Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан аралықтары

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,
"Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика пәнінің мұғалімі Абдиева Мөлдір

Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтары
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Сан аралығы ұғымын енгізу және оның координаталық түзудегі кескінделуін үйрету. Санды теңсіздіктердің шешімдерінің әр түрлі жағдайын сан аралығында кескіндей білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Тиімді әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, өздігінен жұмыс жасау, математикалық тілде өз ойларын нақты және дәл жеткізе білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, ұйымшылдыққа және тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ой қозғау, оқулықпен жұмыс, кесте толтыру, сәйкестендіру тесті, жеке оқушымен жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызғыш, слайдтар

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ
III. Сабақты бекіту: «Сәйкестендіру» ойыны.
IV. Оқулықтан есептер шығару.
V. Кестені толтыр.
VI. Қорытынды жасау " Қызықтыру есептер" ойыны
VII. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты оқып үйрену
Координаталық түзудегі a және b сандарына сәйкес нүктелердің аралығы a және b сандарының аралығын кескіндейді. (1 – сурет).

Сан аралығының біз қарастыратын түрлері: (2 – сурет).
Санды теңсіздіктердің шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазуды үйренейік.

1. теңсіздігінің шешімдерін сан аралығында белгілеуді қарастырайық. Берілген теңсіздігінің шешімдерінің жиыны координаталық түзуде координаталары 2 және 7 болатын нүктелердің арасында кескінделеді. Мұны 2 – ден 7 – ге дейінгі сан аралығы немесе «интервал» деп атайды. Белгіленуі: (2; 7). Оқылуы: «2 – ден 7 – ге дейінгі аралық». Бұл қатаң қос теңсіздік болғандықтан, оның шешімдер жиынына координаталары 2 және 7 болатын нүктелер енбейді. ол сызбада координаталық түзу бойындағы (нүктедегі) кішкене шеңбермен белгіленген.

2. қатаң емес қос теңсіздігінің шешімдер жиынын сан аралығымен кескіндеуді қарастырайық. Теңсіздік қатаң емес болғандықтан, оның шешімдер жиынына сан аралығын көрсетіп тұрған – 4 және 3 сандары қоса енеді. Координаталық түзуде сан аралығына енетін нүкте кішкене дөңгелекпен кескінделген. Мұндай сан аралығын «кесінді» деп атайды. Белгіленуі: [ - 4; 3].
Оқылуы: « – 4 саны мен 3 саны қоса алынған – 4 – тен 3 – ке дейінгі аралық».

3. теңсіздігінің шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілейік. теңсіздігінің шешімдер жиынына – 2 саны енеді, бірақ 4 саны енбейді. Мұндай сан аралығы «жартылай интервал» деп аталады. Белгіленуі: [- 2; 4]. Оқылуы: «– 2 саны қоса алынған – 2 – ден 4 – ке дейінгі аралық».

4. теңсіздігі шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілейік. теңсіздігі қатаң емес болғандықтан, оның шешімдер жиыны координаталық түзуде басы координатасы 8 – ге тең нүкте болатын сәулемен кескінделеді.
Мұндай сан аралығын «сәуле» деп атайды. Жазылуы: [8;+∞). Оқылуы: «8 саны қоса алынған 8 – ден плюс шексіздікке дейінгі аралық». Мұндағы ∞ - шексіздіктің белгіленуі.

5. x<5 теңсіздігі шешімдерінің жиынын сан аралығында белгілейік.. x<5 теңсіздігінің шешімдер жиынына минус шексіздіктен (-∞) 5 - ке дейінгі аралық енеді. 5 саны теңсіздік шешіміне енбейді. Сондықтан мұндай сандар аралығын «ашық сәуле» деп атайды. Белгіленуі:. Оқылуы: «минус шексіздіктен 5 - ке дейінгі аралық».
III. Сабақты бекіту.
№931(ауызша)
IV. Оқулықтан есептер шығару.
№932(т), 933(т)
V. Кестені толтыр. Берілген сан аралықтарының тиісті аттарын (интервал, кесінді, сәуле, жартылай интервал) жазып, кестені толтырыңдар

VI. Қорытындылау. Қызықты сұрақтар
1. Өзінше ноян,
Бірақ та қорқақ
Бұл не? (қоян)
х<3 теңсіздігінің шешімдерін
координаталық түзуде көрсет (-∞; 3)
2. Берілген сана аралығын оқы.
(4; 9)
2) Есте сақтаймын, ұмытпаймын!
VII. Үйге тапсырма.

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін арттыру, оқушыны ұқыпты тыңдауға, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білу мақсатында өз білімін нақты көрсете алуға дағдыландыру.
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
"Қырғызсай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі Валиева Мариям
Сан аралықтары
Сан аралықтары
Сан аралықтарын және санды теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында белгілеуін білу және есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы
Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Өтеубаева Жанар Абдибаевна
Сан аралықтарына есептер шығару
Сан аралықтарына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру.
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×