Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшектерді көбейту

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жай бөлшекті кездесетін жағдайларымен таныстыра отырып меңгереді, алған теориялық білімдерін есептеулерде қолдана біледі.
2. Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын ояту арқылы логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектене отырып, белсенділіктерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, жылдамдыққа тәрбиеленеді.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: презентация, тапсырмалар жазылған карточкалар, тест тапсырмалары, сабаққа қажетті сызбалары бар кестелер.
Оқытудың әдісі: сұрау - жауап, түсіндіру, есептер шығару

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткенге қайталау сұрақтары мен есептері.
Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
Дұрыс бөлшек пен бұрыс бөлшекке мысалдар келтіріңдер.
Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу.
Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды азайту.
Натурал санды аралас сан түрінде жазуға болама? Болса қалай жазамыз?
Есепте: (кесте толтыру)

IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (оқушылармен бірге шығару жолдарын талқылау)
І жағдай
Бөлшекті бөлшекке көбейту
М - 1
5/7∙14/25=
М - 2 мысал келтірту
ІІ жағдай
Бөлшекті натурал санға көбейту
М - 1
31/24∙14=
М - 2 мысал келтіру
ІІІ жағдай
Аралас сандарды көбейту
М - 1
1 5/7∙5 9/22=
М - 2 мысал келтіру

ІҮ. Оқулықпен жұмыс
№741 (тақ сандары)
1/4∙2/3;
3/5∙5/6;
5/12∙8/9;

15/16∙8/25;
5/7∙1/3;
7/15∙5/7;

№743 (тақ сандары)

3 1/4∙8;
4∙1 1/2;
5 3/8∙6;
3∙2 1/9;

№752 (түгелімен)
1 кг кәмпиттің бағасы 350 тг. 1 3/5 кг кәмпит неше теңге?
1 см2 алтынның массасы 19 3/10 кг. 20 см2 алтын неше грамм?
Автомат - станокта 12 минутта 5 сақина жасалды. Автомат - станокта 3 сақина неше минутта жасалады?
№759
Су қоймасына шайылып барған 1 грамм мұнай ұзындығы 4 1/5 м, ені 2 1/7 м ауданға жұқа қабат болып жайылады. 287 грамм мұнай қандай ауданға жайылады?

Ү. Тарихи мәліметтерге шолунама
Алғашында математикада бөлшектерді «сынық сандар» деп атаған.
Бөлшектер туралы түсініктің дамуында 3 түрі бюлшектер ұғымы қалыптасқан:
Бірлік бөлшектер (аликвоттық бөлшектер)
Жүйеленген бөлшектер (бөлімі тек 10 санының немесе 60 санының дәрежелері ғана болған )
Жалпы түрдегі бөлшек (бөлшектің алы мы да, бөлімі де кез келген натурал сан болады)
Бөлшек ұғымының дамуы ғылым мен сауда саттық жұмыстары өркендеген елдерде: Мысырда, Вавилонда, Үндістанда, римде қалыптасты.
Бөлшек сызығын уал - Хассара (ХІІ ғ) және итальяндық Леонардо Пизанский (ХІІІ ғ) өздерінің жазба есептеулерінде пайдаланған. Л. Пизанский «бөлшек» деген сөзді енгізген. Бөлшек сызығы ХҮІ ғ ғана белгілеуге толық енді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 462
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту мен натурал саннан бөлшекті азайтудың ережесін біле отырып, есептер шығарады
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген дұрыс бөлшек 1 – ден кіші. Алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген бұрыс бөлшек 1 – ден үлкен немесе 1 – ге тең.
Аралас сандарды қосу
Аралас сандарды қосу
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектептің математика пәні мұғалімі: Сейткулова Назира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×