Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі

18 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі

Аннотация: Мақалада қазіргі заман талабына сай ақпараттық - коммуникациялық технологиялар көмегімен сабақ жүргізу, ақпараттық құзыреттілік қалыптастырудың басты мақсаты - оқытушылар мен оқушылардың компьютерлік технологияларды өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру, және де математика пәнін оқыту барсында осы ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігі мен жолдары аталып көрсетілген.

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» (Н. Ә. Назарбаев)

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым - қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

Адамның білім деңгейіне қойылатын талаптарды күшейту заңды нәрсе. Мектепте оқушыларға білім беру олардың құзыреттіліктерін дамытуға, өмір бойы білім алуға деген құлшынысын арттыруға бағытталуы керек. Белгілі бір функционалдық сауаттылық деңгейінің болуы құзыреттіліктің дамуының бастауы болып табылады. Бүгінгі таңда функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық өмірге белсене араласуына зор ықпалын тигізетін және өмір бойы білім алуға жетелейтін маңызды факторға айналып отыр.
Мектеп қабырғасында оқушыларға қажетті пәндік білім негіздерін меңгертеміз, алайда олардың алған білімдерін өмірде қолдана білу біліктілігін қалыптастыру назардан тыс қалып жатады.
Оған дәлел ретінде Қазақстанда өткізілген халықаралық PISA зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей мектеп оқушыларының басым көпшілігі мектепте алған білімі мен дағдыларын күнделікті өмірде еркін қолдана білуге дайын еместігін айтуға болады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,
жаратылыстану - математика факультеті,
математика және математиканы оқыту әдістемесі
кафедрасының 1 - курс магистранты Мусинова А. С.

Толық нұсқасын жүктеу
3 545
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс баты ауылы, Қ. Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бағдарламашысы Култанова Куншара Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×