Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туындыны есептеу ережелері

05 ақпан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Туындыны есептеу ережелері
Білімнің маңызын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «Өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. «Білімді азамат ел ертеңі», «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін - білім» деген нақыл сөздер тектен текке айтылмаса керек. Ендеше, біз де осы мақсатпен өз білімдерімізді,, күштерімізді осы сабақта көрсетеді деген үміттемін. Сіздерге сәт - сапар тілеп, сабағымызды бастайық.
Сабақтың тақырыбы: Туындыны есептеу ережелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың туындыларды есептеу ережелері, күрделі, тригонометриялық функциялардың туындысын, туындының физикалық, геометриялық мағынасы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ізденімпаздылыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу, дағдысын қалыптастыру;
Сабақтың көрнекілігі: қолданатын техникалық құралдар: мультимедия кешені, интерактивті тақта, слайдтар, үлестірілмелі қағаздар, тесттер.
Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту, өзара оқыту, жұппен жұмыс, оқыта үйрету

Сабақтың өтілу барысы:
 1. “Үй тапсырмасын тексеру” (функцияның туындысының қатесін табыңыздар)
 2. “Нысана” (қайталау – білім анасы)
 3. “Формуланы білесің бе?” “дифференциалдау ережелерінің формулалары)
 4. “Мен түсіндім” (деңгейлік тапсырмалар)
 5. “Қолдану” (формулаларды қолданып, тор көздердегі тапсырмаларды орындаңыздар)
 6. “Ойлап, тап” (тест сұрақтары)
 7. “Зеректер” (қандай да бір функцияны формулалармен бер)
 8. Қорытынды
 9. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен, қонақтармен, ұстаздармен амандасу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, ұялы телефондарын сөндірулерін сұрау.
Біреудің жүрегінің түгі бар,
Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.
Бәрінен де басты – барлығының,
Қатты істейтін миы бар.

Сабақтың барысы:
1-кезең “Үй тапсырмасын тексеру” (функцияның туындысының қатесін табыңыздар)
№233 Функцияның туындысын табыңдар (Қатесін тап)
2-кезең “Нысана” (қайталау – білім анасы)

1. айырымы не деп аталады? ( функция өсімшесі)
2. Функцияның өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасының аргумент өсімшесі нөлге
ұмтылғандағы шегі бар болса, онда ол функциясының нүктесіндегі несі деп
аталады? (туынды)
3. Функцияның туындысын табу қалай аталады? (дифференциалдау)
4. нүктесінде туындысы бар функция осы нүктеде қандай функция деп аталады? (дифференциалданатын)
5. Функцияның туындысын флюксия деп атаған кім? (Исаак Ньютон)
6. Туындының геометриялық мағынасы деген не? (функцияның графигіне жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициенті)
7. Айнымалы шамалардың өсімшелерін белгілеу үшін гректің әрпін қолданған кім? (Леонард Эйлер)
8. Жылдамдықтың уақыт бойынша алынған туындысы қалай аталады? (үдеу)

«Көкше» академиясы құрамындағы колледжінің
математика пәнінің оқытушысы
Нурсеитова Райхан Зайнулкабиденовна

Туындыны есептеу ережелері. жүктеу
4 010
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дифференциалдауға есептер шығару.
Дифференциалдауға есептер шығару.
Оқушылардың туынды, туындыны есептеу ережелері, күрделі және тригонометриялық функциялардың туындысы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Туындыны есептеу ережелері
Туындыны есептеу ережелері
Туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру. Туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекіту.
Туындыны табу ережелері
Туындыны табу ережелері
Туындыны табудың ережелері және дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын өздеріне қорытып шығарту; Оларды есеп шығаруда қолдануды үйретіп, туынды ұғымы бойынша білімдерін кеңейту
Функцияның туындысы тақырыбына есептер шығару
Функцияның туындысы тақырыбына есептер шығару
Туынды тақырыбы туралы алған білімдерін, туындыны есептеу формулаларын, туындының физикалық және геометриялық мағынасы, жанаманың теңдеуін еске түсіру, есеп шығару барысында нақтылау
Туындыны табу ережелері
Туындыны табу ережелері
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам орта мектебінің математика пәні мұғалімі Иманғазиева Клара
Туындыны есептеу ережелері
Туындыны есептеу ережелері
Туынды жайлы меңгерген білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру Оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктерін дамыту, алған білімдерін практикада пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×