Білімділер поралы

Cызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7. 2А Функция. Функцияның графигі.
Сабақтың тақырыбы: Cызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты оқып білу
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7. 4. 1. 8 сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуын зерттей алады.

Бағалау критерийі: Оқушы:
Білу және түсіну: k мен b - ға байланысты сызықтық функциялардың графиктері қалай орналасатынын біледі (параллель, қиылысады, қиылыспайды)
Жоғары деңгейдегі дағдылар Координаталық жазықтықта екі түзудің салыстырмалық орналасуын зерттейді.
Тілдік мақсаттар
Тілдік оқыту мақсаттары:
Оқушылар:
 сызықтық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;
 сызықтық функциялардың коэффициенттердің арасындағы тәуелділікке және олардың графиктерінің өзара орналасуының ерекшеліктеріне түсінік береді;
Пәндік лексика және терминология:
– функция графигі;
– сызықтық функция;
– сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті;
– түзулер параллель;
– түзулер қиылысады
– түзулер қиылыспайды.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
– функцияның графигі... (координаталар басы нүктесі және т. б) арқылы өтеді;
– функциялар графиктерінің қиылысу нүктесі(лері);
– график абсциссалар осьін... нүктесінде қияды;
– график ординаталар осьін... нүктесінде қияды;
Құндылықтарды дарыту:
Оқуға ептілігін, өз бетінше ақпаратты жинау дағдыларын арттыру, жағдайды талдау және жаңа ситуацияға бейімделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, өз және топтың жұмысының сапасына жауапты болу, өз уақытын тиімді ұйымдастыру, сабақтарда көпмәдениеттілікті және басқалардың пікірін сыйлау білу.
Құндылықтарды дарыту сабақта барлық жоспарлаған іс - әрекеттердің кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар:
АКТ қолдану дағдылары АКТ тиімді қолдану үшін оқуға қажет пайдаланушылардың дағдылары. «GeoGebra», «Математический конструктор» немесе «Рисование графиков онлайн» бағдарламалық жасақтамаларды қолдану.
Бастапқы білім: Шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу; тура және кері пропорционалдық ұғымдарын білу; тура пропорционалдық тәуелділіктің графигін сала алу. Айнымалылары бар өрнектерді түрлендірулерді орындай алу. Формулалармен жұмыс істей алу.

Сабақтың басы 3 мин
Сабақтың басында мұғалім ерекше көңіл аударады:
- оқушылардың зейін қоюына
- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды
- оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтайды
- деңгейлер бойынша (А, В және С) өзіндік және үй жұмысын орындау
- сабақтың аяғындағы күтілетін нәтижелер

Сабақтың ортасы 35 мин
Сабақта оқушылар білетін ұғымдар қолданылады және жаңа ұғымдар енгізіледі. Сондықтан материалмен танысу барысында сөздікке жаңа терминдер енгізіледі.
Әртүрлі іс - әрекеттер жасау барысында оқушылар бағалау парағын толтырады. Сабақтың соңында қорытынды жасалады және мұғалімнің журналында белгіленеді.

I. Ой қозғау – 4 мин.
Бұл кезеңде оқушыларда өмір бойы білім алуға бейімделу және сабақтарда көпмәдениеттілікті және басқалардың пікірін сыйлау білу құндылықтар дамиды.
Презентация бойынша ауызша жұмыс:
1) Функциялардың қайсылары сызықтық болатынын анықтаңыз:

Алматы облысы, Көксу ауданы,
Жапсарбаев атындағы орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Абдрахманов Т. М.

Cызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 119
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 119
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика