Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таңғажайып алгебра факультативтік курс бағдарламасы

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Математика
«Таңғажайып алгебра» факультативтік курс бағдарламасы
Түсінік хат
Қазіргі ақпараттандыру дәуірінде математиканың негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден – бір негізгі элементі болып табылады.
Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеалды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаменталды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастарды қамтитын пән болып келуінің шарттарынан шығады.
Бұл бағдарлама мектептегі 7 сынып алгебра курсының бағдарламасына қосымша ретінде жасалды. Алгебра курсының мазмұны мынандай тарауларға қарасты. Олар: есептеулер, санау жүйелері, нақты сандар, алгебра, геометрия, анализ.
Курстың мақсаты:
• қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің өмірі мен қызметіне қажет, сыбайлас мәндерді меңгерту, білімді әрі қарай дамыту үшін математикалық білім беру мен біліктілігін алуға жүйелі жағдай жасау;
• оқушының жан - жақты тұлға ретінде өркендеуі: логикалық ойлау қабілеті мен ой өрістің дәлдігі, кеңістіктегі елестеуі, алгоритмдік мәдениеті, интуиция, сынау және өзін сынау;
• ғылыми және техникалық әмбебап тілі, үрдісі мен құбылыстарды модельдеу тәсілі ретінде математиканың идеясы мен әдістерін қалыптастыру;
• алгебра тәсілдері арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, атақты математиктердің еңбектерімен танысу, қоғамдық прогресс үшін математиканың алатын орнын білу
Курстың міндеттері:
• білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізіп, оқушының дара ерекшеліктерін саралап дамыта оқытуды жүзеге асыру;
• оқушыларға сандардың бөлінгіштігін пайдалана отырып, ауызша есептеуді үйрету;
• айналадағы геометриялық фигураларға өлшеулер жүргізе білу;
• сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру, ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру, шығармашылық потенциалын қалыптастыру арқылы жалпы мәдениеттілік қызығушылығын дамыту.
Пәнаралық кіріктіру:
Алгебра, геометрия, сызу, тарих, физика, информатика, биология, ауыл шаруашылығы, экология.
Тақырып жоспарының мазмұны.
Жалпы бағдарлама 34 сағатқа бөлінген. Аптасына 1 сағат

Оқу курсының тақырыптық мазмұны
1. Жай сандар (6 сағ)
Жай сандар жиынның шексіздігі Эратосфен елегі. Бөлінгіштік белгілері.
Жай Диофант теңдеулері.

ІІ. Рационал сандар (18 сағ)
Шапшаң есептеу тәсілдері (ауызша санау). 1 - ге, 5 - ке аяқталатын сандардың көбейтуі, 200 - ден асқан сандардың көбейтуі. 100 - ге, 1000 - ға жақындаған сандардың көбейтуі. Бүтін сандарды қосу. Бүтін сандарды азайту. Көп таңбалы сандарды көбейту Процент және пропорция құруға арналған есептер. Қозғалысқа арналған есептер. Бірігіп жұмыс істеуге арналған есептер. Кері есептер құрастыру әдісі. Бөлінгіштікке арналған есептер.

ІІІ. Санау жүйелері (10 сағ)
Позициялық және позициялық емес санау жүйелері.
Екілік және сегіздік санау жүйелері
Сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санау жүйесінде натурал сандарға қолданылатын амалдар. Екілік санау жүйесін ЭЕМ – де қолдану.

Таңғажайып алгебра факультативтік курс бағдарламасы. жүктеу
2 287
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар (алгебра және геометрия 9 сынып)
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар (алгебра және геометрия 9 сынып)
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып Геометрия 9 сынып
Тест тапсырмалары 7 сыныбы алгебра
Тест тапсырмалары 7 сыныбы алгебра
Тест тапсырмалары 7 сыныбы алгебра 1-нұсқа 1. Көбейтіндіні дәреже түрінде жазыңдар, дәреженің негізі мен көрсеткішін анықтаңдар. 1,8*1,8*1,8*1,8*1,8*1,8;
Алгебра тест "Алғашқы функция" (11 сынып)
Алгебра тест "Алғашқы функция" (11 сынып)
Алгебра тест "Алғашқы функция" (11 сынып) Тақырыбы: «Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл»
Факультатив жоспары
Факультатив жоспары
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №19 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Жаратылыстану-математика бағытынан күнтізбелік жоспар
Жаратылыстану-математика бағытынан күнтізбелік жоспар
10-сынып Алгебра және анализ бастамалары. Жаратылыстану-математика бағытынан күнтізбелік жоспар Аптасына 3 сағат Геометрия Аптасына 2 сағат
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×