Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық эстафета

27 қыркүйек 2014, Сенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға логикалық, викториналық т. б есеп түрлерін шығарудың шапшаң түрлерін ойын арқылы үйрету
Дамыту: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, адамгершілікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: сыныптан тыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сабақтан тыс «2050 жылға сапар» есептерін шығарту
Сабақтың көрнекіліктері: доп, маркер, карточкалар, тақта, плакатқа жазылған есептер жиыны

Сабақтың барысы:
Мұғалім: Балалар, математикалық эстафета ойынымызды бастайық. Бүгінгі эстафеталық ойынымызды «2050 жылға сапар» деп атап отырмыз, Осы сапардан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін!
1 - жүргізуші: «2050 жылға сапар» математикалық эстафеталық ойын сабағы 5 кезеңнен тұрады.
1. Екі топтың танысуы:
Әр топтың аты, ұраны болуы керек (5 ұпай)
2. «Жекпе – жекке» шақыру. Топ басшыларын жарыстыру
3. Ойын түрлерін өткізу. Эстафеталық жарыстар арқылы екі топ жарыса бара, тақтада дайын тұрған есептерді шешу арқылы қайта жарысып орындарына келу керек
4. «Бәйге» сайысы. Жұмбақ, мақал – мәтелдер айту сайысы
5. Әділқазы алқасына сөз, қорытындылау

Мұғалім:
Уа халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі жарыс төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді жарыс жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық

Мұғалім: Ал балалар, жарысымыздың екі топтың бір – бірімен танысуы мен топ басшыларын сынаудан бастайық:
Командалардың амандасу рәсімі. Екі топпен танысу (топ басшыларымен де). Әр топ аттарыңызды, ұрандарыңызды таныстырып өтесіздер.
Топтардың сәлемдесуі:
1 - топ:
Шақырамыз, келіңдер жарысуға.
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық, ортамызға.
Ал кәне, кім шығады, сайысуға!

2 - топ:
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер!
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер!

І. «Жекпе - жекке» шақыру. Топ басшыларын сынаққа шақырамыз: Мына есепке ойланып кім бірінші жауап берсе, сол басшы өз тобына 1 ұпай жеңіп береді.
а) Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы болғаны? (8)
б) Жанардың әр түсті 20 шары бар: сары, жасыл, көк және қара. 17 шардың жасыл емес екендігі, 5 шардың – қара, ал 12 шардың сары емес екендігі белгілі. Жанардың қанша көк шары бар? (15)
в) 2, 3 және 4 сандарының бәріне бөлінетін ең кіші натурал сан қандай? (12)

ІІ. Эстафеталық ойындар!

Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы.

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт,
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт!

Мұғалім: 1 - эстафеталық ойынның шарты: Тақтадағы «Қазақстан 2050» карточкаларын таңдап алып, сол карточкадағы есептерді шешулерің керек. Эстафеталық ойын шарты бойынша допты 1 - мәреден жерге ұрып отырып, екі топ жарыса 2 - мәреге жарыса жүгіреді, жетісімен тақтада жазылып тұрған есептерді шеше сала қайта өз тобына жүгіруі қажет. Қай топ 1 - болып аяқтаса, сол топ 1 - болып саналады.(Маркер қолдану).
Тақтадағы карточкаларда есеп (Қазақстан 2050 деп безендірілген).

2 - Эстафеталық ойын
№1 «Баспалдақ» есебі
20*5= ---------88+12=
40/2= -----------------22*4=
63 - 23= ------------------11*5=
7*9= ------------------------98+12=
42*2= ----------------------------7*14=
25+17= ----------------------------70 - 12=
100 - 25= ---------------------------------100/5=

Тақтадағы есеп:№2
1-топ
а) 44/4=
б) 4444/44=
в) 44444/44=
2-топ
а) 55/5=
б) 5555/5=
в) 55555/5=

3 - Эстафеталық ойын
Келесі эстафеталық ойын. Скакалка қолдану арқылы жарыса отырып, тақтадағы тапсырмаларды алу арқылы ойыншылар логикалық есептерге жауап бере сала қайта орындарына жүгіру керек. Оқушы орнына барғаннан кейін келесі ойыншы секіріп барып жауап береді, осылай команданың барлық мүшелері сұрақтарға жауап береді. Бірінші болған және дұрыс жауаптары көп болған команда жеңіске жетеді.

1 - сұрақ
Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер? (69, 619, 88)
2 - сұрақ
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды. (Түйеқұстар ұшпайды).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 273
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Математикалық сөз жұмбақтар
Математикалық сөз жұмбақтар
Математикалық сөз жұмбақтар.
Математикалық сөз жұмбақтар
Математикалық сөз жұмбақтар
Математикалық сөз жұмбақтар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тапқырлар этафеттасы
Тапқырлар этафеттасы
Ақмола облысы, Арашалы кенті, №3 Аршалы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жумадилова Назира Оразалиевна
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×