Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын қақпа (сайыс сабақ)

24 қыркүйек 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін, білім, білік дағдыларын дамыту.
Түрі: ойын сабағы.
Көрнекілігі: Қақпалар, нақыл сөздер, шарлар, кестелер.

1. Ұйымдастыру.
2. Ойын
А) Тас қақпаны ашу;
Б) Күміс қақпаны ашу;
В) Алтын қақпаны ашу.
3. Жеңімпазды анықтау.
4. Қорытындылау.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар мен «Алтын қақпа» ойынына қатысушы ойыншылар!
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір - бірімен жатқан шулап, жалғасып,
Бір - бірімен жатқан тулап, арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық, - деп ақын жырлағандай бүгінгі 10 сынып оқушылары арасынан жүйрікті алға шығарайық. Бұл ойынды бәріміз білеміз. Ойынды бастау үшін мен сіздерге сұрақтар қоямын, оның жауабын кім бірінші болып айтса сол оқушы ойынды бастайды.
Жүргізуші: Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті, әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (Жауабы: 15 км/сағ)

Жүргізуші: Сонымен алғашқы ойыншымыз ортада, өзіңізді таныстырып өтсеңіз. (оқушы өзі туралы айтады)

Жүргізуші: Тас қақпаны ашу үшін алдыңыздағы үш сұрақтың бірін таңдаңыз. (сұрақ нөмірі айтылады)
Жүргізуші: Ендеше сұрақты тыңдаймыз, ойланып дәл жауап беруіміз керек.
Сұрақ қоюшы: Құрметті «Алтын қақпа» ойыншысы, сізге қоятын сұрағым: екі санның қосындысы 8, айырмасы 2, көбейтіндісі 15. Осы сандарды табыңыз. (ойыншы жауабын береді)
Жүргізуші: Жауабыңызды қабылдап, дұрыс жауабын тыңдаймыз.
Сұрақ қоюшы дұрыс жауабын оқиды. (5; 3). Тас қақпа ашылды.

Жүргізуші: Тас қақпа ашылып, күміс қақпаға да жеттік, сұрақты тыңдаңыз.
Сұрақ қоюшы: Құрметті «Алтын қақпа» ойыншысы, сізге қоятын сұрағым: түнгі сағат 12 - де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күн көруге бола ма?
Жүргізуші: Жауабыңызды қабылдап, дұрыс жауабын тыңдаймыз.
Сұрақ қоюшы дұрыс жауабын оқиды: жоқ, 72 сағат - 3 тәулік, ол түнгі мезгіл. Жауап дұрыс болса, күміс қақпа ашылады.
Жүргізуші: Күміс қақпаны да аштық, ары қарай «Алтын қақпаны» ашуға қалайсыз. (ойыншының келісімімен келесі қақпаны ашуға болады)

Жүргізуші: Ал ендеше «Алтын қақпаға» жақындайық (әдеттегідей сұрақ таңдалады)
Сұрақ қоюшы: Құрметті «Алтын қақпа» ойыншысы, сізге қоятын сұрағым: Миллион сөзін қазақ арасына жеткізуші ағартушы ғалым кім? (ойыншы жауап береді)
Жүргізуші: Жауабыңызды қабылдап, дұрыс жауабын тыңдаймыз.
Сұрақ қоюшы дұрыс жауабын оқиды: Миллион сөзін қазақ арасына жеткізуші ағартушы ғалым Ы.Алтынсарин.
Жүргізуші: Алтын қақпада ашылды. Ендігі кезек «Алтын қақпа» ішіндегі «Алтын сандықты» ашу, оған қалай қарайсыздар. (ойыншының келісімімен жалғасады)
Сұрақ қоюшы: «Алтын қақпа» ойыншысы, сізге қоятын сұрағым: Үш жарым таяқтың неше ұшы бар? (ойыншы жауап береді)
Жүргізуші: Жауабыңызды қабылдап, дұрыс жауабын тыңдаймыз.
Сұрақ қоюшы дұрыс жауабын оқиды: 3, 5 таяқта 8 ұш болады.

Жүргізуші: Алтын қақпаның алтын сандығын да аштық, сонымен бүгінгі «Алтын қақпа» ойынының жеңімпазы 10 сынып оқушысы --------------------------- құттықтаймыз.
Жүргізуші: Ойынымыздың соңыда 10 сынып оқушысы ----------------------- ән шырқайды.

Қорытындылау.
Ескерту: Бұл ойынға бірнеше оқушы қатысады, соған қарай сұрақтарды да көбейтуге болады.
4 794
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын қақпа ойыны
Алтын қақпа ойыны
Оқушылардың төрт түлік мал туралы білгендерін бір жүйеге келтіріп, толықтыру. Олардың адам баласына тигізер пайдасы туралы айту.
Алтын қақпа
Алтын қақпа
Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Білімдіге биіктен орын
Білімдіге биіктен орын
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Ермекбаев Қайсар Қамбарбекұлы
Пысықтау (10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту)
Пысықтау (10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту)
ШҚО, Аягөз қаласы, «К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш кластар мұғалімі Қызжанова Гүлия Каримовна
«Ақтау- Астана» бағыты бойынша «Мектеп - білім» математикалық ойыны
«Ақтау- Астана» бағыты бойынша «Мектеп - білім» математикалық ойыны
Математика пәні мұғалімі Избасарова Сандеш Тулегеновна
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×