Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тақырыбын қорытындылау

29 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көпмүше және оларға амалдар қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді қайталай отырып есеп шығару біліктіліктерін пысықтау;
Дамытушылық: оқушының ой - өрісін, сана - сезімін қалыптастыру, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау;
Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: білімді жинақтау, қорытындылау сабағы.
Сабақтың түрі: аралас, сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың көрнектілігі: интербелсенді тақта, тест тапсырмалары салынған слайдтар.
Жаңа технология түрі: деңгейлеп – саралап оқыту.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысымы мен дайындықтары тексеріліп, сынып үш топқа бөлінеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардың үй тапсырмасын тексереді.
3.»Танымдық» сайысы. Сұрақ - жауап.
4.»Ойлан, тап». Ауызша есептеу.
5. Біліктілік сайысы. Тестік жұмыс.
6.»Кім жылдам?» сайысы. Есептер шығару.
7. Топ жетекшілер сайысы. Оқулықпен жұмыс.
8. Логикалық сұрақтар. Сергіту сәті.
9. Бағалау, қорытындылау.
10. Үйге тапсырма.

3.»Танымдық» сайыс.
1. Көпмүшені дегеніміз не?
2Көпмүшенің дәрежесі дегеніміз не?
3. Көпмүшенің мүшелері дегеніміз не?
4. Көпмүшелерді қалай қосамыз?
5. Бір көпмүшеден екінші көпмүшелікті азайту дегеніміз не?
6. Бірмүшені көпмүшеге көбейту дегеніміз не?
7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту дегеніміз не?
8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не?
9. Көпмүшені көбейткіштерге қалай жіктейміз?

4.»Ойлан, тап» сайысы. Ауызша есептеу
1. а2(2a - 3)
2. 5a+(13 - 2a)
3. 7 -(3c+4)
4.(4b+1)- 4b
5. 2x(x2+3x - 6)
6.(3y - 5) 2y2

5. Біліктілік сайысы. Тестік жұмыс
1. Ұқсас бірмүшені көрсет:
1) 7xy; 2)- 15; 3) 3xy; 4)- 15xy
A. 1, 3 Ә. 1, 3; 2, 4 Б. 1, 4
2. Қай өрнек көпмүше бола алмайды?
1) 5c+a;
2) 3x2+y+1;
3) 7c2b2
A. 1, 2 Ә. 3 Б. 2, 3
3. Берілген көпмүшені стандарт түрде жаз:
y3y5 - 3yyy5+9a2
А. у8 - 1, 5y3+9a2;
Ә. y8 - 15y3+9a2;
Б. y15 - 15y3+9a2
4. Жақшаны ашып, ұқсастарын біріктір:
13+(5b - 13)
A. 26+5b;
Ә. 5b;
Б.- 5b+26
5. Ықшамда: 11x -(3 - 7x)
A. 18x - 3; Ә. 4x+3; Б. 4x - 3
6. Көбейтуді орында: 7(c+2)
A. 7c+2; Ә. 7c; Б. 7c+14
7. Көбейтуді орында: 2a2(5 - a)
A. 10a2 - 4a2;
Ә. 10a2 - 2a3;
Б.- 10а3

6.»Кім жылдам?» сайысы. Есептер шығару
1. Көбейткіштерге жікте:
a) c(a - b)+d(a - b); ә) x(y+k)+z(y+k); б) 2(c - 1)+y(c - 1)
2. Көбейтуді орында:
a)(a+b)(x - y); ә)(a+b)(a+2); б)(m - n)(p+q)
3. Көбейткіштерге жікте:
a) ax+ay+bx+by; ә) ab+2b - 2a - 4; б) 3х - 3у+ах - ау

7. Топ жетекшілер сайысы. Оқулықпен жұмыс.
3 деңгей жаттығулары орындалады
№145, №146, №148
8. Логикалық сұрақтар. Сергіту сәті
1. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүреді. Осы уақыттың ішіндебір ат қанша жол жүреді.
2. Ұшақпен екі қаланың арасын 1 сағат 20 минут ұшты. Ал қайтарда осы аралықты 80 - ақ минут ұшты. Бұл қалай?
3. Тауық бір аяғымен тұрғанда 4кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг болар еді?
4. 2, 5 таяқтың неше ұшы бар?
5. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғай атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?
6. 20 минут 1 сағаттың қандай бөлігі?
9. Бағалау, қорытындылау
Оқушылар бағалау парақтарына алған ұпайлары бойынша қорытынды жасап, бағаларын қояды.
10. Үйге тапсырма. Бақылау жұмысына әзірлену.
12 268
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Квадрат теңдеулер, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу, квадрат үшмүшені көбейткішке жіктеу ұғымын дамыту;
Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы есептер шығару
Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы есептер шығару
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде ортақ көбейткіштерді жақша сыртына шығару, топтау тәсілдерін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу жайлы түсінік алады, оны шығаруда пайдаланып көбейткіштерге жіктеуді үйренеді.
Анықталған интеграл. Ньютон - Лейбниц формуласы
Анықталған интеграл. Ньютон - Лейбниц формуласы
Интегралды есептеу үшін Ньютон - Лейбниц формуласын қолдану бойынша білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, білімдерін нақтылау.
Көпмүшені көпмүшеге көбейту, көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу
Көпмүшені көпмүшеге көбейту, көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық " №3 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ математика пәні мұғалімі: Рахимова Панат Советовна
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әмірбекова Гаухар Мақсұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×