Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 - ге көбейту және бөлу кестесі

18 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Ақжігіт селосы, М. Бегенов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Мақсымбаева Рахия

Сабақтың тақырыбы: 8 - ге көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты: кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 8 – ге көбейту және бөлуді үйрету, ұғындыру.
Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау, ойлау қасиеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, логикалық ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойға ұтымды тез жауап беруге баулу.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Түрі: жаңа сабақ.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық:
Сендерге табыс тілеймін,
Жарық пен жылу, денсаулық!
Тұр алда есеп, мысалдар,
Тапқырлықты да ұштаймыз.
ҚОСУДЫ КӨБЕЙТУМЕН
Ауыстыруды білеміз
Біліммен көзге түсеміз.

ІІ. Тірек білімді өзекті ету.
Ауызша жұмыс.
а) Азайтуларды орындау.
846 – 629 = 217
568 – 284 =284
325 – 157 =168
674 – 305 =369
«Кім жылдам?» ойыны.
2 кірпінің құлағы нешеу? ( 4)
8 қоянның аяғы нешеу? (32)
7 торғайдың қанаты нешеу (14)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Дәптерге күннің жады мен жаңа тақырыпты жазу
Балалар, жылдың қай мезгілі?
Қыс
Қыста қандай ойын түрлерін ойнағанды жақсы көресіңдер
Аққала жасап, сырғанақ теуіп, шанамен сырғанап ойнаймыз.
Олай болса, балалар бүгін біз қысқы ойын түрлерімен жақынырақ танысамыз. Сабағымыз ойын түрінде өтеді.
Ал енді балалар, сендердің жақсы көретін, қыста қызығып ойнайтын спорттық ойындарыңмен жақынырақ танысамыз да берілген тапсырмаларды орындаймыз. Ол үшін жұмбақ тар шешеміз.
1. Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан тұрады
Тауып көрші, сен оны
Ол не? ( Аққала)
Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, тақтаға қарайықшы. Мұнда 8 – ге көбейту кестесі жазылған.
- Неге сегізден басталып тұр? (1 *8; 2*8; 3*8; 4*8; 5*8; 6*8; 7*8)
- яғни, 8 – ді 8 – ге көбейту дегеніміз 8 – ді өзіне 8 – рет қосу.
3 – слайд 8*8=8+8+8+8+8+8+8+8
8*9=8+8+8+8+8+8+8+8+8
8*8=64
64/8=8
8*9=72
9*8=72
72/8=9
2”Шанамен сырғанау “ ойыны
Мінсем, төменге зу етем
Өрмелесем, өзімді сүйретем.
Ол не? (Шана)
- Өте жақсы, балалар келесі ойынымыз шанамен сырғанап, жарысып ойнаймыз.

4 – слайд №2. Бос орындарға тиісті сандарды қою.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 566
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қалдықпен бөлу 907: 2
Қалдықпен бөлу 907: 2
Қалдықпен бөлу, көбейту және бөлу бөлімі бойынша алған білімін пысықтау, қорыту;
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу
Көбейту және бөлу
16*5, 80: 5 түріндегі көбейту, бөлуді меңгереді.
7 - ге көбейту және бөлу
7 - ге көбейту және бөлу
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы №43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметжанова Д. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×