Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау

17 қыркүйек 2017, Жексенбі
Категориясы: Математика
Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы,“Математика” Математика 6 сынып, төрінші басылым. Т. А. Алдамұратова, Т. С. Байшоланов, Е. С. Байшоланов Алматы «Атамұра» 2015 ж.
Жалпы мақсаттар: Білім берудің жаңа тәсілдері мен АКТ - ны пайдаланып оқытуды қолдана отырып өткен тақырыпты қайталау, түсіну, кез - келген проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай есеп шығару дағдыларын зерделеу; тапсырмалар арқылы ойын қорыта алу.
Оқыту нәтижесі: Ойы толығады; өзіндік ойын ортақ пікірге қосып айта біледі; әрекетті сыни ойлауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді. оқушылардың дүниетанымы кеңейеді ой ұшқырлығы дамиды.
Негізгі идеялар: Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды анықтап, өмірде қолдану.
Тапсырмалар: 1. Ой шақыру: Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.
2. Анықтама құрастыру, айту, толықтыру.
Міндеттері: 1. Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалау.
2. Балалардың сөйлеу мәдениетін, өзіндік ой ұшқырлығын дамытуды қалыптастыру.
3. Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру.
4. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.
Бағалау: Бірін - бірі бағалау, 2 жұлдыз, бір ұсыныс.
Кейінгі тапсырмалар: Оқулықпен жұмыс. №
Кері байланыс: Рефлексия «БҮҮ»
1. Ұйымдастыру. Өткен материалдарды сұрап, қосымша сұрақтар беріп, жауаптарын толықтырып қорытамын.
2. Ой шақыру. Натурал сандар, Натурал сандардың бөлінгіштігі туралы не білетіндерін сұрау, жауаптарын толықтыру.
Натурал сандар Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1, 2, 3, 4 және т. б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады.
Өсу ретімен жазылған 1, 2, 3, 4, 5,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды.
1 саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен сан болмайды.
Әрбір натурал саннан кейін алдыңғысынан бір санға артық тағы бір натурал сан келеді.
Нөл натурал сан емес
Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады.
Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады.
0, 2, 4, 6, 8 цифрлары жұп цифрлар деп аталады.
1, 3, 5, 6, 7, 9 цифрлары тақ цифрлар деп аталады.
Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтар оңнан солға қарай бірлік, ондық, жүздік және т. с. с. оқылады
Санның жазылуындағы алғашқы үш разряд бір топқа біріктіріліп, бірліктер класы деп аталады. Бұл класс бірліктер, ондықтар, жүздіктерден тұрады.
Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класын құрайды. Оған мың, он мың, жүз мыңдардың бірліктері кіреді.
Кестеде көрсетілгендей, мыңдықтар класынан кейін миллиондар класы, одан кейін миллиардтар класы және т. б. жалғаса береді.
Сабақты пысықтап, қорыту: оқушыларға оқулықтағы есептерді бөліп беріп, мағынасын ашқызып, есеп шығартамын. Сәйкестендіру тесттерін құрастырту, жауаптарын тапқызып, бір - біріне бағалату. Жалпылама сұрақтар беріп, жауаптарын толықтырып, қорытамын.
Үйге тапсырма беріп, оқушыларды бағалаймын.

Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау жүктеу
4 542
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Математика 6 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Математика 6 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 6 сынып / 204 сағат /
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері, квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру ұғымдарын дамыту;
Математика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлар (6 сынып)
Математика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлар (6 сынып)
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан күнделікті сабақ жоспары
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану
Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды сұрап жауаптарын толықтыру.
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Білім берудің жаңа тәсілдері мен АКТ - ны пайдаланып оқытуды қолдана отырып өткен тақырыпты қайталау, түсіну, кез - келген проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай есеп шығару дағдыларын зерделеу; тапсырмалар арқылы ойын қорыта
Математика пәнінен ОЖСБ-ға дайындық жоспары
Математика пәнінен ОЖСБ-ға дайындық жоспары
Тараз қаласы, №51 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нұрсейтова Айнаш Қанафинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×