Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі айнымалысы бар теңсіздіктер

25 қыркүйек 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Жұмыстың тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңсіздіктер
Бағыты: жаратылыстану – математика бағыты
Пәні: Алгебра
Сыныбы: 9
Сабақ негізделген оқу мақсаты /мақсаттары/ Оқушыларға екі айнымалысы бар теңсіздіктер және олардың шешімдері туралы мәліметтер беру, екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешуді үйрету;

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: екі айнымалысы бар теңсіздік түрін ажырата алады, біледі
Оқушылардың басым бөлігі: екі айнымалысы бар теңсіздіктерді алгоритимді пайдалана отырып шеше алады
Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолдана алады. Өз бетімен ізденеді. Идея туындата алады.
Жетістік критерийлері Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

Басы
Білу 5 минут
Ұйымдастыру сәті
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Геометриялық фигура бойынша топтардың мінезін анықтау:
І. «Бинго» әдісі арқылы алдыңғы білімді тексеру
1. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз не?
2. Қатаң теңсіздіктер қалай белгіленеді?
3. Қатаң емес теңсіздіктер қалай белгіленеді? ≤;≥
4. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімдерін қалай табамыз?
5. Мәндес теңсіздіктер деп қандай теңсіздіктерді айтамыз?
Дискрептор
1. Жауабын дұрыс таба алады

Негізгі бөлім
Түсіну 5 минут
Топпен жұмыс
IІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі «Ақпаратпен бөлісу»
Анықтама: Екі айнымалыдан тұратын теңсіздікті екі айнымалысы бар теңсіздік деп атайды.
Мысалы, 3х+7у>9; - 2у+5х≤0; х²- 6у≥0 екі айнымалысы бар теңсіздіктер болып табылады.
Екі айнымалысы бар теңсіздікті шешу берілген теңсіздікті дұрыс сандық теңсіздікке айналдыратын сандар жұбының жиынын табу немесе берілген теңсіздіктің шешімі жоқ екенін дәлелдеу болып табылады.
Екі айнымалысы бар теңсіздікті шешу үшін мына алгоритмді қолданамыз:
1﴿ теңсіздікке сәйкес теңдеудің немесе функцияның түрін анықтаймыз
2﴿ ол теңдеудің немесе функцияның графигін координаталар жазықтығына салып, жазықтықты бөліктерге бөлеміз;
3﴿ жазықтықтың қай бөлігі теңсіздіктің шешімі болатынын анықтаймыз. Ол үшін жазықтықтың бір бөлігінен кез келген нүкте алып, оның координатасын берілген теңсіздікке қойып, дұрыстығын тексереміз;
Постер қорғау. ( Жаңа сабақ бойынша алған білімдерін көрсетеді)
1 топ. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер мен екі айнымалысы бар теңсіздіктердің ұқсастығы мен айырмашылығы
2 топ. Екі айнымалысы бар теңдеу мен теңсіздіктің қандай ұқсастығы бар? Айырмашылығы неде?
Дискрептор
1. Анықтамаларды біледі
2. Талдау жасай алады
3. Өз жауаптарын негіздейді

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы
№ 9 Жалпы білім беретін орта мектеп математика пәнінің мұғалімі
Көшімова Гүлсім Ғарифуллақызы

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүктеу
15 535
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу
Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу
Екі айнымалысы бар теңсіздікті шешу берілген теңсіздікті дұрыс сандық теңсіздікке айналдыратын сандар жұбының жиынын табу немесе берілген теңсіздіктің шешімі жоқ екенін дәлелдеу болып табылады.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережесімен таныстыру және есептер шығаруда қолдана отырып, сан аралығымен жаза білу.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қарынсалды ауылы, Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі: Қауатаева Самал Жомартқызы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу тақырыбына есептер шығару
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу тақырыбына есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы М - С. Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Габдуллина Гүлнар Сакенқызы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×