Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рационал сандарды бөлу

04 желтоқсан 2016, Жексенбі
Категориясы: Математика
Рационал сандарды бөлу
Математика 6 сынып
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама сына сілтеме)
• Бөлу амалы мен көбейту амалының байланысты екенін еске түсіріп, рационал сандарды бөлуді біледі.
Таңбалары әртүрлі рационал сандардың бөліндісі мен екі теріс сандардың бөліндісін табу жолдарын түсінеді. Мысалдар келтіреді. Таңбалар ережесін қолданады, рационал сандарды бөлуге есептер шығарады.

Сабақтың басы
Оқушылар бір - біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды.
Топқа бөлу
Қызығушылықты ояту
Мына формулалар қай қасиеттерге тән:

мұндағы a, b және с - кез келген рационал сан болса
Таңбаны анықтаңыз.
(+)▪ (+) =
(+)▪(-)=
(-)▪ (+)=
(-)▪(-)=

Дескриптор:
Анықтамаларды айтады
Бірдей, әр түрлі сандарды ажыратады.
(-)
(+):(-)=(-)

Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары әр түрлі болса, бөліндінің мәні теріс сан болады

Сабақтың ортасы
Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтап алу
Мағынаны тану:
Тақырып жоспары:
І топ
1. Рационал сандарды көбейту мен бөлу амалдарының байланысы.
ІІ топ
2. Рационал сандарды бөлу дағдысын қалыптастыру.
ІІІ топ
3. Таңбалары бірдей сандарды бөлу үшін:
Рационал сандарды көбейту мен бөлу амалдарының байланысы.

Бөлу амалының көбейту амалымен байланысты екені белгілі.
а: в=с болса, онда а=в∙c, а=с∙в, а: в=с
Бөлу мен көбейтудің байланысын қолданып, екі теріс рационал санның бөліндісінің мәнін табайық.
Мысалы: - 12÷(- 3) бөліндісінің мәнін табайық.
Шешуі: - 12=(- 3)∙4 болғандықтан, (- 12) және (- 3) теріс рационал сандардың бөліндісі 4 - ке тең.
Мысалы: - 18:(- 9) бөліндісінің мәнін табайық.
Шешуі: - 18=2∙(- 9 )
- 18:(- 9 )=2
Рационал сандарды бөлу дағдысын қалыптастыру
Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу үшін:
1) Бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек;
Шыққан бөліндінің алдына «-» таңбасын қою керек.
Дескриптор:
1. Рационал сандарды көбейту мен бөлу амалдарының байланысын ажыратады.
2. Рационал сандарды бөлу дағдысын қалыптастыру
Есеп. Өзен суының деңгейі 3 күнде - 45 см - ге өзгерді. Өзен суының деңгейі орта есеппен 1 күнде неше сантиметрге өзгерді?
Шешуі: Өзен суының деңгейінің 3 күндегі өзгерісі - 45 см. Өзен суы деңгейінің 1 күндегі өзгерісі - 15 см. Себебі, (- 15)+(- 15)+(- 15)=- 45 немесе (- 15)∙3=- 45.
Демек - 45÷3=- 15.
Мұндағы - 15 бөліндінің мәні. Бұл жағдайда бөліндінің мәні теріс сан.
Өзен суының деңгейі орта есеппен 1 күнде - 15 см - ге өзгереді. Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесін қолданып, теріс бөлшектерді әр түрлі тәсілмен жазуға болады.

Тарғап ауылындағы орта мектеп МДШО КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Ш. Б. Камалова

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 532
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Математика 6 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Математика 6 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 6 сынып / 204 сағат /
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту ережелерін түсіндіру, оны есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу дағдысын қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету.
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Б. К. Мергенбаев атындағы №226 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Қабақбаева Гүлдана Көмекбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×