Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшектерді қосу

13 маусым 2014, Жұма
Категориясы: Математика
Ондық бөлшектер натурал санға ұқсас және есептеулер жүргізуге ыңғайлы болғандықтан, ғылымдағы, өндірістегі, күнделікті өмірдегі есептеулерде жиі пайдаланады. Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылатын сандар болғандықтан, оларды қосу натурал сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.

Сыныбы: 5
Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар; математика оқулығы 5 сынып; Әдістемелік нұсқаулық
Жалпы мақсаттар:
1. Ондық бөлшектерді қосуға өз бетінше үйрену.
2. Теориялық білімдерін практикада қолданып есептер шығару шеберліктерін арттыру;
3. Жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер:
1. Тақырыпты меңгеріп, алған білімін өмірде пайдалана алады.
2. Өз бетінше ережелерге сүйене отырып берілген есептерді шығара алады.
3. Білім деңгейлеріне байланысты тапсырманы орындай алады.
4. Өзін өзі бағалап, реттеуге үйренеді

Түйінді идеялар:
Ондық бөлшектерді қосу үшін:.... (ережені қолдана білу)
Орындалатын іс - әрекеттер:
Мұғалімнің орындайтын іс - әрекеттері:
Оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлу. бағалау парағын тарату.

Топ ережесімен таныстыру:
1. Тыныштық сақтау
2. Уақытты үнемдеу
3. Өзгені де, өзіңді де тыңдай білу
4. Бір біріңе көмектесу
5. Ұйымшыл болу, бірлесіп жұмыс жасау

Дескрипторлар (бағалау критерийлері):
1. Ондық бөлшектерді жазуды, қосуды орындай алады.
2. Өз бетінше ережелерге сүйене отырып берілген есептерді шығара алады.
3. Білім деңгейлеріне байланысты тапсырманы орындай алады.
4. Тақырыпты меңгеріп, алған білімін өмірде пайдалана алады.

2. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін слайд арқылы тексеру.

3. Үй тапсырмасын тексеру
Жай бөлшектердің бөлімдері 10, 100, 1000 болатын, алымдары әртүрлі жай бөлшектерді қосуға есеп құрастып келу.
Жаңа тақырыпқа кіріспе: үй тапсырмасындағы есептерді ондық бөлшекпен жазып қосуды орындап көрейік.

4. Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру
Постермен жұмыс. (әр топқа постер таратылады)
Кітаптағы ережелерді қолдана отырып, қосындыны орындаңдар.
Ондық бөлшектерді қосып, тиісті орындарға қою. Мәнін тексеру.
Постерді әр топ жеке қорғайды.
Бағалау парағына топтық жұмыстың нәтижесін қояды.

6. Сабақты бекіту
Деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Үй жұмысын, топпен жұмыс істегенде, жаңа тақырыпты меңгеруде белсене қатысқан оқушыларға бір ұпай қосылады.

1, 2, 3 - Тапсырманы орындағандар - 3
1, 2, 3, 4 - Тапсырманы орындағандар - 4
1, 2, 3, 4, 5 - Тапсырманы орындағандар - 5

Деңгейлік тапсырма:
1. Қосуды орындаңдар:
0, 7+1, 2;
18, 36+7, 14;
2. Ондық бөлшектерді қосыңдар:
25, 6+0, 41+1, 02;
56+0, 37+1, 12;
3. Орам матадан1, 5 метр мата сатылғанда, 6 метр мата қалды. Орамда алғашқыда неше метр болған?
4. Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазып орындаңдар:
25/100, 5/10, 15/100
5. Бөлшектерді салыстырыңдар: 1, 5+0, 6 және 2, 3;
35, 01+1, 3 және 40, 5

7. Қорытындылау, бағалау.
Өзін - өзі бағалау. Өзін деңгейіне сәйкес бағалай біледі. Топтық бағалау.

Рефлексия (кері байланыс)
Оқушылар сабақ бойынша бірін бірі бағалайды және өз пікірлерін стикерлерді тақтаға жапсыру арқылы білдіреді.
8. Үйге тапсырма
4 367
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Математика 5 сынып Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы
Ондық бөлшектерді қосу
Ондық бөлшектерді қосу
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×