Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

19 қараша 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: ондық бөлшектерді натурал санға көбейту туралы түсінік беру, есептер шығару.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың алған білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік мақсаты: жауапкершілікке, ізденіске, шапшаңдылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, формулалар, ойын элементтері.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгелдеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгін, балалар, біздің сабағымыз ерекше болмақшы. Неге десеңдер, біз бүгін сыныпта сабаққа жақсы қатысқан, есептерді дұрыс және тез шығарған оқушыларға «Зерек», «Білімді», «Алғыр» деген номинация береміз. Сондықтан, балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысып, осы номинацияны алуларың керек. Олай болса сабағымызды бастаймыз ұпайлары көп оқушы осы номинацияларды алады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Ондық бөлшектерді қосуды, азайтуды қайталау. Деңгейлік тапсырмалар. Тақтадағы 20, 30, 40 үш деңгейлі тапсырмаларды әр оқушы өздері таңдай отырып орындайды, ұпай сандары бағалау парағына есептеледі.
20. 6, 25+4, 3= 10, 55
20. 41 - 32, 5=8, 5
20. 67, 45 - 49=18, 45
30. 5, 703 * 5, 69
30. 4, 899 * 4, 9
30. 0, 3669 * 0, 3619

Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қой:
40. 43+17=6
40. 5+999=1499
40. 83 - 38=792
4, 3+1, 7=6
5+9, 99=14, 99
83 - 3, 8=79, 2

IV. Жаңа сабақ: « Ондық бөлшекті натурал санға көбейту».
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:
1) Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек.
2) Ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
Мысалы:; 0, 009*7=0, 063;
8, 9 *6=53, 6
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т. с. с. разрядтар бірліктеріне көбейту.
Мысалы: 7, 465 ондық бөлшегінің 10 - ға, 100 – ге көбейтіндісін табайық.
7, 465*10= 74, 65
7, 465*100=746, 5

7, 465 санын 10 – ға көбейткенде үтір оңға қарай бір цифр аттап көшірілді, ал 100 – ге көбейткенде үтір оңға қарай екі цифр аттап көшірілді. Осыдан шағатын қорытынды:
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т. с. с. разряд бірліктеріне көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға ұарай жылжыту керек.
Егер ондық бөлшектегі үтірден кейінгі цифрлар саны разряд бірлігіндегі нөлдер санынан аз болса, онда ондық бөлшекке қажетінше нөлдерді тіркеп жазып, көбейтуді орындаймыз.
Мысалы: 3, 4 * 1000= 3400
5, 005 * 100 = 500, 5
0, 0005 * 1000=0, 5

V. Жаңа сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс.
№1033. (ауызша)
№ 1035. Көбейтуді орындаңдар
1) 0, 103*10=1, 03
2) 13, 7*10=137
3) 6, 5*10=65
4) 7, 549*100=754, 9
5) 2, 15*100=215
6) 8, 071*100=807, 1

VІ. Сергіту сәті. Санамақ.
VІІ. Қорытынды.
Рефлекция
- Біз нені үйрендік?
- Біз нені білдік?

VІІІ. Үйге тапсырма:
ІХ. Бағалау парағы арқылы оқушылардың білімін бағалау және марапаттау.
4 804
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару
Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту (ойын сабақ)
Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту (ойын сабақ)
ШҚО Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәні мұғалімі Фаткулина Гүлжанат Мұратқызы
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің алгебра және геометрия пәндерінің мұғалімі Жүсіпова Айткүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×