Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарындылык негiзi - ата - анадан

18 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Математика
Математика пәні мұғалімі:
Айтуарова Алмагүл Амангелдіқызы


Ашық шара тақырыбы: «Дарындылык негiзi - ата - анадан» /жануя мен математика/

Мақсаты: Оқушы білімін жақсартуда мұғалім мен ата – ананың бірлескен жұмысын нығайту. Отбасындағы білім мен тәрбиенің жауапкершілігін сезіне, түсіне білуге үйрету.
Түрі: Тренинг
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау (СТО)
Күтілетін нәтиже:
 Ата - ана өзін мазалап жүрген сұраққа жауап алады;
 Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын түсінеді;
 Мектеп мұғалімдеріне сенім артады;
 Тікелей мектеп жұмысына араласу арқылы ата - ананың педагогикалық – психологиялық тақырыптарға қызығушылығы оянады.
 Ата - ана жиналысқа белсенді қатысады.
 Математикаға деген қызығушылық оянып, түсіністікпен қарайды.
Қажетті құрал жабдықтар
мен көрнекіліктер: мультипроектор, дербес компьютер, шарлар,
стикерлер, жалаушалар, смайликтер, түрлі түсті
қағаздар, геометриялық фигуралар т. б.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру. (Психологиялық ахуал туғызу)
ІІ. Отбасылармен танысу.
Қатысушылар:
а) Шынтемiровтер отбасы
б) Сарсенхановтар отбасы
в) Коспановтар отбасы
ІІІ. Ой қозғау.(Экраннан видеоролик қарап, ойларын ортаға салу)
IV. Отбасылық логикалық тапсырмалар
V. Ситуациялық жағдай
VI. «Сөйлемді аяқта» ойыны
VII. «Ел қазынасы - мақал - мәтелдер» математикалық сандар туралы
VIII. Ой толғаныс «Кеңеске құлақ түріңіз» ( 14 кеңес )

Жүрісі:
Ұйымдастырушы сөзі: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар,
ұстаздар және оқушылар.
Бүгінгі «Жанұя және математика» атты отбасылар тренингіміз ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі кешімізге Шынтемiровтер, Сәрсенхановтар және Коспановтар отбасы келіп отыр.
«Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі - аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Жан кешкен баласы үшін, бағы үшін де,
Халқының, отбасының қамы үшін де.
Аналар шексіз әлем, күннің нұры,
Тіршілік көзі жатыр әр ісінде» - ортаға
ата - ортаға шақырамыз.

Сонымен қатар: Шәкіртпін мен,
Ұлылардан жақсылықты теретін.
Ой маржанын көпке ұсынып беретін.
Барлығынан ардақтысы өмірдің,
Әлемдегі жақсылыққа еретін. – деп біздің мектебіміздің мақтаныштары болған шәкірттерімізді ортаға шақырайық:

Үш отбасы үш топ болып орындарына жайғасады.

І. Әр топқа кәмпиттер тарату арқылы жақсы тілектер ұсыну.
(Психологиялық ахуал туғызу)
ІІ. Әр отбасы өздерін таныстырып өтеді.
(Фотостенд жасап әкеліп, қорғайды.)
ІІІ. Ой қозғау. (Видеороликтен көрініс)
Әр отбасы «Математиканың өмірде қажеттілігі» туралы постер қорғайды.

IV. Отбасылық логикалық тапсырмалар парақшамен таратылады.

Логикалық тапсырмалар:
Қашан теңеседі
Бір ананың үш қызы болады.
Анасы 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19 - ға, ортаншысы 11 - ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.
Сұрақ: Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойланып көріңіз?

Қазір әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста.
Сұрақ: Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?
Отбасы
Қыз бен жігіт қосылып бөлек отау тігеді. Қазақ халқы кейде мұны « түтін түтетті» деп жатады.
Бірте - бірте осы отбасында дүниеге балалар келеді. Яғни, отбасы мүшелерінің саны көбейеді. Міне, сондай бір отбасының бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар екен. Олар тату тәтті бақытты өмір кешіпті. Сұрақ: Осы отбасының барлығын қосқанда қанша баласы бар деп ойлайсыз?
Үш әке, үш бала
Азаттың әзілдегені жақсы көретін бір досы бар. Оның айтқан әңгімелері үнемі көңілді көтереді. Кейде адам түсінбес жұмбақтар айтып ойға қалдыратыны да жоқ емес. Ондайда екеуі дауласуға дейін барады. Бірде осы досы:
- Ау, Азат, көз алдыңа елестетіп көрші. Бөлмеде үш әке, үш бала отыр,- деді бірде досы.
- Е, дұрыс - ақ, - деп Азат басын изеді.
- Ал, енді бар ғой, осыларды бөлменің төрт бұрышына орындық қойып отырғызсаң, бір - бірден келеді, - деді ол қуақыланып.
- Қайтіп? – деп Азат таңдана досына қарады.
- Сөйтіп,- деді досы,- ойланған адам орынды жауап айтады.
Сұрақ: Сіздер қалай шешер едіңіздер?
Отбасы өзеннен қалай өтті?
Жексенбі күні бір отбасы таза ауа жұтып, бой сергітіп қайтпақ болады. Ертеңгісін азықтарын арқаларына асып, қажетті заттарын қамдап, жолға шығады. Жалғыз аяқ жолмен жүріп отырып, әкесі, шешесі, қызы мен ұлы қалың орманға жақын келеді. Өкінішке орай, екі ортаны кесіп өзен ағып жатыр. Ары - бері жүгірісіп көпір іздеп еді, оны су алып кетіпті. Сөйткенше қызы ағашқа байланған шағын қайық тапқанын хабарлайды. Бірақ қуаныштары су сепкендей басылады. Су көлігі тым кішкентай екен. Алдымен әкесі отырып көріп еді, қайық тек оның жалғыз өзін ғана көтеретін болып шықты. Ал баласы мен қызы екеуі бірге жүзе алатындарына мәз. Өзеннің арғы жағасына бәрінің бірге отырып өте алмағанына ренжіген шешесі:
- Тағы да жоғары қарай өрлейік,- деген ұсынысын білдірді.
Осы жерде ұлы амалын асырып:
- Өзеннен өтуге болады,- деп отбасына қулана қарады.
- Қайтіп? – деді бәрі жапа тармағай.
Бала қалтасынан бір парақ қағазды алып, қайықпен өзеннен өту жоспарын сызып көрсетті. Ойға қонады екен. Жарты сағат өте отбасы өзеннің арғы бетіне аман – есен жетіп, тапқырлығы үшін ұлын мақтады.
Сұрақ: Отбасы өзеннен қалай өтті? Жалғыз қайық қалай жәрдемге келді?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 147
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика  1-сынып  Нүкте. Сызық. Сәуле
Математика 1-сынып Нүкте. Сызық. Сәуле
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың басым бөлігі: Топтық жұмыстарды бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Кейбір оқушылар үшін:
Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім
Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата - ана арасындағы қарым – қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау.
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы № 1 жалпы орта бiлiм беретін мектептің математика пәні мұғалімі: Айтуарова Алмагүл Амангелдіқызы
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы (математика)
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы (математика)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Ата - анамен серіктесе тәрбиелеудің психологиялық қатынастар
Ата - анамен серіктесе тәрбиелеудің психологиялық қатынастар
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Саухимова Жансая Серикбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×