Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көбейту және бөлу 379х60; 22740: 60

01 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу 379х60; 22740: 60
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілін қалыптастыру, есептің әр түрін шығару дағдыларын жетілдіру. Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдерімен таныстыру, сәйкес қалдықты табуды пысықтау.
ІІ. Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.
ІІІ. Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат - сабақ
Сабақ типі: жаңа білім меңгеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Проблемалық, көрнекілік, сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, талдау - жинақтау.
Көрнекіліктері: Керуеннің суреті, сандық, қазан, қоқыс шелегі, кілт, сандар, цифрлар. Слайдтар, қосымша тапсырма жазылған үлестірме қағаздар
Формасы: ұжымдық, топтық, жеке.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабағымызды бастамас бұрын
Психологиялық тренинг
Сыйлап сәлем береміз,
Үлкендерді көргенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Үлкендер айтып өкпесін.
Ізетті деп білеміз,
Сондықтан да сіздерге,
Үйге қонақ келгенде
Иіліп сәлем береміз

Балалар, қазір бізде қандай сабақ болады?
Математика сабағымыздың ұраны қандай еді?
Ұранымыз:
Мақсатымыз – білім алу.
Міндетіміз еңбектену.
- Ендеше сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі отыр.
Келгенше қонақ ұялады,
Келгеннен соң үй иесі ұялады - демекші біз ұятқа қалмауға тырысайық.
Балалар, автотұрақтан қалаға қандай көлікпен барамыз? (автобуспен, машинамен)
- Ал ертеде адамдар немен жүрген екен? (атпен, түйемен)
- Ертеде ата - бабаларымыз керуенмен, бір ауылдан бір ауылға керуен түйемен жол жүріп қонақ кәде сұраған екен. Бүгін біз сабағымызда ауылдарға барып саяхат жасаймыз.
Бүгін сабақты топпен жүргіземіз, сондықтан сары түсті дөңгелектер бір топ, көк түсті шаршылар бір топ болып отырсын.
Әр топ есім таңдап алады. 1. «Керуен», 2. «Автобус»
Көліктердің жүргізушісі кім болады сол топ басшысы болады
Слайд 1 * «Жедел ойлау» стратегиясы
- Өткен сабақта не өтілді? (нөлмен аяқталатын санға көбейту және бөлу)
Сұрақ: Нөлмен аяқталатын сандарға қалай көбейтіп, қалай бөледі екенбіз?

Тегістік орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Қабылдинова Үміт Қабылжапарқызы

Көбейту және бөлу 379х60; 22740: 60. жүктеу
3 029
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы.
Оқушыны тік төртбұрыштың (шаршының) периметі мен ауданын табу бойынша пысықтау.
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері туралы түсінік алады, олардың компоненттерінің жазылуына назар аударады, көбейтуді теңдеудің белгісіз компоненттерін біледі және оларды таба білуге үйренеді.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгіт ауылы, Төлеңгіт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×