Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты сағат

30 қараша 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушылардың математикадан алған білімдерін нығайту, тереңдету, кеңейту, қолдана алу;
2. Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін, ой - өрісін дамыту, логикалық есептеу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, «Қызықты сағат» сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: Практикалық
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: А1 форматты плакат, логикалық тапсырмалар, мақал - мәтелдер, тесттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу;
2) Сабаққа даярлығын тексеру;
3) Үй тапсырмасын сұрау:
Ауызша сұрақтар арқылы үй тапсырмасы тексеріледі:
1 - топқа: Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды түсіндіріңдер;
2 - топқа: Ондық бөлшектерді көбейту мен бөлу қалай орындалады?
4) Сыныпты екі топқа бөлу арқылы сайыс сабақ түрінде өтетіні туралы хабарлау;
5) Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Бүгінгі сайыс сабағымыз 3 кезеңнен тұрады:
І кезең: Сөзжұмбақ сайысы – әр топтан кезекпен шығып сөзжұмбақ тапсырмаларын орындайды (әр дұрыс жауап оқушыға 1 ұпайдан береді);
ІІ кезең: Біліктілік сайысы – әр топтан 2 оқушыдан шығып тапсырманы орындайды (әр дұрыс жауапқа 3 ұпай);
ІІІ кезең: Тапқырлық сайысы – кезекпен оқушылар шығып, логикалық тапсырмалар мен мақал - мәтелдер жазылған топшамаларды алып, сондағы тапсырмаларды орындайды (дұрыс жауап берген әр оқушыға 1 ұпай).

І. Сөзжұмбақ сайысы
Тақтаға кезекпен оқушылар шығып берілген сөзжұмбақты сұрақтарына жауап беру арқылы толтырады (көлденеңінен және тігінен):
1. Құрамында тек қана сандардан тұратын өрнек (санды);
2. Шеңберді тең екі бөлікке бөлетін кесінді (диаметр);
3. Сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын
бөлінді қандай орта деп аталады? (арифметикалық);
4. 1 – ге және өзіне ғана бөлінетін сан (жай);
5. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік (теңдеу);
6. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан (аралас);
7. Р = а + b + с ненің формуласы?(периметр);
8. Бірліктен де кіші разрядтары бар бөлшек (ондық);
9. % - қалай оқылады? (пайыз);
10. Шеңбердің дәл ортасы (центр);
11. Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан (мода);
12. Шеңбердің центрі мен кез келген нүктесін қосатын кесінді (радиус);
13. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек қалай аталады (бұрыс);
14. 90° - қа тең бұрыш (тік);
15. 0, 2, 4, 5, 6, 8 – ге аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп);
16. Бөлшектің үсті (алымы);
17. 2 – ге бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ).
Дұрыс жауап берген оқушының тиесілі ұпайы өз тобына қосылады.

ІІ. Біліктілік сайысы
Плакатта 4 ұяшық берілген, онда есептер мен тесттерден тұратын тапсырмалар жазулы, әр топтан 2 оқушыдан шығып бір ұяшықты таңдап, сондағы тапсырманы тақтада орындайды.
1 – ұяшық тапсырмасы (тест): Самал, Аружан және анасы бәліш жеді. Самал бәліштің 1/2 бөлігін, Аружан ¼ бөлігін және анасы ¼ бөлігін жеді. Сонда қанша бәліш қалды?
А) ¾;
Ә) 2/4;
Б) ¼
В) Ештеңе қалмады
2 – ұяшық тапсырмасы (есеп): Жылдамдықты табу формуласын тақтаға жазып, оқулықтың №1446 есебін орындау.
Сұрақтың жауабы: υ = S / t
Есептің жауабы: 2, 1 м/с.
3 – ұяшық тапсырмасы (тест): 7/10 санын қалай жазуға болады?
А) 0, 07;
Ә) 0, 007;
Б) 0, 7;
В) 70.
4 – ұяшық тапсырмасы (есеп): Санның пайызын табуды түсіндіру, оқулықтың №1449 есебін орындау.
Сұрақтың жауабы: Санның пайызын табу үшін пайызды 100 - ге бөліп, берілген санға көбейту керек.
Есептің жауабы: 45, 9 кг – темір, 5, 1 кг – никель
Әр дұрыс жауап берген оқушының ұпайы тобының үлесіне қосылады.

ІІІ. Тапқырлық сайысы
Логикалық есептер мен мақал - мәтелдерден тұратын 12 топшамалар берілген, оқушылар кезекпен алып, сондағы сұрақтарға жауап береді.
Логикалық сұрақ: Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Дәурен бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан)
Мақал – мәтел:... жақсы қас болмас,... жаман дос болмас (Екі)
Логикалық сұрақ: Допты лақтырғанда, доп сол ізімен қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)
Мақал – мәтел: Досыңды... күн сынама,... жыл сына (Үш)
Логикалық сұрақ: Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? (Жанат)
Логикалық сұрақ: Жүгіру жарысынан Әсет, Марат, Талған үш орынды иеленді. Егер Марат ІІ орын алмаса, ал Талғат ІІІ орын алмаса, кім қандай орын алды? (І – Марат, ІІ – Талғат, ІІІ – Әсет)
Мақал – мәтел: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,.... түгел болса, төбедегі жетеді (Төртеу)
Логикалық сұрақ: Көшеде екі әкесі, екі баласы, атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? (Үшеу)
Мақал – мәтел:
... теңгең болғанша,... досың болсын! (Жүз)
Логикалық сұрақ: Бес жыл бұрын егіздердің жастарының қосындысы 8 – ге тең болды. Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең болады? (18)
Мақал – мәтел:
... тал кессең,... тал ек! (бір және он)
Мақал – мәтел:
... саусақ бірдей емес. (Бес)
Дұрыс жауап берген оқушы өз тобына 1 ұпайдан әкеледі.
Ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықталады.

Қорытындылау: Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақ қорытындыланады.
Бағалау: Белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма:
Сабақ аяқталды! Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
4 719
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану. Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйiр болады, Досың солар – табылатын қасыңнан.
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшекті қосады және азайтады Әртүрлі разрядтағы ондық бөлшектерді азайтады
Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару
Математика пәні мұғалімі Мырзабаева Зере Асқарқызы
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Абишев Жумабек Абдраманович
Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыбына есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыбына есептер шығару
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Аринова Толқын Қапидоллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×