Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Озық ойлы оқушы" сайыс сабақ

29 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту, математикалық терминдерді білу, және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: модульдік технологияны қолдану, логикалық және ауызша есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, сауалнама, тест сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар, формулалар, геометриялық фигуралар, топтарды анықтайтын атау көрсеткіштері, реттік номерлер.
Сабақтың ерекшеліктері:
1. Оқушылардың сабаққа өз еркімен белсене қатысуы.
2. Оқушылардың өз білімдерін көрсете білуі.
3. Оқушылардың есептерді бірігіп, талдап шешу жолдарын іздестіруі.
4. Оқушылардың топпен жұмыс істеуі.
5. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дамуы.
6. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы
Сабақтың жоспары:
1 - бөлім. Үй тапсырмасы.
1. Топтық атауларына тарихи мәлімет.
2. Математика мақал - мәтелдерде.
2 - бөлім. Бәйге.
Сұрақтарға жауап алынады.
3 - бөлім. Формулалар сыры.
Тақтада ілінген формулаларды дұрыс тауып көрсету.
4 - бөлім. Ой сергіту.
Логикалық есептер бойынша деңгейлік өзіндік жұмыс.
5 - бөлім. Ұқсасын тап.
Геометриялық фигуралардың ұқсастығын анықтау.
6 - бөлім. Тест. «Біліміңді байқап көр».
Сауалнама арқылы жауап алынады.
7 - бөлім. Ойшылдар ауылы.
«аксиома» және «квадрат» сөздерінің әр әрпімен математикалық термин құрап жазу.
8 - бөлім. Топ басшыларының сайысы. «Жекпе - жек».
Берілген сандар арқылы торкөздерді толтыру нәтижесінде қосындысы, вертикаль, горизонталь, диагоналдары бойынша бір сан шығуы керек.
Сайыс басталмас бұрын оқушылар әділ - қазылар алқасымен және интербелсенді тақтада көрсетілген сабақ жоспарымен таныстырылады.
Сабақтың барысы:
1бөлім. Үй тапсырмасы:
1. Әрбір топ жетекшілері өз тобының атауына тарихи мәлімет береді.
2.»Математика мақал - мәтелдерде» айдары бойынша екі топ мүшелері математикаға байланысты мақал - мәтелдер айтып жарысады.
2 бөлім. Бәйге. Сұрақ - жауап.
Екі топқа кезек - кезек сұрақ оқылады.
Сұрақтар:
1. Шеңбердің центрін оның кез келген нүктесімен қосатын кесінді.
2. Үшбұрыш төбесін қарама - қарсы жатқан қабырға ортасымен қосатын кесінді.
3. Дәлелдеуі қажет ететін тұжырым.
4. Квадрат функцияның графигі.
5. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш.
6. Бағытталған кесінді.
7. Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатысы.
8. Тік бұрыштан кіші бұрыш.
9. Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді.
10. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым.
11. Көпбұрыштардың барлық қабырғаларының қосындысы.
12. Барлық бұрышы тік ромб.
13. Шеңбердегі ең үлкен хорда.
14. Бір минутта неше секунд?
15. Қарапайым геометриялық ұғым.
16. Бір ұшы шектеулі түзу.
17. Бір ғасырда неше жыл?
18. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатысы.
19. Санның жүзден бір бөлігі.
20. Тік бұрышта үшбұрыштың шамасы.
21. Бұрышта өлшеуге арналған құрал.
22. Бір метрде қанша сантиметр?
23. Миллион қанша нөлмен жазылады?
24. Қайсысы үлкен: 2м немесе 201 см?
25. Шеңбер салуға пайдаланылатын құрал.
26. Көбейтінді қай кезде нөлге тең?
27. Қайсысы кіші: 2/5 немесе 0, 5?
28. Шеңбер радиусы 6см. Диаметр қанша?
29. 20 минут бір сағаттың қандай бөлігі?
30. Ең үлкен екі орынды сан.
3 - бөлім. Формулалар сыры.
Интербелсенді тақтада көрсетілген формулаларды атап, түсіндіріп береді.
Формулалар:
1. С=2пR - шеңбер ұзындығы.
2. S=пR2 - дөңгелектің ауданы.
3. S=pl - призманың бүйір бетінің ауданы.
4. V=abc - тік бұрышты параллелепипед көлемі.
5. V=SH - призма көлемі.
4 - бөлім. Ой сергіту.
Логикалық есептер бойынша деңгейлік өзіндік жұмыс орындайды, әр топ үшін үш тапсырмадан.
1 - деңгей
1. Жұмадан кейін 19 тәуліктен соң аптаның қай күні сәйкес келеді.
2. Баспалдақтың екеуін бірден аттағанда, біреуден аттағаннан гөрі 10 адым кем болды. Сонда неше басқыш болғанын анықтаңыз.
2 - деңгей
1. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз: 720, 144, 36,?
2. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз:
25=425; 78=4964; 32=94; 91=811; 43=?
3 - деңгей
1. Таразы табақшасының 1 жағында 6 апельсин, ал екінші жағында 3 қауын салынған. Егер тура сондай 1 қауынды апельсинге қосса, онда таразы басы теңеледі. Яғни қауынның салмағы неше апельсинге тең болады?
2.»Егер менде қазіргі бар алмаға қарағанда 4 алма артық болса, онда менің алмам сендегіден 2 есе артық болар еді»,- деді Талғат Самалға. Егер балалардың екеуінде барлығы 26 алма болса, Самалда қанша алма болғанын анықтаңыз.
5 - бөлім. Ұқсасын тап.
Интербелсенді тақтада үшбұрыштар көрсетіледі.
1. суреттен тең үшбұрышты реттік номерлерді пайдаланып көрсету керек;
2. берілген суретте неше үшбұрыш бар екенін реттік номерді пайдаланып көрсетеді.
6 - бөлім: Тест «Біліміңді байқап көр»
Алдымен ойыншыларға сауалнама таратылады. Белгіленген уақыттан кейін, тест тапсырмалары интербелсенді тақтада көрсетіледі, дұрыс жауаптарын табады.
Тест тапсырмалары.
1.»Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы». Бұл сөздің авторы кім?
А) К. Гаусс; Ә) Әл - Фараби; Б) Евклид.
2.»Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін - математика, сондықтан да оны оқу керек». Бұл сөздің авторы кім?
А) К. Маркс; Ә) М. В. Ломоносов; Б) Р. Рекорд.
3. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым кім?
А) Бируни; Ә) Әл - Фараби; Б) Хорезми.
4.»Негіздер» деп аталатын математика оқулығын жазған грек ғалымы кім?
А) Пифагор; Ә) Евклид; Б) Фалес.
5.»Миллион» ұғымын қазақ жеріне алғаш таратқан кім?
А) Ұлықбек; Ә) Ы. Алтынсарин; Б) Әл - Фараби.
6.»Табиғаттың ұлы кітабы математика символдарымен жазылған». Бұл сөздің авторы кім?
А) Г. Галилей; Ә) Ф. Энгельс; Б) П. Ферма.
7. Интеграл таңбасын ең алғаш ұсынған кім?
А) М. В. Ломоносов; Ә) Лейбниц; Б) Эйнштейн.
8. Логарифмді ойлап шығарған кім?
А) Ч. Беббидж; Ә) К. Берри; Б) Д. Непер.
9. Ноль - қай елдің сөзі?
А) Араб; Ә) Үндістан; Б) Грек.
10. Алгебра қай елдің сөзі?
А) Неміс; Ә) Орыс; Б) Араб.
11. Координаттар жүйесін ең алғаш енгізген адам кім?
А) Р. Декарт; Ә) Ф. Виет; Б) П. Ферма.
12. Үтірді математикалық белгі ретінде енгізген кім?
А) Лейбниц; Ә) Р. Декарт; Б) И. Кеплер.
7 - бөлім. Ойшылдар ауылы.
Әр топ өздеріне берілген «аксиома» және «квадрат» сөздерінің әр әрпімен математикалық термин құрап жазады, бір атау екінші рет қайталанбауы тиіс.
К - квадрат А - аудан
В - вектор К - катет
А - абцисса С - сәуле
Д - диаметр И - икс
Р - радиус О - ось
А - анықтама М - масштаб
Т - теорема А - апофема
8 - бөлім. «Жекпе - жек». Топ басшыларының сайысы.
Берілген сандар арқылы тор көздерді толтыру нәтижесінде қосындысы - вертикаль, горизонталь, диагоналдары бойынша бір сан шығуы керек.
Қорытынды: Сайыс соңында әділ қазылар ұпайлар санын санап, қорытынды шығарғанша, математикалық фокустар көрсетіледі.
Әр топтың жиналған ұпайлары ашық түрде саналып, орындары анықталды.
Топтарды марапаттау үшін алдын - ала дайындалған мақтау қағаздары әр топ басшысына тапсырылып, марапатталды.
6 574
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары
5 - 7 сыныптарға арналған математика пәнінен факультатив жоспары Тақырыбы: Математиканың сан сырлары
Дифференциалдауға есептер шығару.
Дифференциалдауға есептер шығару.
Оқушылардың туынды, туындыны есептеу ережелері, күрделі және тригонометриялық функциялардың туындысы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Теңдеулер мен теңсіздіктер (тақырыптық жоспар 7 сынып)
Тараз қаласы №51 орта мектеп Құрастырған: математика пәні мұғалімі Нұрсейтова Айнаш Қанафинқызы
Жай бөлшектерді азайтуға есептер шығару
Жай бөлшектерді азайтуға есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Сапақкөл орта мектебінің математика пәні мұғалімі Рахметқалиева Нұртолған
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Трапеция
Трапеция
ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы,М.Әуезов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қали Орынтай Төкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×