Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Трапецияның орта сызығы

24 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Математика
Қысқа мерзімді жоспар
Геометрия 8 сынып
Тақырып: Трапецияның орта сызығы
Мақсаты:
1. Трапецияның орта сызығы тақырыбын игерте отырып, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, зерттеушілік әңгіме негізінде ой - өрістерін, ойлау қабілетін дамыту, өзін - өзі бақылау арқылы өздеріне деген шынайы түсінік негіздерін жүйелету, «мұғалім - оқушы», «оқушы - оқушы» сұхбаты арқылы тақырып бойынша түсінікті дамыту және мағынасын ашу
2. АКТ ақпаратын пайдалану және бағалау арқылы білім деңгейлерін саралаумен қатар өзіндік тиімділігін жоғарылата отырып, пәнге қызығушылығын арттыру
3. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, өзара әлеуметтік қарым - қатынастың орнауына ықпал ету, адамгершілікке, бір - бірін құрметтеуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда тақырыпқа байланысты негіз қалыптасады, өзін - өзі және бірін - бірі бағалауы арқылы өз ісін ретке келтіреді, алынған нәтижелеріне сыни көзқарасы, мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік пен сенім қалыптасады, сабақ процесіндегі оқушыларының өзара сөйлесуіне, пікір алмасуына жасалған жағдайлар оларды еркін және ерікті түрде ойлауға жетелейді.

Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Карусель» тренингін ойнату
Күннің жадын жазу.

Қызығушылықты ояту
Өткен тақырыпқа шолу жасау мақсатында математикалық диктант жаздыру.
Топқа бөлу «айсберг» ойыны арқылы жүзеге асады.
Жаңа тақырыпты ашу үшін ребус ұсыну, тақтаға сабақ тақырыбын жазу.

Мағынаны тану
Жаңа сабақ «ДЖИГСО» әдісімен меңгеріліп, қосымша мұғалімнің түсіндірмесі беріледі, «зерттеушілік әңгіме» түріндегі талқылау.
Оқулық бойынша есеп шығарту. Әр топқа оқулықтан есептер бөліп беру, кейбір оқушыларға (үлгерімі төмен және үлгерімі өте жоғары) жекелей тапсырмалар беру.
Әр топқа төрт есеп және фигура бөліктері беріледі, жауап негізінде фигураны құрап, жаңа топқа бөлінеді
«Сен – маған, мен - саған» әдісі бойынша бір – біріне есептер ұсыну.

Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы

Трапецияның орта сызығы. жүктеу
2 169
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Трапеция
Трапеция
Жеті модульді кіріктіре отырып, «Трапеция» түсінігін қалыптастыру, алған білімдерін практикада қолдануды үйрету.
Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығы туралы теорема
Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығы туралы теорема
Үшбұрыштың орта сызығы деп оның екі қабырғасының орталарын қосатын кесіндіні атайды.
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Т. Рысқұлов өмірі жайлы 2 - сыныпта оқығанды еске түсіре отырып, Ш. Мұртазаның Интернат қоймасы әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету.
Квадрат функцияның анықтамасы және функциялары
Квадрат функцияның анықтамасы және функциялары
Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы
Трапеция
Трапеция
ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы,М.Әуезов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қали Орынтай Төкенқызы
Қисықсызықты трапецияның ауданы
Қисықсызықты трапецияның ауданы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі Кобиланов Рэнат Жаксылыкович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×