Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар

24 желтоқсан 2016, Сенбі
Категориясы: Математика
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Математика 6 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Жалпы шеңбер, дөңгелек, ұзындық, аудан ұғымын еске түсіреді. Шеңбердің ұзындығы және дөңгелек ауданының формулаларын табуды біледі.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын табу туралы білімдерін кеңейтеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданы санымен есептеп шығарады.
Кейбір оқушылар: Радиус арқылы шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын табуға болатынын талдайды

Тілдік мақсат
Оқушылар: мысалдар келтіріп және сипаттай алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Шеңбер, дөңгелек, шар, сфера.
Ұйымдастыру кезең
Сәлемдесу
Түгендеу
Психологиялық дайындық

Қызығушылықты ояту
Басталуы 1 - топ«Шеңбер, дөңгелек, ұзындық, аудан» ұғымын пайдалана отырып, шеңбердің ұзындығы мен дөңгелек ауданын өлш
2 - топ Шар
3 – топ Шеңбердің ұзындығы. саны.

Мағынаны тану
Ортасы
«Шеңбер, дөңгелек, ұзындық, аудан» ұғымын пайдалана отырып, шеңбердің ұзындығы мен дөңгелек ауданын өлшеу
О координата басына қатысты центрлік симметриялы фигура жүргізсек, сонда қандай фигура шықты? (шеңбер)

Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі (шеңбердің өзімен қоса) не деп аталады? (дөңгелек)

Қазіргі уақытқа дейін шаршының, тіктөртбұрыштың ұзындығы мен еніне қатысты фигураның ауданын табуды меңгердік. Енді шеңбердің ұзындығын табуды, оған қатысты диаметр, радиус, санын қарастырамыз.
Шеңбердің ұзындығы.
Шеңбердің ұзындығын өлшеп табуға болады. Мысалы, жиегі шеңбер болатын стаканды алайық. Оның жиегін жіппен орап жіптің ұзындығын сызғышпен өлшейік.
Жіптің ұзындығы шамамен стакан шеңберінің ұзындығына тең. Сонан соң стакан диаметрін сызғышпен өлшейміз.
Тәжірибелер нәтижесінде кез келген шеңбер үшін, шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты санға тең екені анықталады. Бұл сан гректің (оқылуы: «пи») әрпімен белгіленеді.
саны - шектеусіз ондық бөлшек. Есептеулерде дің жуық мәні алынады.
(пи) деген не?
саны - шеңбердің ұзындығының оның диаметріне қатынасын көрсететін және математикада белгілі бір иррационал санды белгілеу үшін қолданылатын грек әрпі. Бұл белгілеуді алғаш рет 1706 жылы ағылшын математигі Джон Мечин пайдаланғанымен жаппай қолданысқа 1736 жылы Эйлердің еңбегінен кейін ғана ене бастады. Ал 1873 жылы ағылшын математигі санының үтірінен кейін 707 таңбасына дейін 15 жыл жұмсады, бірақ 528 - ші таңбада қателесті де, барлық есептеулері қате болды. 2004 жылы токиолық Ясумаса Канада компьютердің көмегімен 1, 24 триллион таңбасын есептеді.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Тарғап ауылы, Тарғап ауылындағы орта
мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ
математика пәнінің мұғалімі Камалова Шнар Болатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 016
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шеңбер мен дөңгелектің қасиеттері
Шеңбер мен дөңгелектің қасиеттері
Егер шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусынан кіші болса, онда түзу мен шеңбердің ортақ екі нүктесі бар болады.
Дөңгелектің ауданы
Дөңгелектің ауданы
Шеңбер – барлық нүктесі берілген нүктеден (шеңбер центрінен) бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық. Шеңбер центрін оның кез келген нүктесімен қосатын R кесіндісі (немесе осы кесіндінің ұзындығы) шеңбер радиусы деп аталады. Шеңбер ұзындығының
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданы туралы, шар туралы ғылыми тұрғыда түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, логикалық ойлау қабілетін және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелек ауданы. Шар.
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелек ауданы. Шар.
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №4 Шұбарқұдық орта мектебінің математика пәні мұғалімі Тампилова Жайнагүл
Математикадан қысқа мерзімді жоспар
Математикадан қысқа мерзімді жоспар
Математика пәні мұғалімі: Мухаметгалий Амангуль
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Өтеубаева Жанар Абдибаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×