Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық марафон сайыс

13 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің
математика пәнінің оқытушысы
Асқарова Майра Кәрібекқызы

Сайыстың тақырыбы: «Математикалық марафон»
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Барысы:
1. Сайысқа қатысушыларды таныстыру.
2. Сайыстың бөлімдерімен таныстыру.
3. Сайыстың уақытылы басталуын қадағалау

1 - жүргізуші: Армысыңдар, ағайын,
Ағайын тілін табайын
Бармысыңдар бауырлар
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар

2 - жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс - жазда
Ізетке ие інілер,
Інілер еті тірілер

1 - жүргізуші: Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып
Көрермендер аман ба?
Отырған анау ойланып
Екеуі бірігіп: Бәріңізге бір сәлем.
Сіздерді әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:
1. ________
2. _________
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математикалық марафон» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші: _______ бүгінгі сайысымыз неге марафон деп аталады?

2 - жүргізуші: Өйткені, марафонға қатысушы әрбір адам, бірнеше сайыскерлермен жарыса отырып, мәреге ең бірінші болып жетуді көздейді. Бүгінгі біздің сайысымызға қатысушылар да «мен жеңімпаз боламын» деген мақсатпен математикалық марафонымызға қатысуға ынтасын білдірді. Олай болса, нағыз білімді жас мәреге жетеді деп ойлаймын!
1 - жүргізуші: Демек, біз бүгін математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысады екенбіз ғой?
2 - жүргізуші: Ия, біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
1 - жүргізуші: Ал енді, бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Таныстыру, бәйге, жеті жұмбақ, тіл - өнер, көкпар, жорға және жекпе - жек. «Бәйге» кезеңінен кейін ең аз ұпай жинаған 2 оқушы, «Жеті жұмбақ» кезеңінен кейін де ең аз ұпай жинаған 2 оқушы, «Тіл – өнер» кезеңінен кейін де 2 оқушы, «Көкпар» кезеңінен кейін де, «Жорға» кезеңінен кейін де 2 оқушы ойыннан шығып отырады. Сонда «Жекпе - жек» кезеңіне 2 оқушы қалады.
2 - жүргізуші: Олай болса, алдыменен бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық

Таныстыру
1 - жүргізуші: Оқушыларды таныстырып өтеді
2 - жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз, - дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын 1 - бөлімін бастаймыз. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

БӘЙГЕ
1 - жүргізуші: 1 - сұрақ: Геометрия сөзі грек тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді?(жер өлшеу)
2 - жүргізуші: 2 - сұрақ: Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан?(«Әл - жебр»деген араб сөзінен шыққан)
1 - жүргізуші: 3 - сұрақ: Математик, дәрігер, ақын музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әль - Фараби)
2 - жүргізуші: 4 - сұрақ: Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы бар)
1 - жүргізуші: 5 - сұрақ: П - дің мәні нешеге тең?(3, 14 - ке тең)
2 - жүргізуші: 6 - сұрақ: «Миллион» деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы? (Ы. Алтынсарин)
1 - жүргізуші: 7 - сұрақ: Пифагор теоремасын айтыңыз? (Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты оның катеттерінің квадраттарының қосындысына тең)
2 - жүргізуші: 8 - сұрақ: Планиметрия нені зерттейді? (жазықтықта геометриялық фигуралардың қасиеттерін зертейді)
1 - жүргізуші: 9 - сұрақ: Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (Теорема)
2 - жүргізуші: 10 - сұрақ: Қайсысы артық sin 30˚алде sin 60˚ (sin 60˚)
1 - жүргізуші: 11 - сұрақ: 35 нешеге тең? (243)
2 - жүргізуші: 12 - сұрақ: 3, 5 таяқтың неше ұшы бар? (8)
1 - жүргізуші: 13 - сұрақ: π саны рационал, әлде иррационал сан? (иррационал)
2 - жүргізуші: 14 - сұрақ: 50 - ді 0, 5 - ке бөліңдер (100)
1 - жүргізуші: 15 - сұрақ: 25 нешеге тең? (32)
2 - жүргізуші: 16 - сұрақ: у=х3 функциясының графигі қалай аталады? (гипербола)
1 - жүргізуші: 17 - сұрақ: у=х2 функциясының графигі қалай аталады? (парабола)
2 - жүргізуші: 18 - сұрақ: │х│=4 теңдеуінің түбірлері? (- 4, 4)
1 - жүргізуші: 19 - сұрақ: Бір жазықтықта жататын және қиылыспайтын түзулер? (параллель түзулер)
2 - жүргізуші: 20 - сұрақ: sin2α+cos2α - нешеге тең? (1 - ге тең)

1 - жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз 2 оқушы ойыннан шығады. Сіздерге рахмет!
Жеті жұмбақ
2 - жүргізуші: Шығыс елдерінде 7 санын әсіресе құрметтеген, жер дүниені 7 мен белгіленген.
1 - жүргізуші: Вавилондықтардың сенуі бойынша жер астындағы жұмаққа жету үшін негізгі жеті қақпадан өту керек.
2 - жүргізуші: Ай туып жеті күннен кейін жартылай толып, одан кейінгі жеті күннен кейін жарты болып, ал келесі 7 күннен кейін аспанда тек қана жұлдыздар қалады. Содан 4 аптадан, әр апта 7 күннен «ай» деген ұғым пайда болды.
1 - жүргізуші: «Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп - қисап, сан цифр термек үшін,
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін» - деп ойынымыздың «Жеті жұмбақ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.
2 - жүргізуші:
1 - жұмбақ: Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады? (Дәреже)
1 - жүргізуші:
2 - жұмбақ: Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан)
2 - жүргізуші:
3 - жұмбақ: Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін - бірі қуғандар
Ханы үшін де жаны үшін де
Бермейді олар намысын. (шахмат)
1 - жүргізуші:
4 - жұмбақ: Күшіне сенген бір мықты
Жығып салды сегізді. (шексіздік)
2 - жүргізуші:
5 - жұмбақ: Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді
Бірін - бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді. (параллель түзулер)
1 - жүргізуші:
6 - жұмбақ: Айналған шешу құралына,
Төра саны араласқан құрамына.
«Теңдеудің түбірлері нешеу?» - деген
Қандай сан жауап береді сұрағыма (Дискриминант)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 912
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Балалардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Математикалық сандық
Математикалық сандық
Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Математикалық сайыс
Математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ бастауыш сынып мұғалімі Жалбирова Алмира Абишевна
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәнінің мұғалімі Нұрсұлтанова Эльвира Хамитовна
Математика көшбасшысы
Математика көшбасшысы
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Х. Мұстафина атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×