Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығару

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Математика
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№28 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Математика пәні мұғалімі: Есиркепова Алмагул Бейбитбаевна

Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Қысқаша көбейту формулалары, осы формулаларды пайдаланып есептер шығару, алған білімдерін жүйелеу, логикалық есептер шығару.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімге деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту, іздендіруді жүзеге асыру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды патриоттыққа, ұлтжандылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тапсырма жазылған карточкалар, компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау

II. Оқушыларды а² - в², ( а – в )², ( а + в )² стикерлері арқылы 3 топқа бөлеміз. Әр топ топ басшыларын сайлап алады. Бүгінгі біздің сабағымыз ойын, әрі жарыс түрінде өтеді.
Бәріміз 2017 жылы Қазақстанда тұңғыш рет ЕХРО - 2017 атты тарихи маңызы бар көрме өткізілетінінен хабарымыз бар. Біздің бүгінгі мақсатымыз әр компания тендерге түсу барысында сол кезге дейін салынатын ғимараттардың құрылысын жеңіп алуымыз қажет. Қай компания тендерді жеңіп алса сол компания жеңімпаз атанады.

1. Тендер тапсырмалары
Тақтадағы ұяшықтар арқылы қысқаша көбейту формулаларын ауызша қайтала

2. Тендер есептері:
(5в – 4х) (5в + 4х)
144 - у²
( m+n)²- ( m - n)²
( 1/3 а - 1/2в ) ( 1/3 а + 1/2 в )
х² - 6ху + 9 у²
( а - 1 ) ( а² + а +1) - а² ( а - 8)

3. Тендер тапсырмасы (логикалық есептер, сұрақтар)
1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды шірітеді?
2. Ноль санын алғаш ойлап тапқан адам кім?
3. Кімді математика королі атаған?
4.(әзіл есеп) Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гулзат 8 жігітпен, Айгул 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған?
5. Үнділіктер оны «Сунья» деп атаған, ал араб математиктері «Cифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз?
6. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар
7. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан. Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ. Алғашқыда үстел үстінде қанша кәмпит болған?
8. Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?
9. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
10. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма?
11. (әзіл есеп) Бір бала ас уйде тарақандарды ұстап жүріп, 5 - ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті, бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды?
12. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды?
13.(әзіл есеп) Әсет пен Азатқа анасы 5 тәтті тоқаштан әперді. Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минут жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жындана жаздады. Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды?
14. Еменде 3 бұтақ, ал әр бұтақта 3 алмадан бар. Барлығы неше алма?
15. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қандай сандар?
16. Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні қалай атайды?
17.(әзіл есеп) Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда ол 5 минут бақырды, ал ара шағып алғанда ол 3 минут ұзақ бақырды, өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан 2 есе көп уақыт бақырды. Анасы Есетті 11 минут жуындырды. Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?

4. Тендер тапсырмалары.
Теңдікті дұрыс теңдікке айналдыратындай етіп, жұлдызшаның орнына тиістісін қой.
(* + 2в)² = а² + 4ав + 4в²
(5х² + * ) ( 5х 2 - *) = 25 х4 – 16у4
а4 – 225в10=( а² -*) (* + а²)
(3а – 0, 5 в)² = 9а² - * + 0, 25 в²
(2а + 4в)² = * + 16 ав + 16в²
(2х² - 3а) (2х² + 3а) = * - 9а²

5. Тендер тапсырмасы
Берілген шашыраңқы әріптердің орнын табу (сергіту мақсатында)

6. Тендер тапсырмасы
Әр топ басшыларына деңгейлік тапсырмалар беріледі.
( х - 4с) ( х+4с)=
х² +2х +1=
( а + 6в )²=
( 4 - 5х)² - 64 =
81х² - 9 = 0

Астанадағы ЕХРО - 2017 көрмесі Орталық Азия мен ТМД елдерінде өткізгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Бұл көрме 3 айға, яғни 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылмақ. Оған әлемнің 100 - ге тарта елі және 10 - ға жуық халықаралық ұйымдары қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. Бұл Республикамыздың халықаралық ілгерілеу жолындағы үлкен қадамы. Бұл кезде Астана және оның маңындағы аймақтардың бизнесі дамуы ерекше серпінге ие болады, халыққа қызмет көрсету, қонақ үй, туризм салаларының ұтары мол. Астананың бәсекелестік күресте жеңіске жетуі біріншіден біздің астанамызды әлемдік деңгейдегі оқиғаны қабылдауға лайықты орталық деп танығандық, екіншіден, біздің мемлекетімізге берілген үлкен баға, үшіншіден жеңіске біз ұсынған - «Болашақтың энергиясы» тақырыбы көмектесті. Астанадағы ЕХРО - 2017 көрмесі Қазақстан Республикасы елордасының үздік брендтерінің бірі және аса әдемі нысан болады.

Сабақты қорытындылау. Жеңімпаз компания мүшелерін құттықтау
Оқушыларды бағалау.
5 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнделікті сабақ жоспары (алгебра 8 сынып)
Күнделікті сабақ жоспары (алгебра 8 сынып)
Дәреженің қасиеттерін есептер шығару барысында қолдана алу дағдыларын тексеру есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы, С. Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі: Әлмұратова Перизат Керізбайқызы
Математикадан сабақ топтамасы
Математикадан сабақ топтамасы
Матемтаика пәні мұғалімі Отарбаева Сәнім
Екі өрнектің қосындысының кубына есептер шығару
Екі өрнектің қосындысының кубына есептер шығару
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба селосындағы №4. М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі Абдрахманова Кунсая Алмасовна
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып қайталауға есептер шығару
Қысқаша көбейту формулаларын қолданып қайталауға есептер шығару
Бирманова Күнсұлу Насырқызы Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×