Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Жұлдызды сәт" интеллектуалдық ойын

30 шілде 2015, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Алматы облысы, Ақсу ауданы,
Қызылағаш ауылы, І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Жауынбаева Назира Тоқтасыновна

5 сынып
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойын (слайд)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін – өзі тәрбиелеуге үйрету;
Көрнекілігі: газеттер, логикалық тапсырмалар
Түрі: интеллектуалдық

1 – жүргізуші: «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.
Ал, қанекей, келіңдер,
Бір - біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер – дей келе, ойынға қатысушыларды ортаға шақырайық. Ойынға 8 ойыншы қатысады. (Ойыншылар өздерінің өмірлік ұстанымдарын айтады.)
2 - жүргізуші
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Демекші, әділ қазыларды сайлап алайық,
1 – жүргізуші:
Ал көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. Ойыншыларға сәттілік тілеймін!
2 - жүргізуші: «Тарих деген түп қазығым тамырым» демекші
«Математика тарихы» бөлімін бастайық.
Аталған бөлімде тақтада ғалымдардың суреттері және олардың математика пәніне сіңірген еңбектеріне байланысты сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген ойыншыдан сұралып, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
1 - жүргізуші:
1) XVIII ғасырдың соңында Германияда бір сабақта мұғалім оқушыларына «1 - ден 100 - ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табуды» тапсырыпты. Оқушылардың біреуі: «Ізделінді қосынды 5050 - ге тең», деп жауап беріпті. Бұл оқушы кейін аты әлемге әйгілі математиктер королі болған. Бұл ғалым кім және қай суретте кескінделген? (Карл Гаусс)
2 - жүргізуші:
2) Евклидтен біршама кейінірек Александрияда өмір сүрген ежелгі грек математигі жай сандар кестесін жасауға арналған өзінің тәсілін ұсынды. Ол балауыздан жасалған таяқшада натурал сандар кестесін жасап, одан 1 санын және құрама санды алып тастап отырған. Сонда алғашқы кесте елек тәрізденіп, онда тек қана жай сандар қалған. Бұл тәсілді ұсынған кім және қай суретте? (Эратосфен)

1 - жүргізуші:
3) Жезқазған кен орнын ашушы, Металлогения ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақ ҒА негізін қалаушы және оның тұңғыш Президенті кім және қай суретте? (Қаныш Сәтбаев)
2 - жүргізуші:
4) Бөлшек ұғымын ең алғаш енгізген кім? (Леонардо Пизанский)
1 - жүргізуші:
5) Бірінші суреттегі кім, ол туралы не білесің? (Әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевская)
2 - жүргізуші:
6) Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда өмір сүрген грек математигі жай сандардың шектеусіз көп екендігін, ең үлкен жай санды атап көрсету мүмкін болмайтындығын дәлелдеген. Ол ғалымның аты кім? (Эвклид)
Ең аз ұпай жинаған 3 ойыншымен қоштасамыз.
1 - жүргізуші:
«Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дей отырып «Кім білгір?» 2 - ші бөлім бастайық.
2 - жүргізуші:
1 - ші бөлімде ең көп балл жинаған ойыншыдан бастаймыз.
Табиғаттың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.
«Жаратылыстану» кезеңіне кезек берейік! 1 дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
1 - жүргізуші:
1) Жаратылыстану ұғымы қандай сөздерден тұрады? (табиғат және тану)
2 - жүргізуші:
2) Күн дегеніміз не? (балқылған ыстық газды дене)
1 - жүргізуші:
3) Күн жүйесіне неше ғаламшар кіреді? (9)
2 - жүргізуші:
4) Жер тобына жататын ғаламшар? (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)
1 - жүргізуші:
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай - адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене...
Дей отырып, 2 - ші бөлімнің «Информатика» кезеңіне кезек берейік! (Тақтада құрылғылардың суреті нөмірленіп көрсетілген).
1 - жүргізуші:
1) Компьютер құрлымына кіретіндерді атаңдар. (3, 4, 6) 3 балл
2 - жүргізуші:
2) Ақпаратты енгізу құрылғысын атаңдар. (4, 7, 2, 1) 4 балл
1 - жүргізуші:
3) Ақпаратты шығару құрылғысын атаңдар(3, 5, 7, 8) 4 балл
2 - жүргізуші:
4) Мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрал (1) 1 балл
1 - жүргізуші:
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің есігін ашты, көзін тауып
Ньютон, Колмогоров, Ковалевская
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер.
Жас достар, зерделеніп меңгеріңдер
Дей отырып, 2 - ші бөлімнің «Математика» кезеңіне кезек берейік! Бір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
2 - жүргізуші:
1) Бақтағы 150 ағаштың 10 - нан 1 - і алма ағаштары. Бақта неше алма ағашы бар? (15) 1 балл
1 - жүргізуші:
2) Ыдыстағы 24 кәмпиттің 4 - тен 1 бөлігі балаларға берілді. Ыдыста неше кәмпит қалды? (18) 2 балл
2 - жүргізуші:
3) Бидондағы 24 л сүттің жартысы құмыраға, ал қалған сүттің 6 - дан 1 - і банкаға құйылды. Бидонда неше литр сүт қалды? (10 л) 3 балл
1 - жүргізуші:
4) Бірінші күні 69 кг көкөніс сатылды. Бұл екінші күні сатылған көкөністің 5 - тен 3 - індей. Екі күнде неше килограмм көкөніс сатылды? (184 кг). 4 балл
Ең аз ұпай жинаған 3 ойыншымен қоштасамыз.
2 - жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Дей отырып, 3 - ші бөлім «Логика» кезеңіне кезек берейік!
1 - жүргізуші: Өрмекші мен шыбын кубтың қарама - қарсы төбелерінде отыр. Өрмекші шыбынға бару үшін кубтың қырымен және оның диагоналымен жылжиды. Өрмекші шыбынға неше нұсқада бара алады? Әр дұрыс жауапқа бір балл. (6 нұсқада)

2 - жүргізуші: Таңертеңгі сағат 8 - де элеватордан астық таситын үш машина шықты. Машиналардың біріншісі 3 сағатта, 4 сағатта, ал үшіншісі 6 сағатта элеваторға қайтып оралып отырды. Егер машиналар бір қалыпты жүріп тұрса, олар сағат нешеде элеваторда қайта кездеседі? ( сағат 20. 00 )
Көрермендермен ойын
- шаршының қабырғасы 5 см ауданын тап. (25см2)
- Құрманғазы шәкірті кім? (Дина)
- Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады? (карта)
- 1 жұмыртқа 3 минут піссе, 5 жұмыртақа қанша уақытта піседі (3 минут)
- 6 м бөренені 1 метрден неше жерден кесу керек? (5)
Қорытынды
1 - жүргізуші:
Сөз әділ қазы алқасы мүшелеріне беріледі.
Марапаттау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 368
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы, Жансүгіров атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жауынбаева Назира Токтасыновна
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Қайталау
Қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылы,Қ. Пірімов атындағы №103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тоқсанбаева Биғанша
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×