Білімділер поралы

Математика әлеміне саяхат

Сыныптан тыс іс - шара: «Математика әлеміне саяхат»
Мақсаты:
1. Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу.
2. Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой - өрісін кеңейту. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, ұжымдыққа, ептілікке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, нақыл сөздер, сандар, танграм суреттері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Мұғалім:
- Қайырлы күн қымбатты қонақтар, ойынға қатысушылар! Сіздерді бүгін көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. «Математика - еліне саяхат» ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді -
Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,
сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап, оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
(оқушыларды топқа бөлу, топ аттарын анықтау)
- Бүгінгі ойынға қатысушы топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
«Ондықтар» тобы,«Бірліктер» тобы,
«Жүздіктер» тобы
- Ал, топ мүшелері дайынсыңдар ма?
- Ойынды бастайық!!!
1 - топ «Бірліктер»
Ұраны: «Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады»
2 - топ «Ондықтар»
Ұраны: «Оқы да біл
Ойна да күл»
3 - топ:
«Жүздіктер» тобы
«Білегіңе сенбе, біліміңе сен».
Мұғалім:
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Сынға түсіп көріңдер.
Бүгінгі ойынымыз 5 айналымнан тұрады. Әрбір айналымның ұпай сандары есептеледі. Олай болса алдымен бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысайық:
1 «Ойлан, тап»
2 «Есепке кім жүйрік?»
3 «Блиц – турнир»
4 Жұмбақтар
5 «Кім жылдам?»
6 Логикалық тапсырма

Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
І. «Ойлан, тап» Математикалық жұмбақ есептер беріледі.
«Бірліктер» тобы
Көлден ұшқан 15 қаз
Қайтып қонды 9 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне, кім тез табады? (6)

Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма
Біреуін бер Маратқа
Сонда қалмақ неше алма (4)
«Ондықтар» тобы
1. Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қоян, бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (8)

2. Үшеуі қызыл, үшеуі ақ
Оң қолымда неше алма?
Төртеуі қызыл, төртеуі ақ
Сол қолымда неше алма? (6 және 8)
«Жүздіктер» тобы
1. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (17)

2. Аулада 3 үйрек,
Қорада 1 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (2)

ІІ. Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек - деп,
«Есепке кім жүйрік?»сайысында берілген
есептерді шығару керек. Үш топқа үш бетке жазылған есептер беріледі. Әр топтан
5оқушы кезек шығып есептерді шығарады.
«Есепке кім жүйрік?»
1. 80 - 29 □51 ------ 15+37□ 52 ------ 14+45 □ 59 ------ 66+5 3□119 -------- 19+43=62
2. 62+28 □ 90 ------ 41 - 19□ 22 ------ 38 - 19 □ 19 ------ 2 7+7 3□ 100 ------ 57 - 34=23
3. 28+37=65 -------- 46+14=60 -------- 55+28=83 --------- 51+29=80 ---------- 62+38=100

Шығыс Қазақстан облысы,
Курчатов қаласы,
Бастауыш сынып мұғалімі
Лейменова Мадина Ариновна

Математика әлеміне саяхат. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 32
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 32
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика