
Квадраттық теңдеу. Толымсыз квадраттық теңдеу
• Квадраттық теңдеудің коэффициенттерін анықтау; • толық және толымсыз квадрат теңдеулерді ажыратып шығарып білу;
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін жинақтап, формулаларды есептер шығаруда пайдалана білу дағдыларын жетілдіру.
Квадрат теңдеулерді шешуді қайталау
Квадрат теңдеулерді шешуді қайталау
Анықтама ах ²+вх+с=0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады. Синоним. Теңдеу.
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару
Атырау қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің Математика пән мұғалімі: Қанатова Талшын Иватқызы
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №5 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Тлегенова Алуа Ескалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×