Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санның бөлігін табу

07 қаңтар 2018, Жексенбі
Категориясы: Математика
Математика 5 класс
Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін табу тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Санның бөлігін табу» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруіне ықпал ету;
Дамытушылық: Ойын элементтері арқылы оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; «санның бөлігін табу» тақырыбы бойынша біліктіліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу; болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ
Оқытудың әдістері: Сұрақ - жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.
Пәнаралық байланыс: Экология және дүниетану, қазақ тілі, информатика, геометрия
Сабақтың көрнекілігі: 1. Слайд - презентация 2. Гүл, жапырақ қималары
3. Семантикалық карта 4. Жетондар «жапырақтар», т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 - мин).
а) сәлемдесу;
ә) класс оқушыларының сабаққа қатысымын тексеру;
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
в) класс бөлмесінің дайындығын тексеру;
г) назар аудару: Балалар, біз бүгінгі сабақта табиғатқа серуен жасаймыз. Табиғатқа серуендеудің бір шарты бар. Ол - көңіл күйлеріңнің жақсы болуы. Ол үшін біз психологиялық тренинг жүргіземіз.
д) Психологиялық «Көтеріңкі көңіл күй» атты тренинг. әр оқушы парталас жолдасына жапырақтарға, гүлге жақсы тілектер жазып, бір - біріне ұсынады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту (математикалық диктант алу)

IV. Оқулықпен жұмыс.
Орманның ішінде қоқыстар, қалдықтар жатыр екен. Табиғатты, орманды ластайтын кімдер? Жауап: адамдар.
Дұрыс, осы қателікті түзеу үшін біз не істеуіміз керек? Жауап: ормандағы қоқысты жинастырайық.
Дұрыс, ол үшін әрбір қоқысқа жазылған тапсырмаларды орындайық.
Оқулықтан №785, №787,
№788, №789 есептерді орындау.

Келесі, баратын бағытымыз – Қорық. Қорық дегеніміз не?
Жауап: Қорық дегеніміз - табиғатты, өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін қамқорлыққа алынған аумақ. Міне, қорыққа да келіп жеттік. Бұл қорықтың аты қандай екен, соны табайық.

V. Семантикалық карта.
Ол үшін мына семантикалық картадағы тапсырманы орындау қажет. Семантикалық картаның жолдарындағы есепті шығару керек. Есептің шешуін баған аттарынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілеу керек.

Жауабы: ҮСТІРТ қорығы.
Үстірт қорығы туралы мәліметпен танысайық.
Орналасқан жері – Маңғыстау облысы, Құрылған мерзімі – 1984 ж. Жер көлемі: 223, 28 мың гектар.

VI. Тізбекті жалғастыр.
Үстірт қорығындағы жануарлардың қайсы жойылып кеткен түр санатына жатады және халықаралық деңгейде қорғауға алынған?
1. Қабылан 2. Қара құйрық
3. Қарақал 4. Үстірт арқары. Жауабы: қабылан
Мына блок - схема бойынша есептеу жүргізіп, шыққан нәтижеге сәйкес дұрыс жауапты табуға болады.

Келесі баратын бағытымыз – «Жасыл ел» ұйымы. «Жасыл ел» ұйымы туралы не білесіндер? Естігендерін, теледидардан көргендерін бар ма?
Ондағы жастар немен айналысады -?
Жауабы: 2005 - 2007 жылдары Елбасының бастамасымен «Жасыл ел» жастардан құралған еңбек жасақтары құрылды. Ұйымның жастары орман шаруашылығын дамытуға, елді мекендерді көгалдандыруға, ағаш отырғызу жұмыстарына үлестерін қосады.
«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа ағаш отырғызып жатыр екен. Олар көктем басталғаннан бері қанша ағаш отырғызғанын білгілерің келе ме?
4 464
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру, санның бөлігін табу ережесін үйрету.
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер. Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.
Жай бөлшектерді бөлу
Жай бөлшектерді бөлу
Ойын элементтері арқылы оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, ондық бөлшектерге амалдары бойынша біліктерін дамыту. Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге табиғатты сүюге баулу болашақ табиғат жанашыры болатын рухани жан
Процент. Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу
Процент. Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу
Сабақтың мақсаты: Бірінші сан екінші санның процентін таба білу дағдыларын бекіту; Міндеттері: • Білімділік – тақырып бойынша септер шығарту арқылы оқушылардың білімдерін, дағдыларын пысықтау;
Ондық бөлшектер (қорытынды сабақ)
Ондық бөлшектер (қорытынды сабақ)
ШҚО Бесқарағай ауданы, Семеновка орта мектебінің математика пәні мұғалімі Нұрсолтанова Гүлниса Қадырбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×