Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Озық ойлы тапқырлар сайысы

26 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Озық ойлы тапқырлар» сайысы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру
2. Топтың «Алтын ережесін» құру.
3. Сыни ойлауға үйрету
4. Өткенді қайталау
5. «Математикалық эстафета» ойыны (оқулықпен жұмыс)
6. Сергіту сәті
7. «Бір минут» әдісі
8. Теңдеу (оқулықпен жұмыс)
9. «Кім жылдам?» ойыны

Шаттық шеңбері: Топқа бөлу кездейсоқ таңдау түрі
Математикалық сабақ болғандықтан геометриялық фигура ретінде үшбұрышты жазылған тілектер арқылы топқа бөлінеді. (Түстерде жазылған тілектер беріледі).
Оқушылар бір - бірден таңдап алады. Сол тілекті 2 - 3 оқушыға тілей отырып, қағаздарын ауыстырады. Соңынан күлгін және жасыл түстер болып топқа бөлінеді. Жаңа құрылған топтар өздеріне ат қойып жазып дайындайды.
1. Таныстыру бөлімі:
1-топ «Алғырлар»
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
2-топ «Тапқырлар»
Ұраны: Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады.
2. Топтың «Алтын ережесін» құру.
Топқа бөліне отырып, топ ережесін құрайды.
Сабақтың ережесі:
1. Тыныштық сақтау
2. Бірін – бірі тыңдау
3. Өз ойын ашық айту
4. Уақытты үнемдеу
5. Мадақтау
3. Сыни ойлауға үйрету
- Үйге берілген №5 есептің қалай орындалғанын тексеру, кездескен қиындықты анықтау.
4. Өткенді қайталау
Жұмбақ:
Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ. (Бор)
Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн. (Кiтап)
- математикалық диктант алу. Өрнек құрастырады, дәптерде орындайды. Жұмбақ шеше отырып, (осы тапсырмаларды дұрыс орындадық тобымыз белсенді қатысты деп ойласақ алдарыңда көпбұрышты қағазда жазылған жұмбақты шешейік және шешуі болатын затты тауып алдымызға орналастырамыз.
1 - топ:
- 23 пен 57 сандарының қосындысын 3есеге арттыр.
(80 - 60): 2=
726 + 96 = 822
658 + 174 = 832
2 - топ:
(23+57)∙3=
- 80 мен 60сандырының айырмасын 2 есе кеміт.
743 + 172 =
378 + 441 =
5. «Математикалық эстафета» ойыны (оқулықпен жұмыс)
Есепті шығармас бұрын топ келесі үшбұрышты қағазға жазылған жұмбақты шешіп келесі қадамды жасауларына болады.
Жұмбақ: Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп. (Тақта)
Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)
№5 есепті жеңіл есеп болғандықтан олардың есептеу шапшаңдығы мен логикасын дамыту мақсатында жарыс түрінде өткізу көзделеді.
6. Сергіту сәті
Қызықты тапсырмалар.
1 - топ: Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (Балықтар ұшпайды)
2 - топ: Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2 - уі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды.
7. «Бір минут» әдісі
Жұмбақ:
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. (Қоңырау)
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (кітап)
Периметрді табудың әр түрлі тәсілдерін қолданып шығару.

8. Теңдеу (оқулықпен жұмыс)
420: х = 60 810: у = 90
Х: 5 = 70 у: 8 = 40
9. «Кім жылдам?» ойыны
Ойын шарты: Шаршыдан 2 ұшбұрыш 2 төртбұрыш шығатындай екі түзу сызық сыз.
Қорытынды.
Бағалау.
Рефлексия. «Бағдаршам» стратегиясы бойынша.

Озық ойлы тапқырлар сайысы. жүктеу
2 307
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика еліне саяхат
Математика еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Математика – еліне саяхат
Математика – еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Өткенді пысықтау
Өткенді пысықтау
Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қайрғали Айжан Зинетоллақызы
Төрттен бір бөлік (ширек)
Төрттен бір бөлік (ширек)
Сабақ мақсаты: 1. Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтап, төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын меңгерту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×