Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы, Әуезов кенті.
Бастауыш сынып мұғалімі
Сарсембаева Индира Жумабековна

Тақырыбы: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу.
Мақсаты: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілімен таныстыру,
(42: 3), шығару біліктігін, дағдыларын жетілдіру;
Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, өздік жұмыс.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 7, 12.

ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.
1. Санды қолайлы қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып, шығар.
38: 2 = (20 +18 ): 2 = 20: 2 + 18: 2 = 10 + 9 = 19
56: 4 = (40 + 16): 4 = 40: 4 + 16: 4 = 10 + 4 = 14
57: 3 = (30 + 27): 3 = 30: 3 + 27: 3 = 10 + 9 = 19
2. Дөңгелек ондықтарды бір таңбалы санға бөлу.
30: 3 = 10;
40: 4 = 10
50: 5 = 10
60: 6 = 10 т. с. с.
ІҮ: Жаңа материалды түсіндіру. (кесте)
№ 2. Бөлуді түсіндіре отырып орындау.

Ү. Өткен материалды бекіту.
1. Жұптық жұмыс. № 3. Өрнектердің мәндерін тап:
45: 3 + 15 = 15 + 15 = 30
84 + 64: 4 = 84 + 16 = 100
100 – 54: 3 = 100 – 18 = 82

3. Теңдеуді шеш. № 5.
4. № 6. Есепті кесте бойынша құрастырып, шығар:
Ш: 78: ( 52: 4) = 78: 13 = 6
Ж: 6 қорап кәмпит.
№ 8. Тік төртбұрыштың периметрін тап.
Ұзындығы – 48 см
Ені -?, ұзындығынан 3есе кем.
Р =?
Р = (48 + 48: 3) ∙ 2 = 64 ∙ 2 = 128(см)

ІҮ. Сабақты қорыту: 1). Шығармашылық жұмыс № 9. 2) жылдамдыққа № 10.
Ү. Үйге тапсырма: № 7. 261 бет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 903
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×