Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рационал сандарды азайту

03 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Класс: 6

Сабақтың тақырыбы: 3.3. Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.
Сабақтың мақсаты: Рационал сандарды азайту ережесін беріп, рационал сандарды азайту біліктілігін қалыптастыру.
Міндеттер: 1. Рационал сандарды азайту ережесін білу;
2. Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім алу қызығушылығын ояту. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушылардың танымын кеңістікке шығару.
3. Математикалық тілде сауатты сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: кеспе қағаздар,плакаттар, слайдтар, АКТ, саралап оқыту, білім алушылар білімін бағалауға арналған өзін-өзі бағалау парағы.
Пайдаланылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру,баяндау, ойландыру, сұрақ-жауап, иллюстративтік, сөздік, жартылай ізденушілік.
Сабақ өткізу формалары: топтық, жеке , жұптық, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі тексеру, деңгейлік оқыту.
Пәнаралық байланыс: психология, тарих, информатика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Қызығушылық ояту сәті.
Қазір қызы 8 жаста, анасы 38 жаста. Неше жылдан кейін анасының жасы қызының жасынан 3 есе артық болады?
Жауабы: 7 жылдан кейін.
Білім алушылар жақсы баға алу үшін бір-бірімен сайысқа түсіп, жарыса отырып сабаққа қатысулары тиіс. Алған ұпайларын өзін-өзі бағалау парақшаларына қойып отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтадан дұрыс жауабы бойынша әр жұп бірін-бірі тексереді.
№480
1)17+(-50) = -33
2)36+(-60) =-24
3)41+(-73) = -32
4)58+(-31) = 27
5)130+(-203) = -73
6)210+(-76) =134
7)300+(-39) =261
№487
3) -у=42,74-56,3
-у= -13,56
у=13,56
Жауабы: 13,56.
№490
1)3,9а-2,81в-5,1а+4,9в=-1,2а+1,09в

ІІІ.Жаңа сабақ.
Азайту екі қосылғыштың қосындысы және қосылғыштардың біреуі бойынша екінші қосылғышты (белгісіз) табу амалы.
в+х=а, х- белгісіз қосылғыш.
х=а-в немесе х=а+(-в) қарама-қарсы сандар

Рационал сандарды азайтуды азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосып, азайтуды қосу амалымен есептеуге болады екен.Рационал сандарды азайту амалы азайғыш азайтқыштан кіші (кем) болғанда да орындалады.
Мысалдар:
1) 4-9=4+(-9) =-5 немесе 4-9 =-5
2) 8-(-5) =8+5=13
3) -9-(-12) =-9+12=3

Бір саннан екінші санды азайту үшін , азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек.
а-в=а+(-в)
Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары әртүрлі болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады.
1-кесте.
Азайғыш ---------Азайтқыш------------------------ -Жазылуы -------------------Айырма
6--------------------- -2 -------------------------------6-(-2) =6+2=8 --------------------- 8
-7--------------------- +3------------------------- -7-(+3) =-7-3=-10----------------- -10
1,8-------------------2,7--------------------1,8-(-2,7) =1,8+2,7=4,5 --------------------4,5
Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары бірдей болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.
2-кесте.
Азайғыш ---------------Азайтқыш -----------------------Жазылуы ------------------------Айырма
-9-------------------------- -3-------------------------------- -9-(-3) =-9+3=-6-------------------- -6
-2-------------------------- -5-------------------------------- -2-(-5) =-2+5=3-----------------------3

Азайту амалының ерекше жағдайлары:
а-а=0
0-а=-а
а-0=а
Мысалы:
-5-(-5) =-5+5=0
0-2,7=-2,7
-4,1-0=-4,1
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.
Мысал:Координаталық түзудегі шеткі нүктелері А(-4) және В(3) болатын АВ кесіндісінің ұзындығын (бірлік есінді есебімен) табайық.
Координаталық түзудегі АВ кесіндісінің ұзындығын табу үшін:
1) А(-4) және В(3) нүктелерін координаталық түзуде белгілеу керек.
2) А(-4) және В(3) нүктелерінің арасында неше бірлік кесінді бар екенін табу керек.
3) АВ=3-(-4) =3+4=7. АВ=7 (бірлік кесінді)
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.
IV. Ауызша есептер шығару. №492
№493
V. Деңгей бойынша есептер шығару.
1 деңгей
№494. Айырманы табыңдар:
1)-2-10=-12
-14-20=-34
2)-7,6-9=-16,6
-8,5-2,3=-10,8
3)-2,3-0,7=-3
-3,2-1,8=-5

№495.Азайтуды орындаңдар:
1)-20- (-16) =-20+16=-4
-36- (-17) =-36+17=-19
-4,6- (-25) =-4,6+25=20,4

2)-5,7-(-1,3) =-5,7+1,3=-4,2
-7,5- (-2,1) =-7,5+2,1=-5,4
-8,9- (-3,7) =-8,9+3,7=-5,2

3)-6- (-8,1) =-6+8,1=2,1
-5- (-6,7) =-5+6,7=1,7
-8- (-9,5) =-8+9,5=1,5
2 деңгей
№504. Есептеңдер:
1)1,37-4,9=-3,53
2)3,8-5,35 =-1,55
3 деңгей
№514.Жақшаларды ашып , өрнекті ықшамдаңдар:
1)а+(-в)-(-2а) =а-в+2а=3а-в; 3)-а-(-в)-4а=-а+в-4а=в-5а;
2)-а-(+а)+2в-(-в) =-а-а+2в+в= -2а+3в;

VI. Флипчарт бойынша құрылған тест тапсырмасын орындау:
1) Есептеңдер: -5,2 - (-7,3) - 6,7=
А) -4,6
В)19,2
С) -19,2
2) Есептеңдер: 14,8 - 1,78 - 18,1=
А) – 5,08
В) 5,08
С) -3,8
3) Есептеңдер: 5 - (-13) - 24,16=
А) – 6,16
В) 20,16
С) 6,16
4) Есептеңдер: -3,4 – ( +8,19 ) - 4,5=
А) -22,25
В) 22,25
С) 0,29
5) Есептеңдер: -8,6+1,78+4,23=
А) -2,59
В) 14,61
С) 2,59
6) Есептеңдер: 5,8+4,13 - (-8,17)=
А) 18,1
В) -18,1
С) 1,76
7) Есептеңдер: -12 - (-7,3) - 4,9=
А) – 9,6
В) 5,6
С) 9,6
8) Есептеңдер: 15,8 - (+ 14,3) - 3,19=
А) – 1,68
В) 1,9
С)1,69
9) Есептеңдер: -3,4-(-3,4)
А) 0
В) 1
С) 2
10) Өрнектің мәнін табыңдар: -15,01 — х — у, егер х = 7,3; у = -2,97
А) -19,34;
В) -25,28;
С) 10,68;
11) Өрнекті ықшамдаңдар және мәнін табыңдар: -6,38+у — 19,5 — х — 6,3 егер х=-3,19, у=-0,68
А) -29,67;
В) -36,05;
С) 36,05;
12) Ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын табыңдар: -4,3; -8,5; -17,18; -9,014; -7,38.
А) 12,88;
В) -12,88;
С) -4,714;
13) Теңдеуді шешіңдер: |х|+4=15.
А) -11; 11;
В) -11;
С) 11;
14) Теңдеуді шешіңдер: |a|-2=11
А) -13, 13;
В) -13;
С) 13
15) Теңдеуді шешіңдер: 2|y|=20
А) -10; 10;
В) 10;
С) -10.

VII. Кеспе қағаз бойынша жұмыс.
1) Өрнектің мәнін табыңдар: |-27| - |15| + |0| - |-4|.
A) 8;
B) -8;
C) 46;
D) 38.
2) Дұрыс теңсіздікті көрсетіңіз:
А) -4>-1;
B) -5>0;
C) -7<-5;
D) 4<-8.
3) Есептеңдер: -5,2-(-7,3)-6,7=
А) -4,6
В) 19,2
С) -19,2
4) - (-(-(-74))) неге тең?
А) 74;
В)- 74.
5) Өрнектің мәнін табыңдар: а - b + 2,13, если а = - 4,2; b = -1,89.
A) -3,96;
B) -0,18;
C) 3,96;
D) -8,22.
1-а, 2-с, 3-а, 4-а, 5-в
VIII. Сабақты қорытындылау.
1.Рационал сандар қалай азайтылады?
2.Таңбалары әртүрлі сандарды азайту қалай орындалады?
3.Таңбалары бірдей сандарды азайту қалай орындалады?
4.Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табады?

X. Үйге тапсырма:
1 деңгей №498, 2 деңгей №508, 3 деңгей №514/4/
XI.Бағалау.
26 374
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Математика 6 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Математика 6 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 6 сынып / 204 сағат /
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту ережелерін түсіндіру, оны есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу дағдысын қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету.
Рационал сандарды көбейту
Рационал сандарды көбейту
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новенький орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Сатаева Таттигул. Аблайовна
Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы
Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 В. В. Маяковский атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Өтеубаева Жанар Абдибаевна
Рационал бөлшектерді қосу және азайту
Рационал бөлшектерді қосу және азайту
Ақтөбе облысы, №6 Хромтау гимназиясының математика пәні мұғалімі Мукашева Г. О.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×