Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Египет пирамидасы

13 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Математика
«Дүниеде тек жалғыз ғылым бар, ол - геометрия, ал басқа ғылымдар геометрияның тараулары болады». Әбу насыр әл - Фараби.
«Математиканың өз тілі бар – ол формула». С. В. Ковалевская.

Мақсаты:
Білімділік: Пирамиданың бүйір бетінің және толық бетінің ауданын анықтауда оқушылардың алған білімдерін нақтылау, білім деңгейін тексеру, бақылау, кемшіліктерді жеңу.
Дамыту: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін тиянақтылау, өз бетімен ізденушілік қабілетін қалыптас тыру, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, таным дық қабілетін дамыту, көпшіл, көмекшіл болуға үйрету, оқушылар дың ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін және математика тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуына, топпен ұйымдасып жұмыс істеуіне, ұй ымшылдыққа, алған білімдерін практикада қолдана білуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: ойын сабақ, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, пирамида табанында жататын көпбұрыш түрлерінің сызбалары (модельдері), сөзжұмбақ тар, ребус.

Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру бөлімі: 1. Сынып тазалығын тексеру, сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу, сабақтың барысын түсіндіру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:№ 10.

II. Негізгі бөлім. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріледі.
Мұғалім сөзі: Ойынымыз «Египет пирамидасы» деп аталады. Бүгін біз Мысыр еліне саяхатқа барамыз. Ондағы мақсатымыз Египеттегі пирамидалар сырын ашу. Мысыр фараондары қабірлерінің ішіндегі ең ірілері Хеопс, Хефрен және Гиздегі Микерин пирамидалары – әлемнің жеті ғаламатының бірі болып есептеледі. Үш пирамиданың ең үлкені Хеопс пирамидасы ( б. э. д. XXVII ғ). Бұл пирамиданы перғауын Хеопс (Хуфу) көзі тірісінде өзіне арнап б. з. б. 3 - мыңжыл дықтың 1 - ші жартысында Гиза қаласы маңындағы Ливия шөлінде салғызған. Кезінде ежелгі мысырлықтар осынау алып кесене – пирамиданы «Хуфу көкжиегі»деп атаған. Хеопс пирамидасының табаны төрт бұрышты болып басталады да жоғары қарай басқыш тәрізді көтеріліп, көп сатылы құрылыс түрінде тұрғызылған. Ұшар басы сүйірленіп бітетін. Хеопс пирамидасының архитекторлық құрылысына сәулетші Хемиун басшылық жасаған. Әйгілі Хеопс пирамидасының құрылысында 120 мың адам 30 жыл бойы жұмыс істеген. Пирамиданың биіктігі: 137 м.(алғашқы биіктік 146, 6 м. болған), әрбір қабырғасының ұзындығы 230, 38м, ал оның алып жатқан алаңы 55000м2. Алып құрылысқа пайдаланған тас «асуаннан» 2, 5 т. текше тас түрінде дайындалған. Хеопс пирамидасына осындай текше тастың 2 млн. 2300 - і жұмсалған. 1953 жылы араб ғалымдары осы пирамида маңынан 17 м. тереңдікте мүлде бекітіліп тасталған үлкен зал тапты. Залдан қару - жарақ, асыл бұйымдар және ұзындығы 35 м. желкенді қайық шықты. Ежелгі мысырлықтар тұрғызған пирамидалардың ішіндегі ең үлкені болып табылған Хеопс пирамидасы адам еңбегінің ғажайып туындысы саналады. Міне осы тарихи пирамидаға бару үшін мына қақпалардан өту қажет:

1. «Тас қақпа» - Евклид қақпасы.
Тарихи деректеме: Евклид - ежелгі грек оқымыстысы(б. э. д. IIIғ). Мектепте оқылатын геометрия «Негіздер» деп аталатын математика оқулығын жазған грек ғалымы Евклидтің есімімен евклидтік геометрия деп аталады.
Эвклид қақпасының сұрақтары:
1. Пирамиданың табанында дұрыс көпбұрыш жатыр. Осы шарт дұрыс пирамида болу үшін жеткілікті ме?
2. Қандай фигура пирамида деп аталады?
3. Апофема дегеніміз қандай ұғым?
4. Пирамиданың бүйір беті мен толық бетінің ауданын өрнектейтін формуланы жазып көрсету және түсіндіру.
5. а) 4 қыры; ә) 6 қыры; б) 11 қыры; в) 30 қыры бар пирамида бола ма?
6. а) Төртбұрышты пирамиданың; ә) онбұрышты пирамиданың қанша төбесі, қыры және жақтары болады?
7. Ең алғаш әйел математик?
8. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым?
9. Геометрия не туралы ғылым? Геометрия қандай сөзден шыққан?
10. Жарты түзуді басқаша атауы?
11. Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі әрі физигі?
12. Пифагор теоремасы.
13. Алғашқы қазақша алгебра оқулығын жазған кім?
14. Қандай гүл математик әйелдің құрметіне аталған?
15. 5 жасында жұмысшылармен есеп айырысып жатқан әкесіне дұрыс есептемегенін айтып, жұртты таң қалдырған, кейіннен матема тиктер королі деп аталған неміс математигі кім?
16. Әлемдегі алғашқы әйел математик кім?

2. «Күміс қақпа» - Лобачевский қақпасы.
Тарихи деректеме: Николай Иванович Лобачевский 1792 жылы ескіше 26 - шы қарашада Еділ өзенінің бойында, бұрынғы Нижный Новгород қаласында почта тасушы қарапайым қызметкер Иван Максимович Лобачевскийдің семьясында дүниеге келді. Оның анасы Прасковья Александровна шала сауатты еді. 1797 жылы 24 жасар Прасковья күйеуі өліп шиттей үш ұлымен жесір қалады. Болашақ математик Н. Лобачевскийдің балалық шағы мұқтаждықта өтті. Тек ана мейірімі арқасында олардың оқуға қолдары жетті. Мұндай ұлы жаңалықтардың бірі Н. И. Лобачевский дің евклидтік емес геометриясы. Жас профессор 1826 жылы 24 ақпанда ғылыми жаңалығын баяндама түрінде Қазан университеті нің физика - математика бөліміне тапсырады. Баяндаманың тексі сақталмаған, бірақ автордың сөзі мен оның негізгі мазмұны «Геометрияның бастамалары» деген атпен 1829 жылы мақала түрінде жарияланған. Лобачевский жаңалығының мәні өткен ғасырдың 2 - ші жартысында математиктер мен физиктерге түгелдей белгілі болған соң, оны ғалымдар «Геометриядағы» Коперник деп атады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 533
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Цилиндр жазбасы, бетінің ауданы
Цилиндр жазбасы, бетінің ауданы
Цилиндр туралы ұғым, оның элементтерін, қималарын, жазбасын және бетінің аудандарын табу білімдерін жүйелеу.
Параллелепипед. Призма. Пирамида
Параллелепипед. Призма. Пирамида
Кубтың көлемін, толық бетінің ауданын, қырын, қарама - қарсы жақтарының арақашықтығың, қырының ұзындығын, пирамиданың, тік призманың толық бетінің ауданын табуды игерту.
Цилиндр
Цилиндр
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Кулекеева Әлия Берікқалиқызы
Пирамида бетінің ауданы
Пирамида бетінің ауданы
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: «Пирамида бетінің ауданы» ұғымымен, оның негізгі формулаларымен таныстыру.
Туындыны есептеу ережелері
Туындыны есептеу ережелері
Туынды жайлы меңгерген білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктерін дамыту, алған білімдерін практикада пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу құбылыстары, Заттың агрегаттық күйлері тараулары бойынша алған білімдерін анықтау. Теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×