Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оң және теріс сандар

08 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Оң және теріс сандар
Сабақтың білімділік
мақсаты: Оқушыларға оң және теріс сандарды айыра білуді және қолдану жолдарын түсіндіру
дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін және математика пәніне қызығушылығын арттыру
тәрбиелік: Қазақстан болашағына деген сенімін және білімнің қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, бейнепроектор

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақты түсіндіру
3. Қорытындылау.
4. Бағалау.
5. Үйге тапсырмалар беру.
1. Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңдар.
Бүгінгі сабақта кім кезекші?
Жауап:
Кім сабақта жоқ?
Жауап:
2. Дәптерлерімізді ғана ашайық та бүгінгі күнді және тақырыбымызды жазайық, ол « Оң және теріс сандар»
Нәрселерді санау барысында, шамаларды өлшегенде біз
натурал сандарды, ондық және жай бөлшектерді пайдаланамыз.
Бірақ математикада, география, физика пәндерінде кейбір шамалар тура мағынасы, тура бағытымен бірге қарама - қарсы бағыты мен мағынасы да болады. Тура мағыналы сандардың алдына «+», ал қарама - қарсы мағыналы сандардың алдына «-» таңбаларын қоямыз.
Компьютерден презентация жүреді.
1 слайд: Мысалы ауа шарлардың, ұшақтардың, ғарыш кемелердің биіктігін анықтағанда біз оң сандарды пайдаланамыз, яғни ғарыш кеме үшін ол +1000 км, ұшақтар үшін ол +20 км, ал тау шыңдары үшін +7 км.
2 слайд: Әр түрлі жерлердегі қара топырақтың тереңдіктері үшін теріс сандарды пайдаланамыз. Тундрада ол «- 10см», шымтезекті топырақта ол «- 20см», ал қара топырақ ауданында – «- 70см» болады.
3 слайд: Серіппенің созылуы оң санмен, ал сығылуы теріс санмен беріледі.
4 слайд: Термометрде ауа райының суықтығы теріс сандар, ал жылы болуы оң сандармен өрнектеледі.
5 слайд: +1000, +20, +7 – оң сандар, - 10, - 20, - 70 – теріс сандар.
6 слайд: Өрнектерде оң сандардың жазылуы
+9, 5а – 10в + 6 өрнегін 9, 5а – 10в + 6 түрінде жазамыз
+7, 5х: 3 – 20у + 12z өрнегін 7, 5х: 3 – 20у + 12z түрінде жазамыз
7 слайд: Өрнектерде теріс сандардың жазылуы
9:(- 3), 12 – (- 6), 92 *(- 5), 101+ (- 91) – теріс сан қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының кейін жазылғанда.
(- 18) + 62х өрнегін - 18 + 62х түрде жазуға болады.
8 слайд: 0 саны – оң да, теріс сандарға да жатпайды
Шамалардың сан мәндерін айқындағанда санақ басы
ретінде алынады
Балалар қазір біз екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ «Оң сандар», ал екінші топ «Теріс сандар» боласыздар.
Кітаппен жұмыс
Ал енді кітаптарымыздың 64 бетін ашамыз № 263 ауызша істейміз.
Жауаптары: Петропавлда - 3 суық.
Қостанайда - 2градус суық
Астанада - 3 градус суық
Шымкентте -+5 градус жылы
Алматыда -+1 градус жылы
Жезқазғанда -+2 градус жылы
№ 264
1) +20; 2) - 16; 3) +5; 4) +12:
5) - 28000; 6) +175000 7) - 3; 8) - 9;

Сандар туралы мақал - мәтелдер сұрау.
«Бір жылы сөз бір күнге ұзақ»
«Ерке бала - екі жырлар»
«Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді»
«Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды»
«Бес бармақ жиналса, жұдырық болады»

№266
Кестемен жұмыс
№267
Жауабы: +20; +20; +30;
№268
1) +15 3) +7 5) +2
2) - 32 4) +28 6) - 5
Сабақтың қорытындысында: Бейне сұрақтар.
Үй тапсырмасы: документ ретінде №273, №274, №275
Бағалау парағының көмегіме оқушыларды бағалау
Бақылау парағы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 939
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Математика 6 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Математика 6 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 6 сынып / 204 сағат /
Оң сандар және теріс сандар
Оң сандар және теріс сандар
Оң және теріс сандармен жұмыс істеу арқылы түсініктерін дамытады, есеп шығаруда жаңа ойлар қалыптастырады
Оң және теріс сандар. Координаталық түзу
Оң және теріс сандар. Координаталық түзу
Оң және теріс сандарды координаталық сәуледе кескіндеу, математикалық сөйлеуге машықтану, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу дағдысын қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету.
Оң сандар және теріс сандар
Оң сандар және теріс сандар
Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады Координаталық түзуді пайдалану арқылы координатарды енгізуді дұрыс орындайды. Оң сандар және теріс сандар. Координаталық түзудің
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептер шығару
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептер шығару
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептерді шығаруға үйрету. Есеп шығару қабілеттерін дамыту. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×