Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту.

23 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Математика
5 сынып
Сабақ тақырыбы: Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту.
Сабақтың түрі: 1 - сағат Жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақ мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 1. 2. 19 натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау;
Сабақ мақсаттары: Аралас сандарды ажырата алады;
Аралас санды бұрыс бөлшекке және керісінше, бұрыс бөлшекті аралас санға келтіреді;
Натурал саннан жай бөлшекті азайтады
Бағалау критерийлері: Білім алушылар:
Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата алады;
Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырады;
Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады;
Натурал санға аралас санды қосуды біледі;
Натурал саннан аралас санды азайтуды біледі.
Тілдік мақсаттар Білім алушы:
1/3 және 5/7 дұрыс бөлшек, ал 7/5; 4/3; 4/4; 9/9 бұрыс бөлшек екендігін ажырата алады, бұыс бөлшекті аралас санға, аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдыруда ережелерді қолдана алады және ауызша айтады
Пәнге тән лексика мен терминология:
Бөлшек, жай бөлшек, алымы, бөлімі, бұрыс бөлшек, дұрыс бөлшек, бөлшектің бүтін бөлігі, аралас сан, ортақ бөлім, қосу, азайту
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Дұрыс бөлшек дегеніміз....
Бұрыс бөлшек дегеніміз....
Аралас сан дегеніміз -...
Бұл есептегі.... аралас сан, себебі,...
... аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру үшін....
... бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру үшін....
... натурал саннан дұрыс бөлшекті азайту үшін...
... натурал саннан аралас санды азайту үшін....
Құндылықтарды дарыту

Бір - бірінің ойларын бағалау, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластық, командада жұмыс. Құндылықтарды дарыту жұптық жіне топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстар Информатика, физика (мәтінді есептерді шығарғанда)
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтаны қолдану
Осыған дейін меңгерілген білім
Жай бөлшектер мен аралас сандар туралы түсініктері; «дұрыс бөлшек» және «бұрыс бөлшек» ұғымдарын білу; натурал сандарды көбейту және бөлу дағдылары; бөлшектерді қысқарта алу; бөлшекті ортақ бөлімге келтіру; аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде және керісінше жазу; натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазу.

Сабақтың басы 5 минут
Білім алушылармен амандасу, түгелдеу. Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал білім алушылар өз есептерін сол жауаптармен сәйкестендіреді(өзін - өзі бағалайды)
Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.
Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Сүзгі» әдісін қолданамын
Интербелсенді тақтада дұрыс және бұрыс бөлшектер беріледі. «Сүзгіден» дұрыс бөлшектер өтеді

Жаңа білім.
Білім алушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтаймын. Жыл мезгілдері арқылы топқа бөлемін
«Уақыт шеңбері». Топтарға сүзгіден өтпей қалған бұрыс бөлшектер мен аралас сандар беріледі. Әр топқа әр түсті қалам беремін. Топ мүшелері ережені айта отырып, бұрыс бөлшекті аралас санға, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады.
Алымы мен бөлімі бірдей болатын бұрыс бөлшек бірге тең болатынын тұжырымдайды. Топтар бір - бірлерін бағалайды
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Білім алушыларға 3x2 өлшемді тіктөртбұрышты бірдей алты бөлікке бөлуді және оның бір бөлігін бояуды ұсынамын. Неше бөлігі боялмай қалғанын анықтайды. Жұптасу арқылы боялған бөлік пен боялмаған бөліктерді қосу және азайту амалын орындайды. 1 санынан боялған бөлік пен боялмаған бөліктерді азайту мен қосуды орындайды Орындалған тапсырманы ортаға салып қосу амалында алымы мен бөлімі бірдей болатын бұрыс бөлшек шығатындығын және оның бірге тең болатынын тұжырымдайды.
«Бірге дейін толықтыр».

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Омарбаева К. О.

Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту. жүктеу
Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту слайдын жүктеу
11 535
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу ережелерінің анықтамасын білу;
Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту
Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту
Аралас сандарды ажырата алады; Аралас санды бұрыс бөлшекке және керісінше, бұрыс бөлшекті аралас санға келтіреді;
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Серік Рабиға Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×