Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеуге есептер шығару.

22 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей білуін және координаталарын таба білу дағдысы мен іскерлігін жетілдіру. Біліктерін сараланған есептер шығару арқылы логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденісі арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқу материалын ұзақ есте сақтауына жағдай жасау.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ түрі: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, жарыс, ойын
Көрнекілігі: дидактикалық ойындар, графикалық диктант, деңгейлік тапсырмалар, сызбалар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ.«Күннің шуағы» ойыны теориялық материалды қайталау.
Ойынның шарты: Бұлттардың ішінде сұрақтар жасырылған. Сұрақтарды рет - ретімен ашу арқылы оларға жауап беру қажет.

Сұрақтар:
1. Үлес дегеніміз не?
2. Жай бөлшектің алымы, бөлімі нені көрсетеді?
3. Жай бөлшектің негізгі қасиеті?
4. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
5. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
6. Аралас сан дегеніміз не?
7. Координаталық сәуле дегеніміз не?
ІҮ. Білімді бекіту: 1. Оқулықпен жұмыс.
Есептер шығару:№515

А(5/10)
В(8/10)
АВ=3/10
№520 Координаталық сәуле қалай сызылады?
Енді біз оқушылар домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойнына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді, сурет бойынша А, В, С нүктелерін координаталарымен атайсыздар?
Домбыраның тиегі А (1/10)
Домбыраның мойны В (4/10)
Домбыраның құлағы С (9/10)
Домбыра – қазақ халқының жан сезімі, көшпелі елдің көне көз шежіресі. Киіз үйлердің керегесінде, жоғарыда ілініп тұрған.
Домбыра – үй иесінің қонақжайлылығын, ішкі дүниесінің байлығын, кеңдігін көрсетеді.

2. Кім жылдам? Дидактикалық ойын

Ү. Логикалық лабиринт.
ҮІ. Тарихи мәлімет:
Графикалық диктант иә, - жоқ
Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.
бөлшектері қысқартылмайтын бөлшектер.
Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады
15 минут сағаттың бөлігі
Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады.
Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші.
бөлшегі дұрыс бөлшек
Бұрыс бөлшек 1 - ге тең немесе бірден үлкен
бөлшегі координаталық сәуледе бөлшегінің оң жағында орналасады.
10. Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады?

Үйге тапсырма
Оқушыларды бағалау: Бағалау парағынның қорытындысы бойынша оқушыларды бағалау жүргіземін.

ҮІІ. Қорытындылау:
Сабақты қорытындылай келе оқушылардың сабақтан алған әсерлерін білу үшін «Шеңбер» тренингін жүргізем. Тренингтің қорытындысы: нүктесі шеңбердің ішкі бөлігінде болса, ол оқушының көңіл - күйі жақсы, өз ортасына бейімделген. Нүктесін шеңбер бойында орналастырған оқушының көңіл - күйі орташа, өз ортасына толық бейімделмеген. Нүктесін шеңберден тысқары орналастырған оқушының көңіл - күйі нашар, өз ортасынан алшақ. Нүктелерің өз шеңберлеріңде орналассын – дей келе орыстың ұлы математигі Л. Ф. Магницкийдің:
Бүтінге келсең жұлынып,
Алдыңа еш жан салмасаң,
Бөлшекке келсең бұғылып,
Жауабын таба алмасаң,
Есепке мықты демелік,
Бөлшекке көңіл бөлейік!- деп сабақты аяқтаймын.
9 763
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу, ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу, ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді жазып оқу, ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу және ондық бөлшектерді салыстыра білу. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеп, салыстыра білуге дағдыларын қалыптастыру.
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Математика пәні мұғалімі Кусниязов Т
Координаталық сәуле
Координаталық сәуле
Математика пәні мұғалімі Кусниязов Т
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×