Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика – халық ауыз әдебиетінде

17 ақпан 2017, Жұма
Категориясы: Математика
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, шапшаңдығын, тапқырлығын арттыру.
Міндеттері:
Білімділік: Математикадан алған білімдерін халық ауыз әдебиетінде қолдану;
Дамытушылық: оқушылардың халық ауыз әдебиетіне ой - өрістері мен сөздік қорларын кеңейтіп, тілдерін дамыту:
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетін құрметтейтін білімді, сауатты азамат тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Өткізілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сайыстың тақырыбымен және барысымен таныстыру
1. Топтарды таныстыру
2. Мақал – мәтел білеміз бе?
3. «Абай» ауылына жетемін ба?
4. Логикалық есептер
5. Қорытынды
ә) Топ мүшелерін және әділ - қазыларды таныстыру

2. Таныстыру сайысы: Әрбір топтың топ басшысы өз тобын таныстырады

3. Мақал - мәтел білеміз ба?
1) Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса,
Төбедегі жетеді
2) Жалқаудың екі досы бар: бірі - ұйқы, бірі – күлкі
3) Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
4) Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз елге тарайды
5) Қырық кісі бір жақ
Қыңыр кісі бір жақ
6) Бір түйір дәнде,
Бір тамшы тер бар
7) Жеті атасын білмеген,
Жетімдіктің белгісі.
8) Он екі мүшең сау болса,
Қара басың ханмен тең
9) Алдына бір қарасаң,
Артына он қара
10) Бір құмалақ,
Бір қарын майды шірітеді

4. «Абай ата» ауылына қалай жетемін?
1 - 6 жұмбақтар:
1) Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым.
(Шеңбер)

2) Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында
(Рационал сандар)
3) Қос құлақты жүз тісті,
Жүзінен бір ақ із түсті.(Ара)
4) Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
5) 64 бөлмеде
32 тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін - бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын.
(Шахмат)
6) 1 ағаштың 12 бұтағы бар
Әр бұтағында 30 - дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара кәнеки ойлан тап?
(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
7 - 10 байырғы қазақ өлшемдерінен.
7. Халық арасында жылқыға байланысты қандай қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады?
( «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы»)
8. Ағылшынның дюйм (голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы қандай өлшеміне сәйкес келеді?
(«бармақ»)
9. Сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою - өрнектің мөлшері, т. б... өлшенген.
(Елі)
10. Иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі?
(Құлаш)
11, 12, 13 Абай өмірбаяны.
11. Абай ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі қай медреседе оқиды?
(Ахмет Риза)
12. Абайдың қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан қандай журналда жарық көрді?
(Абай)
13. «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын» деп артына ізін қалдырып кеткен, Абай атамыздың қара сөздері қанша?
(45)

14 - 19 қасиетті сандар.
14. Үш із, Үш мақсат, Үш алыс.
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім.
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы.
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту.
15. Төрт тұлға, Төрт құбыла, Төрт күнә.
Төрт тұлға: от, су, жел, жер.
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік.
Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата - анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.
16. Бес қару, Бес өсиет, Бес қатер.
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.
17. "Жеті" сөзімен байланысты халқымызда қандай сөздер бар?
(жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық )
18. Жеті қазына, Жеті ата, Жеті жетім.
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу - қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
19. Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны - қырық. "Қырық" сөзімен байланысты қандай ырым, дәстүр, сенімдерді білесіңдер?
(Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда "Қырықынан шығару“
деген ырымы бар. Өлген адамның "Қырқын беру" дәстүрі де бар.
Халқымыз келген қонақты "Қырықтың бірі - қыдыр" деп қарсы алу
т. б.
20 - 22 уақыт өлшеуіштеріне
20. 1сағ 5мин минут арқылы өрнекте.
(65минут)
21. 1тәул 3сағ., сағат арқылы өрнекте.
(27сағат)
22. 1жыл 7ай, ай арқылы өрнекте.
(19 ай)
5. Логикалық есептер.
Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
(Айжан – Мұраттың, Маржан – Асқардың қызы)
2. Олар қандай баға алды?
Әсем, Ардақ, Анар, үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім:
-- Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсысыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»- те «5»- те емес деді. Сонда әркім қандай баға алған?
(Әсем – «5», Анар - «4», Ардақ – «3» алған).
6. Қорытынды. Әділ - қазылар сайысты қорытындылап, қай топ алға шыққанын жария етеді.
Қолдаушылар қауымына қызықты ойындар:
Мына қызықты қараңыз:
1) Қолыңызға калькулятор алыңыз.
2) Ұялы телефоныңыздың бастапқы 3 санын енгізіңіз (коды қажет емес, мысалы: 8702452**** болса, 452 деп аламыз).
3) 80 - ге көбейтеміз.
4) 1 - ді қосамыз.
5) 250 - ге көбейтеміз.
6) Нөмірдің соңғы 4 цифрын қосамыз.
7) Соңғы 4 цифрды тағы да қосамыз.
8) 250 - ді азайтамыз.
9) 2 - ге бөлеміз.
10) Жайлааааап, таңғала бастаймыз)))
Сұрақтар
1. Төрт шахматшы бір - бірімен бір - ақ партиядан ойнап, турнир өткізіпті. Сонда барлығы неше партия ойнаған?(6)
2. Қазір өзім 32, балам 7 жаста. Сонда балам менен неше жылдан кейін екі есе кіші болады? (18)
3. Суыққа ең төзімді қандай құстар, олар неше градус аязға шыдайды?(қаз бен үйрек)
4. Қандай тропикалық ағаш күн тәулігіне 1 метрге дейін өсіп отырады? (бамбук)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы,
Б. Онтаев атындағы жалпы орта мектебі
математика - информатика мұғалімі
Джаманбаева Мейрамкүл Тұрсынбайқыз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 564
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал – мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Халық ауыз әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті
Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған.
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Алтынай Өміртайқызы
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Акмарал
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×