Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеу

13 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеу
Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақ мақсаттары: Білімдік мақсаты: оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру. Оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту, математикалық сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа үйрету. Оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Өткен тақырыпты қайталау
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
5. Сабақты бекіту
6. Жаттығуларды орындау
7. Сабақты қорытындылау.
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма.

Сабақтың жүру барысы:
1. ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың сабаққа дайындығы (дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш)
ә) журналды толтыру

2. Үй тапсырмасын тексеру №808 есеп;
Оқушылар бір - бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды. Слайд 2

3. Өткен тақырыпты қайталау – сәйкестендіру тесті
Теңдеуді шешіңдер;
1) х+3=7 а)– 6
2) Х - 5=3 б) 4
3) Х+7=1 в) 8

4. Жаңа сабаққа бетбұрыс;
ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х – айнымалысы, а және в – қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу сызықтық теңдеу деп аталады.
1 қасиет:
Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама - қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
2 қасиет:
Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Мысалдар келтіру;
1. 4х+3=х+5, 1
4х - х=5, 1 - 3
3х=2, 1
х=0, 7

2. 7х+3=3х+5
7х – 3х=5 - 3
4х=2
х=0, 5

3. 2х+4=2х - 5, 8
2х - 2х=- 5, 8 - 4
0*х=- 9, 8

4. 2х+х - 5=3х - 5
3х - 3х=- 5+5
0*х=0

Теңдеудің түбірі болмайды кез - келген сан теңдеудің түбірі болады
Бекіту сұрақтары;
1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеу деп атайды?
2. Бір айнымалысы бар теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
3. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірін қалай табады?
Оқулықпен жұмыс;
№834 (ауызша)
1) х+2, 7=3
2) х - 0, 6=1, 4
3) 2х - 5=х - 1
4) 2, 7+1, 3=х+3
№835 (жазбаша)
1) 2х+17=22+3х
2х - 3х=22 - 17
- х=5
х=- 5
2) 18+3х=х+14
3х - х=14 - 18
2х=- 4
х=- 2

Теңдеуді шешіп, мақалды құрастырыңдар; (сергіту сәті)
1. 3х+2=3, 5х - 2
2. 2х - 2, 2=4х+4, 8
3. 4х - 5, 6=3х - 2, 7
4. 7х - 3=х+9
5. - 12 - 2х=х - 3
6. - 50 - 17х =- 15х - 14
7. 12х - 14 =13х
Осы теңдеулерді шешкенде жауаптарына сәйкес, мақал құрастырылады.
Жауабы – «Бірлік болмай – тірлік болмайды»
Енді балалар сөзжұмбақ шешіп көрейік. (ауызша)
Сонымен қатар, сабақ тақырыбына байланысты теңдеулерді шешу арқылы күн шуағын өзімізге шашайық.
Күн шуағы ойынының шарты
Оқушылар қатар - қатар болып, жаңа тақырыпқа байланысты есеп шығарады. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырады. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу.
2х+17=22+3x
18+3x=x+14
13x+70=2x+15
5×- 8=2x+1
25 - 4х=12 - 5х
13х+27=16х+4, 5
Оқушылар дайын болған күн шуақтарын ауызша жауап беріп, магнитті тақтаға жабыстыра береді.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма.
4 212
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шешімдері болатын сандар жұбын жаза білу. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін білу.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, мәндес теңдеулерге анықтама беру және теңдеулердің қасиеттерін пайдаланып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, мәндес теңдеулерге анықтама беру және теңдеулердің қасиеттерін пайдаланып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ермекова Гульнария Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×