Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпмүшелерге амалдар қолдану

28 қаңтар 2018, Жексенбі
Категориясы: Математика
Online сабақ – 7 сынып математика
«Математика ойды да, сөзді де жүйеге келтіріп қоймайды, шешендікке де, тиянақтылыққа да, сөзділікке де үйретеді» (Халық даналығы).

Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүше
Көпмүше деп бірмүшелердің қосындысын айтамыз
2a ²- 3b ³; 7b ³- 4a - 2, 5.

Көпмүшенің стандарт түрі
Кез келген көпмүшені стандарт түрде жазуға болады. Ол үшін:

Көпмүшенің әрбір мүшесін стандарт түрде жазу керек;
Ұқсас мүшелерді біріктіру керек.
2a•4b - 5abac+9bc•3c = 8ab - 5a ²bc +27bc ²

Көпмүшені бірмүшеге көбейту
Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосады
(a+2b+c)(3ab)=a•3ab+2b•3ab+c•3ab=3a2b+6ab ²+3abc

Көпмүшелердің алгебралық қосындысы

Көпмүшелердің алгебралық қосындысын стандарт түрдегі көпмүше ретінде жазу үшін жақшаларды ашып, ұқсас мүшелерді біріктіру керек.
(2n ²- m)-(n ²- m ²+3q ²)=2n ²- m ²- n ²+m ²- 3q ²=n ²- 3q ²

Көпмүшені көпмүшеге көбейту
Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу қажет.

(2a - 4b+3c)(5b - c)=10ab - 2ac - 20b ²+4bc+15bc - 3c ²= 10ab - 2ac - 20b ²+19bc - 3c ²

№41 ЖББОМ математика пәні мұғалімі
Нәжмәдин Мәдина Ержанқызы

Көпмүшелерге амалдар қолдану. слайдты жүктеу
2 358
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі
Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі
Кіріспе Жалпы білім саласында болып жатқан өзгерістер мен қабылданып жатқан заңдар, оқыту мен оқуға өзгеріс енгізілуі жайында біршама хабарым бар еді.
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Сабақ тақырыбы: Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Оқушылар көпмүшелерді қосады және азайтады. Көпмүшелерді стандарт түрге келтіре алады. Көпмүше дәрежесін анықтайды Көпмүшелерді қосады және азайтады. Көпмүшелерді стандарт түрге келтіре алады. Көпмүшені бірмүшеге көбейтеді.
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу жайлы түсінік алады, оны шығаруда пайдаланып көбейткіштерге жіктеуді үйренеді.
Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау
Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау
Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әмірбекова Гаухар Мақсұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×