Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Палиндромдар

30 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Математика
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы орта мектеп
математика пәнінің мұғалімі Жалиева Айман Алтыбаевна

Палиндромдар
Симметриялық сөздер деп сол және оң жағынан бірдей оқылатын сөздерді білеміз. Мұндай сөздер палиндромдар деп аталады. Палиндром - грек тіліндегі «palindromos»-«кері жүруші немесе артқа жүгіру», яғни екі бағытта бірдей оқылып, мағына беретін сөз не мәтін, сан. Айталық, қазақ тілінде «тағат», «кебек», «қабақ»- сөз болса, орысша «А роза упала на лапу Азора» - мәтін, ал сандардың тіпті шегі жоқ: 565, 505, 23732, т. с. с. Әлемде қолданылатын ең ұзын палиндром сөзі - фин тілінде «saippuakauppias»-«сабын сатушысы» деген сөз. Орыс тіліндегі әзірге табылған ең ұзақ палиндром сөз - «наворован» болса, фин тілінде екеу: біріншісі жоғарыда айтылған сөз, екіншісі «solutomaattimittaamotulos» сөзі 25 әріптен тұрады.

Алғашқы авторлық палиндромдар Орта ғасырларда пайда бола бастаған деген тұжырымдар бар. Орыс әдебиетінде Гаврила Державиннің «Я иду с мечем судия» палиндромы туралы нақты мәлімет бар. Сонымен қатар, ақын Афанасий Феттің «А роза упала на лапу Азора» палиндромы белгілі балалар жазушысы Алексей Толстойдың «Алтын кілт немесе Буратиноның бастан кешкен оқиғалары» кітабының арқасында барша жұртқа кеңінен танымал болды.
Ал қазақ тіліне келер болсақ, қазақша палиндромдарды зерттеп, не болмаса оларды ойлап тапқан тұлғалар жайлы мәлімет еш жерде жоқтың қасы деуге болады.
Олжас Сүлейменовтің «Теріс сөздер» атты студенттерге оқыған лекциясында: «Палиндромдардың фонетикалық себептермен туындамағаны айдан анық. Менің ойымша, олардың пайда болуына жазу ықпал еткен секілді.

Әліпбиді меңгеру кезінде (грек және латын) Оңтүстік Еуропада б. э. д. І мыңжылдық көлемінде жолдардың бағыты жиі ауысып отырған. Жазу тарихын зерттеушілер архигректердің оң жақтан сол жақ бағытқа (финикиялықтар және арамиялықтар секілді, ал бұлардың әліпбилерін олар ешқашан қолданбаған) жазғандығын жақсы біледі.
Ежелгі гректер (б. э. д. VI - V ғ. ғ.) жолақты қатаң түрде сол жақтан оң жаққа бағыттаған.
Римдіктер грек жазуын меңгере отырып, сол кездің өзінде - ақ жазу бағытын жиі өзгертіп отырған. Осыған байланысты, б. э. д. VII ғасырда Аппенин түбегінің оңтүстік - батысындағы мемлекет - қалалардың маңайындағы шекаралық тастарға гректер тарапынан IТАЛ деген атау жазылған, бұл дегеніміз, Кіші Азияны жағалауларынан келіп жеткен жаулап алушылардың осы жерді өз иеліктеріне алғаннан кейін онда өз аттарын қалдырып кеткендіктерін білдіреді, тек бұл сөз сол жақтан оң жаққа қарай қате оқылған: ЛАТI.

Мен халқы өздерін латындар деп есептеген, ал өз тілдерін – латын тілі деп атап кеткен қала - мемлекеттің атауы осылайша пайда болған ба деп ойлаймын, және олардың тарапынан қандай да бір батыс - грек қаласынан алынған жазулар да өзінің алғашқы фомаларынан бір - екі әріптерімен ғана өзгешеленген. Және бұл қала - мемлекеттің атауы да кейіннен ATI деп аталып кетті. Қазіргі кезде бұл Италияның Лаци провинциясындағы Латина қаласы болып табылады.
Осылайша, lati – Ital сөзінің палиндромы, ол «1001» өзінің теріс аударылған этимологиясына ие болады. Lati – жоғарыда аталғаннан басқа туындау жолы болмаған, осыған байланысты бұл сөзді палиндромдар қатарына жатқызамыз.

Әріптік палиндромдар, әдетте, – жол бағытының әртүрлілігіне байланысты қате оқу жағдайларының нәтижесі. Біз оларды – механикалық (қате) палиндромдар деп атаймыз. Олар салыстырмалы түрде б. э. д. І мыңжылдыққа тән деп нақты көрсетіледі» деген болатын.
Сондай - ақ, палиндромдар музыка мен биологияда да кездеседі.
Әрине, математика ғылымындағы палиндромдар мен олардың қасиетін қарастырайық.
«Симметрия» термині грекше “ұқсас, пропорционал, бөліктердің бірдей орналасуы” деген мағынаны білдіреді.
Симметрияны біз барлық жерде кездестіреміз: табиғатта, техникада, өнерде, ғылымда. Мысалы, мына симметрияларды алайық, көбелекті және еменнің жапырағын, автомобилдердің және ұшақтың симметриялық құрылысы, атом молекулаларының және кристалдарының құрылысының симметриялы орналасуы.
Егер оларды ойша ортасынан сызып бүктесек, екі жартысы бір - бірімен дәл беттеседі. Ал егер ол сызыққа айна қойсақ, суреттің жартысы мен айнадағы кескін толық фигураны береді. Сондықтан мұндай симметрия айналы деп аталады. Айна қойылған түзу симметрия осі деп аталар еді. Әрбір қар түйіршігі - қатып қалған су тамшысы болып табылады. Қар түйіршігінің пішіні әр түрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы 6 - дәрежелі бұру симметриясы мен айналы симметрияға ие болады.
Күн сайын әрқайысымыз айнадан өзіміздің кескінімізді көреміз. Мұның үйреншікті боп кеткені соншалық, біз таң қалмаймыз, сұрақтар қоймаймыз, жаңалық ашпаймыз. Тек қана философтар мен математиктер ғана таңдану қабілетін жоғалтпайды.

Толық нұсқасын жүктеу
6 922
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс түрлері
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс түрлері
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет - ғұрпын, тарихын танып білуге
Бұл таңғажайып сандар
Бұл таңғажайып сандар
Әлемді сандарсыз елестетуге бола ма? Сандар түсінігінің пайда болуының өзі – адамзат ақыл - ойының жарқын жемісі. Шынымен де, сандар көмегімен өлшейді, салыстырады, есептейді, ал тағы сурет салады, сызба жасайды, ойнайды, тұжырымдайды, қорытынды
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы. 1. Ауызекі тіл дегеніміз не? 2. Мазмұндама дегеніміз не? 3. Мәтін дегеніміз не? 4. Мәтін қалай құралады?
Ұлттық бірыңғай тестілеудегі стереометрия есептері
Ұлттық бірыңғай тестілеудегі стереометрия есептері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылы Совет одағының батыры Мәди Бегенов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Жалиева Айман Алтыбаевна
Фариза - поэзия гауһартасы
Фариза - поэзия гауһартасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ләззат Қуанова Боранбайқызы
Фариза - поэзия гауһар тасы
Фариза - поэзия гауһар тасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ләззат Қуанова Боранбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×