Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Параллель түзулер

27 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулер
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды параллель түзулер ұғымымен таныстыру, параллельдің белгісімен, оның оқылуымен және жазылуымен таныстыру, оқушының шығармашылығын арттыру, деңгейлеп оқыту.
Білімділігі: Теориялық білімдерін практикада іске асыру, дәлелдеп беру. Жаңа тақырыпты өздері меңгеруге дағдыландыру. Ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды мұқияттылыққа, ұйымшылдыққа, бір - бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, салыстыру, зерттеу, сұрақ - жауап, әңгіме, ойын, оқытудың үшөлшемдік жүйесі технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, бағалау ведомостісі

Сабақтың жүру барысы:
І кезең (5 - 7 минут)
а) Ұйымдастыру
ә) Үй жұмыстарын тексеру
б) «Көпір» тапсырмалары (үйге берілген тапсырма) тексеріледі. Бұлар өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар.
Алдын - ала даярлық тапсырма
1. Қоршаған ортадан қиылыспайтын түзулерге мысалдар келтіріңдер.
2. Дәптерге қиылысатын АВ және СД, қиылыспайтын EF пен KN түзулерін сызыңдар. Өзара қиылысатын түзулердің өзара қиылыспайтын түзулерден айырмашылығы неде? Дәлелде.
3. Суреттегі тік төртбұрыш пен шаршының қиылыспайтын қабырғаларын теріп жазыңдар. (Әріппен белгілеу)

ІІ кезең - технология бойынша синектикалық бөлім (20 - 25 минут)
а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. Оқушыларда 5 - 7 минуттық өзіндік жұмыс ұйымдастырылады. Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады;
1. Қандай түзулерді параллель түзулер дер айтамыз?
2. Түзулердің параллельдік белгісі қалай жазылады?
3. Берілген түзуде жатпайтын сол түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?
4. «а түзуі в түзуіне параллель» дегенді математика «тілінде» қалай жазуға болады?
Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді (жаңа тақырып бойынша) оқиды, жауап табады оқулықтағы мәтінмен жұмысты «Дана үкілер» техникасы бойынша ұйымдастыруға болады.
1. Мәтінмен негізгі (жаңа) ұғымдарды жазып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
2. Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
3. Мәтінмен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.
4. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба арқылы бейнелеп көріңіз.
5. Қорытынды жасаңдар.
б) жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірге талқылау (5 - 7 минут). Сабақтың бір бөлімінде «Тірек мәтін» техникасын пайдалануға болады. Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап береді.
1) Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
Мысал келтіріңдер. Оларды параллельдік белгісін пайдаланып жазыңдар.
2) а түзуін және оның бойында жатпайтын А нүктесін алыңдар. А нүктесі арқылы а түзуіне параллель неше түзу жүргізуге болады? Оны суретте көрсетіңдер.
в) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау (8 - 10 минут) (Бірақ жаңа тақырып бойынша баға қойылмайды, ол үшін төмендегі үшінші кезең ұйымдастырылады)
1110 - сан, В - тобы
1. Дәптерге АВС үшбұрышын салыңдар. Оның АВ қабырғасының бойынан Е және К нүктелерін белгілеңдер. Е нүктесінің, К нүктесінің АС қабырғасына параллель EN, KL түзулерін жүргізіңдер. Неше үшбұрыш пайда болады? Үшбұрышты дәптерге салып, берілген тапсырманы орындау.
Оқушылардың жауаптарының жобасы:
- Үшбұрыш: BEN KBL ABC
1111, 1112 - есептер де сыныпта орындалады. (дайын суреттер бойынша)

ІІІ кезең (кері байланыс) 12 минут + 3 минут қорытынды шығаруға арналады. Бұл кезеңде деңгейлік тапсырмалар орындалады.
Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған «Ашық журналға» + белгісін қояды.
Сабақ соңында мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы қорытынды жасайды, бірақ соңғы сөз (қорытынды бағалау) келесі сабақтың басында айтылады.
Үй тапсырмасын үлгермей қалған деңгейлік тапсырмалары орындалады.

ІҮ. Қорытынды
1. Алғашқы білімдерін жетілдіріп, өз тұжырымдарын айту
2. 3 минут қалғанда жұмыс тоқтатылады
3. Дайын жауап бойынша есеп тексеріледі
4. Бағалау ведомосіне таңбалар қойылады

Ү. Деңгейлік тапсырмаларды орындап болғандар бағаланады, қалғандары ауызша мадақталады.
ҮІ. Үйге тапсырма
8 869
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Кеңістіктегі түзулердің параллельдігі
Кеңістіктегі түзулердің параллельдігі
Түзулердің кеңістіктегі параллельдігі ұғымымен, олардың қасиеттерімен таныстыру.
Призма мен пирамиданың жазықтықпен қималарын салу
Призма мен пирамиданың жазықтықпен қималарын салу
Оқушыларды көпбұрыштың жеке түрлерімен және кеңістіктегі фигураларды бейнелеуге қойылатын талаптармен таныстыру;
Айқас түзулардің арақашықтығы
Айқас түзулардің арақашықтығы
Кеңістіктегі екі нүкте, нүкте мен түзу, нүкте мен жазықтық, екі айқас түзулер арасындағы қашықтықты, параллель түзу мен жазықтық, параллель түзулер, параллель жазықтықтар арасындағы арақашықтықты анықтай алу.
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Айтасова Зауреш Сәлімқызы
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Кеңістіктегі түзулердің паралллельдігі
Кеңістіктегі түзулердің паралллельдігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылы Раманкулов Берик Мирамханович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×