Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқиғаның пайда болу ықтималдығы

01 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Математика 7 сынып
Бөлім: Ықтималдықтар теориясының элементтері
Тақырып: Оқиғаның пайда болу ықтималдығы
Сабақ түрі: Ойын – сабақ «Білім шыңын бағындыру»
Сабақ формасы: Бірінші сабақ – “ Экспедицияға дайындық”,
Екінші сабақ – “Шыңды бағындыру”.
Осы сабақ бойынша жетуге тиісті оқыту мақсаты СОТ7. 1 Қандай нәтижелер тең мүмкіндікті, қолайлы, қарама - қарсы болатынын түсінеді;
СОТ7. 4 Элементар оқиғаларды элементар емес оқиғалардан ажырата алады.
Сабақ мақсаты: Оқушылар:
кездейсоқ нәтижелермен тәжірибе ұғымын біледі; кездейсоқ оқиғалар; элементар және элементар емес оқиғаларды ажырата алады; оқиғаға қолайлы нәтижелер; қарама - қарсы оқиғалар; тәжірибенің тең мүмкіндікті нәтижелері; оқиғаның ықтималдығы; оқиға ықтималдығының классикалық және статистикалық анықтамасын біледі; оқиғалардың болу ықтималдығын анықтау және болжау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады
Тілдік мақсат: Оқушылар:
Қабылданған шешімдерді негіздеп және ықтималдықтарды салыстырып оқиғалардың салыстырмалы ықтималдығына ауызша болжау жасайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Оқиға мүмкін емес, аз ықтималдығы бар/ақиқатқа ұқсас емес, мүмкін, мүмкіндіктері тең, ықтималды/мүмкін, анықталған/нақты, ықтималдық, мүмкіндік.
Диалогқа қажет сөз – тіркестері:
Мен x анықталған болып табылады деп ойлаймын, себебі бұл ғылыми дәлелденген факт.
Мен x мүмкін емес деп санаймын, себебі маған у белгілі.
хықтималды/мүмкіндікті болып табылады, себебі бізге y белгілі.
Y болатынына мүмкіндіктер тең, себебі 2 нұсқа ғана бар.
50/50.
Мен Y - қа қарағанда X барынша ықтималды деп санаймын, себебі….
Мен xбарынша/кемінше ықтималды оқиға деп санаймын, себебі….
Менің пікірімше Xболуы/болмауы мүмкін/мүмкін емес.

Жетістік критерийі: оқиғаны мынандай категориялар бойынша сұрыптайды нәтижелері тең мүмкіндікті, қолайлы, қарама - қарсы
нәтижелері тең мүмкіндікті, қолайлы, қарама - қарсы болатын оқиғаларға мысалдар келтіреді
элементар оқиғаларды және элементар емес оқиғаларды анықтай алады
Сабақта қолданылатын әдістер: Диалогтық, төменгі және жоғарғы деңгейлі сұрақтар,, топтық, жеке жұмыс
Кіріктірілген модульдер: сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер(диалог), АКТ.
Пәнаралық байланыс: Статистика, ағылшын тілі, дене шынықтыру пәндері
Алдыңғы меңгерілген білім: Кездейсоқ тәжірибе және кездейсоқтық туралы түсінік.

1 - сабақ
Басы
2 - мин
Сәлемдесу.
Экспедицияға шығар алдында толық дайындық болуы керек, сондықтан оқушы - альпинистердің «Білім шыңын бағындыруға» дайындығын тексеру.

Топқа бөлу (қосымша - 1)
Оқушының іс - әрекеті
Оқу құралдарын даярлау.
1. Рюкзакта: негізгі терминдердің атауларын және ұғымдарын тұжырымдайтын карточкалар;
Сұрақтар: кездейсоқ оқиғалар, түсініктеме беру, мүмкін нәтижелер, мысалдар келтіру.
Мозайканы құрастыру, сабақ соңында мозайкадағы нәрсені шыңнан табу.

1. Метеомәлімет:
«Ашық» ауа – райы туралы мәлімет алдық, күн ашық екен онда экспедицияға шығуға болады. Әр топқа екеуден тапсырма беріледі сол тапсырмалардың жауаптары арқылы интербелсенді тақтадағы бұлттарды ығыстырып, қолайлы ауа - райын орнатады.
Тапсырмалары:
№1. Теңдеу құрып, шешімін тап:
1. А айлағынан меншікті жылдамдығы 12км/сағ болатын қайық өзен ағысымен жүзіп шықты. 1сағ өткен соң сол айлақтан меншікті жылдамдығы 18км/сағ болатын катер өзенге қарсы жүзіп шықты. Қайықтың шыққан уақытынан 3 сағ өткен соң, олардың арақашықтығы 75км болды. Өзеннің жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 3км/сағ.

2. Бірдей уақытта А айлағынан сал және оған қарама - қарсы В айлағынан өзенге қарсы моторлы қайық шығып, 2 сағ өткен соң кездесті. А және В айлақтарының арақашықтығы 16км болса, моторлы қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 8км/сағ.

3. Катердің 2 сағат көлде және 3 сағат өзенге қарсы жүзген жолы өзен ағысымен 3сағ 24 мин жүзген жолына тең. Өзен ағысының жылдамдығы 3км/сағ екені белгілі болса, катердің меншікті жылдамдығын табыңыз.
4. Елді мекеннен станцияға дейінгі 12км жолды велосипедші алдымен 30 мин тас жолмен, сонан соң 40 мин асфальтты жолмен жүрді. Асфальтты жолмен жүргендегі жылдамдығы тас жолмен жүрген жылдамдығынан 4км/сағ артық болса, асфальтты жолмен жүрген жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 12км/сағ

№2 Суреттегі фигуралардың аудандарын тап: (қосымша – 2)

Мұғалім: Шамеденова Лайла Хусайновна

Оқиғаның пайда болу ықтималдығы жүктеу
2 694
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ықтималдықтарды қосу, көбейту теоремасы
Ықтималдықтарды қосу, көбейту теоремасы
Оқушыларға ықтималдықтарды қосу, көбейту теоремасының көмегімен теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешу туралы теориялық түсінік пен тиімді ойлау тәсілдерін үйрете отырып, практикалық есептерді шығару үрдісінде шығармашылық ойдың үзіліссіз жұмыс
Алгебра 8 сынып үйде оқыту
Алгебра 8 сынып үйде оқыту
5 - 6 сыныптардағы математика курсын және 7 - сынып алгебра курсын қайталау
Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдылық
Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдылық
Үйлесімсіз оқиға, тәуелсіз оқиға, тәуелді оқиға, шартты ықтималдық, оқиғалар қосындысы, оқиғалардың көбейтіндісі ұғымдарымен, сонымен қатар ықтималдықтардың қосу және көбейту теоремаларымен таныстыру, оларды қолданып есептер шығарту.
Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар
Атом құрамы мен құрылысы. Изотоптар
1 - сабақ: Атом құрамы мен құрылысы 2 - сабақ: Изотоптар
Қысқы мерзімді жоспарлар
Қысқы мерзімді жоспарлар
Қысқы мерзімді жоспарлар (бастауыш сынып)
Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика
Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика
Қызылорда облысы, Арал қаласы №64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Тасмамбетова Зауре Қуанбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×