Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару

19 мам 2017, Жұма
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару.
«Өзін - өзі тану» пәнімен интеграцияланған геометрия пәнінің сабақ жоспары
7 сынып
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Шыншылдық, әдептілік, кішіпейілділік
Сабақтың мақсаты: Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу арқылы адамның ақыл - ойына, рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Перпендикуляр түзулер мен оның қасиеттері, нүктенің түзуге дейінгі қашықтығы туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың бойында зеректік, шыншылдық, логикалық ой қорытындылау икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабырлылыққа, кішіпейілділікке, жауапкершілікке, әдепті, шыншыл бола білуге тәрбиелеу.
Ресурстар:
(материалдар, көздері)

Сабақтың барысы
Сыртқы интеграция
Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың 5 «Т» ережесін атап өту және оқушылармен қайталау.
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық

Тыныштық сәті.
1. Жағымды көңіл күйге бөлеу (3 мин)
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте шұғылдана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын…
Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Қатар отырған екі оқушы өзара тексереді (жұптық жұмыс)
№1092 есеп
Шешуі:
∠EDC=120°- 90°=30°
∠ADE=90°- 30°=60;
Жауабы: ∠EDC=30°, ∠ADE=60°
№1097 - есеп
Шешуі:
∠COF=∠KOF -∠KOC=90°- 50°=40°
∠FOB=∠COB -∠COF=90°- 40°=50°
Жауабы: ∠COF=40°
∠FOB =50°

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Бұлақбаева Гүлсім Кенжебайқызы
Толық нұсқасын жүктеу
3 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шеңбер мен дөңгелектің қасиеттері
Шеңбер мен дөңгелектің қасиеттері
Егер шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусынан кіші болса, онда түзу мен шеңбердің ортақ екі нүктесі бар болады.
Айқас түзулардің арақашықтығы
Айқас түзулардің арақашықтығы
Кеңістіктегі екі нүкте, нүкте мен түзу, нүкте мен жазықтық, екі айқас түзулер арасындағы қашықтықты, параллель түзу мен жазықтық, параллель түзулер, параллель жазықтықтар арасындағы арақашықтықты анықтай алу.
Қиылысқан түзулер. Перпендикуляр және көлбеу
Қиылысқан түзулер. Перпендикуляр және көлбеу
Қиылысқан түзулер туралы түсінік беру; перпендикуляр және көлбеу теоремасымен танысу, оны дәлелдей білуге үйрету; Сызбаларын сала білуге, теоремаларды есептер шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру;
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Айтасова Зауреш Сәлімқызы
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр және көлбеу
Перпендикуляр және көлбеу
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы С. Шапағатов елді мекені, №1 мектеп - лицейі математика пәні мұғалімі Шахимова Тұрдаш Жорғынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×