Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кесінді ортасының координаталары есептер шығару

02 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Математика
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
«№19 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Математика пәнінің мұғалімі Татаева Каламкас Егинбаевна

Сабақтың тақырыбы: Кесінді ортасының координаталары есептер шығару
Мақсаты: Жаңа талапқа сай, жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып, еліміздің ертеңі болар жас ұрпаққа сапалы білім беру
Білімділігі: Теориялық материалдарды нақты есептер шығарту арқылы оқушыларға меңгерту, кесінді ортасының координаталарын табу есептерді шешу дағдыларына жетілдіру
Дамытушылығы: Оқушыларға ғылыми бағдар беріп, дербес тұжырымдар жасауға баулып,
ой - өрістерін дамыту
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу, өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы:

Білімді жастарға
тендер жариялап отыр.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
"Ақжол" білім
орталығын ашуға тендер жариялаймыз!!!
Тендер шарттары
1. “Алғашқы қадам”
2. Лездік тапсырмалар
3. “Біліктілік” сайысы
4. “Алғырлық кілті”
5. “Шығармашылық сатысы”
6. “Шешуші сәт”

І бөлім "Алғашқы қадам
Үй тапсырмасын тексеру
№ 175
І. Лездік тапсырмалар
(сұрақ - жауап)
«Тікбұрышты координаталар жүйесі» ұғымын түсіндіру
Координаталық осьтер жазықтықты неше бөлікке бөледі?
Тікбұрышты (декарттық) координаталар жүйесі не үшін енгізіледі?

Кесіндінің ортасы болатын нүктенің координаталарын табу формуласы
Жауаптар
Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық деп аталады.
Санақ басы ортақ, өзара екі перпендикуляр түзуді координаталық жүйе деп атайды.
Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Оларды ширек деп атайды.
Ширек таңбаларының орналасуы жөнінде айту.

"Біліктілік" сайысы

(Тапсырмалар беру)
№1
А(- 3; 8), В(7; 5), және С(6; 8) нүктелері – АВС үшбұрышының төбелері. Үшбұрыштың ВС, АС және АВ қабырғаларының орталарының координаталарын табыңдар.
№2
А(1; 3), В(2; 5), және С(- 1;- 5) нүктелері АВСД параллелограмының ретімен алынған үш төбесі. Параллелограмның төртінші төбесінің және диагоналдарының қиылысу нүктесі М - нің координаталарын табыңдар.
"Алғырлық кілті"
(Оқулықпен жұмыс)
№176
№177
"Шығармашылық саты"
• Декарттық координаталар ғылымның қай саласында қолданылады?
Дәрігер науқас температурасының графигін.
Экономист өндірістің өсу графигін.
Ұстаздар оқушылардың білім сапасын.

• Жұмбақтар шешіп, мақал - мәтел жалғасын табу

Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш

Үш ұлы әке сөзін жықпайды екен,
Ақылы бір тік мінез ұқпайды екен.
Қақ жарған қара қылды 2 ұлы
Әкенің уысынан шықпайды екен. / медиана биіктігі /.

"Шешуші сәт"
Төртбұрыштар бар төркөзді анықта

Үйге тапсырма:
1. №174
2. 5 тест тапсырмасын құрып келу
Оқушыларды бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
6 181
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Кесінді ортасының координаталары
Кесінді ортасының координаталары
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Функцияны туындының көмегімен толық зерттеп, графигін салу
Функцияны туындының көмегімен толық зерттеп, графигін салу
Астана қаласы, Менеджмент және бизнес колледжі Математика пәні мұғалімі Бегишова Канзила Давлатяровна
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Атырау қаласы, №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Унайжанова Аршан Закарияқызы
Жазықтағы нүктенің координаталары. Кесінді ортасының координаталары
Жазықтағы нүктенің координаталары. Кесінді ортасының координаталары
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Өтеубаева Жанар Абдибаевна
Анықталмаған интегралдың негізгі таблицалық формулалары
Анықталмаған интегралдың негізгі таблицалық формулалары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға анықталмаған интегралдың негізгі таблицалық формулаларын меңгерту, практикада қолдана білуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және бәсекеге қабілетті тұлға етіп
Екі нүктенің арақашықтығы
Екі нүктенің арақашықтығы
Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×