Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұрыш. Бұрыштың шамасы

29 қазан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың мақсат - міндеттері:
а) Ақпараттық:
ә) Коммуникативтік:
б) Проблемалық:

Оқушыларды жаңа геометриялық фигура – бұрышпен таныстыру. Бұрыштардың дұрыс белгіленуін және оларды өзара салыстырып үйрету. Сүйір, доғал және тік бұрышты айыра білуге, сонымен қатар бұрыштың биссектрисасы ұғымын енгізу.
есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа, өз бетінен және топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: Мультимедиялық проектор, презентация, үйлестірме карточка
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой толғау.
Оқыту құралдары: оқулық, тақта
Пәнаралық байланыс: Сызу, геометрия, психология, педагогика

Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі
I. Ұйымдастыру бөлімі
(3 мин) - оқушылармен амандасу;
- сыныптың тазалығын қадағалау;
- сыныпта жоқ оқушыларды түгелдеу;

ІІ. Үй жұмысын тексеру
(6мин) №198.
Тігін шеберханасында 90 м – ден 13 бөлік және 80 м – ден 11 бөлік материал бар. 1440 м материал қолданылғаннан кейін қанша метр материал қалды.
Шешуі: 90∙13+80∙11=2050
2050 - 1440=610
Жауабы: 610 м материал қалды

№199.
Үш санның қосындысының мәні 240 – қа тең. Бірінші сан екінші саннан 2 есе артық, ал үшінші сан бірінші сан мен екінші санды қоса алғаннан 3 есе артық. Берілген сандарды табыңдар.
Шешуі: 2х+х+6х+3х=240
12х=240
х=20 (ІІ сан)
2х=2∙20=40
3(2х+х)=180

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
(18 мин)
1. Тақтадағы суреттерден қандай геометриялық фигуралар көріп тұрсыңдар? (түзулер, сәуле, кесінді, нүкте, шеңбер)
2. Кесінділерді ата. (АК, СВ)
3. Түзулерді ата. (FN, EД)
4. Сәулелерді көрсет. (RP, OK, OS, ZД)
5. Шеңберді көрсет
5. Бір нүктеден шығатын екі сәулені көрсет.
Міне, осындай геометриялық фигуралардың тағы бір түрі – Бұрыш.
Жаңа материал түсіндірмес бұрын, үйлестірмелі карточка таратылады. Оқушылар сабақ соңына дейін карточканы белгілеп не түйгендерін айтулары тиіс.

Карточка.
«Сенемін – сенбеймін» ойыны.
Бұрыш – бұл геометриялық фигура.
Бұрыш екі қиылысатын түзуден тұрады.
Бұрыш бір нүктеден шығатын екі сәуледен тұрады.
Тең бұрыштар дегеніміз – қабырғалары тең бұрыштар.
Тік бұрышты бұрыш болады.
Бұрыштардың түрлері: тік, сүйір, доғал және жазыңқы.
Бұрыш жіңішке болуы мүмкін
Доғал бұрыш дегеніміз 900 – қа тең бұрыштар.
Сүйір бұрыш дегеніміз 900 – тан кіші бұрыш.
Биссектриса дегеніміз үш жақтан тұратын бұрыш.

Бұрыш дегеніміз – бір нүктеден шығатын екі сәуле. Әдетте, бұрышты үш әріппен белгілейді. Мұндай жағдайда бұрыштың төбесі белгіленген әріп ортада жазылады.

Демек, ∠АОВ немесе ∠ВОА немесе ∠О жазулары бір бұрышты береді.
Бұрыштар тік, сүйір, доғал және жазыңқы болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 353
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Геометрия 7 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Геометрия 7 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 7 сынып
Бұрыш түрлері. Көпбұрыштар
Бұрыш түрлері. Көпбұрыштар
Бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау.
Бұрыштар мен доғалар. Бұрыштың радиандық өлшемі
Бұрыштар мен доғалар. Бұрыштың радиандық өлшемі
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің математика пәні мұғалімі Байділда Жанат Кеңесқызы
Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир.
Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир.
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Хайрушева Махаббат Омаровна
Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару
Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жаманова Үзілхан Жалеловна
Бұрыштардың түрлері, көпбұрыштардың элементтері
Бұрыштардың түрлері, көпбұрыштардың элементтері
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Дюсенгалиева Ш. Б.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×