Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы

22 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
ХХІ ғасыр көшбасшысы

САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың білімін саралау, пәндерге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” озып шығып, “XXI ғасыр көшбасшысы” атағын алатын оқушыны анықтау.
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.

І бөлім. Бәйге. Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 15 сұрақ беріледі
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын алдарындағы жауаптарды көтеру арқылы
4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
5. “Бәйге” айналымда аз ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шығады

Сұрақтар:
1. Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні не деп атаймыз?
А) түбір в) санның стандарт түрі с) дәреже
2. V=SH қандай фигураның көлемінің формуласы?
А) куб в) призма с) төртбұрыш
3. «Алгебра» қандай сөзден шыққан?
а) Алжебр в) алмера с) Алгебр
4. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
А) ұзындығы мен енін қосамыз в) ұзындығы мен енін көбейтеміз С) ұзындығы мен енін бөлеміз
5. Натурал сандар жиыны қандай әріппен белгіленеді?
А) Z в) N С) R
6. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы
А) процессор в) Дисплей С) пернетақта
7. Процессор дегеніміз не?
А) бұл компьютердің ішкі жады
в) компьютердің ең басты бөлігі С) баспа құрылғысы
8. Принтердің неше түрі бар?
А) 4 в) 2 с) 3
9. Вирустың кері әсерін жоятын программа?
А) принтер в) антивирус с) вирус жойғыш
10. “Компьютердің атасы” деп кімді атаған?
А) Ч. Беббидж в) Паскаль с) Бейсик
11. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?
А) Кеплер в) Ньютон с) Ампер
12. Ток күшінің өлшем бірлігі?
А) Ампер в) Джуль с) Ом
13. Дисперсия құбылысы дегеніміз не?
А) Найзағайдың көріну в) Жарықтың спектрге бөлінуі
с) тоқтың ажырауы
14. Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы
а) қату в) ұшу с) балқу
15. Күшті өлшейтін құрылғы
а) Вольтметр в) динамометр с) барометр

ІІ бөлім. Дода. Шарты:
1. Бұл сайыста 4 ойыншыға мына экрандағы
тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Ойыншылар кезегімен тақырыпты таңдайды.
3. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
5. 12 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы аз 1 ойыншы ойыннан шығады.

Алгебра:
1. Негіздері бірдей дәрежелерді көбейтуді қалай орындаймыз?
2. Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын не деп атаймыз?
3. Негізгі тригонометриялық тепе - теңдікді айт?
4. 0 – ден үлкен сандар
5. y=x3формуласының графигі қандай?

Геометрия:
1. берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан жазықтықтың барлық нүктелерінен тұратын фигураны не деп айтады?
2. Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген 10, 15, 7 оның периметрін тап?
3. барлық бұрыштары да тік болатын параллелограмм.
4. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?
5. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі?

Физика:
1. Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? Сәуле шығарумен
2. Бір уақытта потенциалдық және кинетикалық энергияға ие болатын дене? Ұшқан самолет
3. Теріс зарядты бөлшектерді не деп атайды? Электрон
4. Магниттік қасиетін ұзақ сақтайтын денелер: магниттер
5. Электр тогының айналасында магнит өрісінің бар екендігін тапқан ғалым? Эрстед

Логика:
1. 3 ағайындының ішінде Марат Асхаттан ұзын. Асхат Дәуреннен ұзын. Кімнің бойы ұзын.
2. Үстелде үш стакан сүт бар. Алмас бір стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар?
3. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар?
4. Сағат 22: 00 – де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе?
5. Қасқыр мен түлкі тегін балыққа тап болды. Қасқыр айтты « Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл» дейді түлкіге. Сонда түлкі: саған біреу, маған екеу, саған екеу маған үшеу, саған екеу маған төртеу. Қасқыр неше балық алды?

Информатика:
1. Ақпараттың өлшем бірлігі
2. Белгілі біратпен жазылған мәліметтер жиыны
3. Сурет салуға арналған программа
4. Дүниежүзілік компьютерлік желі
5. Компакт дискіні оқитын құрылғы

ІІІ бөлім. Полиглот. Шарты:
1. Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 ұяшықты таңдау ұсынылады.
2. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай бөлінген.
Сұрақтар:
1. Сырт - сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі.
Өзі тілсіз сөйлейді,
Жансыз оның жүрегі Сағат - часы - watch
2. Қолың тисе, жоқ тыныш
Жарқылдаған қос қылыш Қайшы - ножницы - scissors
3. Аспанда бір ана бар
Маңы толған балалар Ай, жұлдыз - луна, звезды - moon. star
4. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама Кітап - книга - book
1 980
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кішкентай білгірлер зияткерлік сайысы
Кішкентай білгірлер зияткерлік сайысы
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділіктерін арттыру. Пәндерге қатысты сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым – қатынасты дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылықтарын ояту.
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
[right]Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Құмсай ауылы, Құмсай бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аймухамбетова Ләззат Сәндібековна
XXI  ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі Төкенова Жайнагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×